ӨНІМНІҢ САПАСЫ МЕН БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІГІ
1. Сапаның мәні мен көрсеткіштері, бағалау әдістері және өнімді стандарттау
Өнімнің жоғары сапасы – кәсіпорын қызметінің маңызды нәтижелілік көрсеткіші.
Ол кәсіпорынның нарықта бәсекелік артықшылықтарын, оның экономикалық
қауіпсіздігін
қамтамасыз етеді. Өнім сапасын үздіксіз жоғарлату,
оның номенклатурасын жаңарту,
өнімнің ғылым сиымдылығын арттыру әлемдегі барлық жетекші фирма-лидерлер
қызметінің басты мақсаты болып табылады.
Өнімнің жоғары сапасы фирмаға бағадан тыс бәсекеде жеңіске жетуді қамтамасыз
етеді. Өнімнің сапасы мемлекеттік стандартпен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: