Ұйымдық, факторлар құрамына келесілер кіреді:
–
мамандандыру, шоғырландыру, үйлестіру деңгейі;
–
өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастыру деңгейі;
–
өндірістік бағдарламаны оңтайландыру және т.б.
Экономикалық факторлар тобына мыналар жатады:
–
бәсекеге қабілетті өнімге нарықтың сұранысы;
–
осы өнімге мемлекеттік тапсырыстар;
–
қайта құру және техникамен қайта жарақтандырудың негізінде өндірістік
қуатты ұлғайтудың инвстициялық мүмкіндіктері.
Әлеуметтік факторларға кәсіпорын жұмысшылары коллективінің кәсіби,
біліктіліктік және жалпыға бірдей білім деңгейі жатады.
Жыл басына кіріс өндірістік қуат (Қ өнд б ) пен жылдың аяғына ұйғарынды қуатты (Қ өнд а )ажыратады:
Қ өнд а = Қ өнд б + ∆Қ өнд ұт + ∆Қ өнд э + ∆Қ өнд н - Қ өнд ш , мұнда: ∆Қ өнд ұт – есепті кезеңде ұйымдық–техникалық шаралар арқылы өндірістік
қуатты арттыру; ∆Қ өнд э – есепті кезеңде экономикалық шаралар арқылы өндірістік қуатты арттыру;
∆Қ өнд н – өнім номенклатурасы өзгеру себебіненөндірістік қуаттың өзгеруі;
Қ өнд ш – жыл аралығында шығарылған өндірістік қуат.
Барлық есеп айырысудың базасы ретінде орташа жылдық өндірістік қуат (Қ