Орталықтандыру – тек қана өндірісті шоғырландыру емес,
сонымен бірге өндіріске
белгілі қызмет түрін көрсетуді ұйымдастыру мен басқару.
Құрамдастыру – байытылған шикізатты кешенді қайта өндеу мен қалдықтарды
пайдалану негізінде бір кәсіпорында әр түрлі өндірістерді қосу.
Нарықтық экономика жағдайында қарастырылған ұйымдастыру нысандарының негізінде
өндірісті
әмбебаптандыру (әртараптандыру) жүргізіледі – әр түрлі өнімдер өндірісін және
қызмет түрлерін шоғырландыру.
Әмбебаптандыру арқылы кәсіпорындар бәсекедегі артықшылықтарды иемденеді,
жылдам өзгеретін нарық жағдайында өнім номенклатурасын икемді өзгертуге мүмкіндік
алып, нарықтың тұрақты үлесін қамтиды, жаңа
өнімді шығарумен байланысты
тәуекелдікті азайтады, ҒЗТКЖ нәтижелерін пайдалану тиімділігін арттырады.
Әртараптандыру (диверсификация) негізінде өндірісті әмбебаптандырудың
төрт
нысанын ажыратады:
1) профильдік өнімнің басымдығы бар көп өнімді өндіріс (мысалы, Хюндай
компаниясы);
2) агрегаттау, яғни конструктивтік элементтерді
сәйкестендіру мен стандарттау,
негізіндегі көп өнімді өндіріс (мысалы, жол құрылысы машиналарда) –
практикада аса тиімді, себебі нарықтың өзгеруіне сай жоғары дәрежеде
икемденеді;
3) бірыңғай функционалдық тағайындауы бар көп өнімді өндіріс (Адидас
фирмасы);
4) әр түрі тағайындалған өнімдердің көп өнімді өндірісі (Убекасан жапон фирмасы
– цемент, пластмасс бұйымдарын, тыңайтқыш өндіретін).
Өндірісті
шоғырландырудың үш түрін ажыратады: территориялық, салалық және
салааралық. Шоғырландырудың әр түрі
үш нысанымен көрсетілуі мүмкін:
агрегаттық
нысаны (мыс., металлургиялық комбинаттар мен электр стансалар, мұндағы
шоғырландыру дәрежесі бас агрегаттардың қуатына шартты), өндірістік-территориялық
нысаны (бір типтік технология негізінде өнім өндірісін сатылас және деңгейлес біріктіру
нысандары), ұйымдық-шаруашылықтық нысаны (әр түрлі
кәсіпорындар кешенін
орталықтандырылған басқару бойынша концерндер).
Мамандандыру және кооперациялау
үш түрінде жүзеге асырылады:
–
өндірістің
заттай
мамандандыруы
заттай
немесе
агрегаттық
кооперациялауды қамтамасыз етеді (бас кәсіпорынға құрамдас
бұйымдарды жеткізу, мыс., электрқозғалтқыштар мен генераторларды);
–
бөлшектес кооперациялау (бөлшектер мен тораптарды жеткізу, мыс.,
подшипниктерді);
–
бөлшектес мамандандыруы бар өндіріс (мыс., подшипник өндіретін
кәсіпорындар);
–
технологиялық мамандандыру (технологиялық
процестер немесе
операциялардың белгілі сатыларын орындауды шоғырландыру).
Достарыңызбен бөлісу: