Кәсіпорынның өндірістік құрылымы дегеніміз кәсіпорынның өндірістік бөлімшелерінің құрамы мен көлемдерін, олардың өзара байланыстарының түрлерін



Pdf көрінісі
бет29/53
Дата24.12.2023
өлшемі0.53 Mb.
#487816
түріҚұрамы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   53
treatise63052

К
а
 = t
а.о. 
/ Т
ө

мұнда: t
а.о. 
– автоматтандырылған операциялардың еңбек сиымдылығы; 
Т
ө
– өнімнің сомалық еңбек сиымдылығы. 
Өндірістік процестердің үздіксіз орындалуы сенімділік принципі арқылы жүзеге 
асырылады. Сенімділік принципі келесі факторлармен шарттасылған: 
– 
қолданылатын жабдықтау мен технологиялық құрал-сайманның сапасы; 
– 
конструкторлық және технологиялық құжаттаманың сапасы; 
– 
жұмысшы біліктілігінің дәрежесі. 
Сенімділік дегеніміз жабдықтаудың дұрыс жұмыс істемеуі арқасында, ақаулы өнім 
мен тұтынушыларға наразылық ету арқасында жұмыс уақыты жоғалтуларының болмауы. 
Қазіргі жағдайда өндірісті ұйымдастырудың қажеттілігі болып икемділік принципі 
саналады. Икемділік дегеніміз өте қысқа мерзімдерде минималдық шығындармен 
жабдықтаудың бір түрінде жаңа өнімді шығаруға көшу қабілеті. Өндірісті ұйымдастыруда 
икемділік принципі кәсіпорынның өндірістік құрылымын өзгертуге және техникалық-
өндірістік базасын жаңартуға аса көп инвестиция көлемін тарту қажеттілігімен 
шарттасылған. 
Икемділіктің келесі түрлерін ажыратады: 
1. Технологиялық икемділік – өндіріс процесінің оның жеке параметрлерінің 
ауытқуларына икемдену қабілеті. 
2. Операциялық икемділік – өндіріс процесінің жаңа жеке параметрлері бар 
бұйымның жаңа модификациясын шығаруға икемдену қабілеті. 
3. Өндірістік икемділік – өндірістік процестердің өнім өндірісінің өзгерген 
шарттарына икемдену қабілеті. 
4. Интерактивтік икемділік – өндірістік жүйенің жаңа жабдықтау құрамын
технологиялық құрал-сайман мен процестердің жаңа түрлерін талап ететін мүлдем 
жаңа өнім номенклатурасын шығаруға икемдену қабілеті. 
Икемділікті бағалау критерийі түрінде жаңа өнім шығаруға қажетті уақыт кезеңі 
алынады. 
Үнемділік принципі басқаларына қарағанда жалпылама болып, өндірісті 
ұйымдастыруды жобалау барысында барлық жоғарыда аталған принциптердің жүзеге 
асырылу дәрежесімен шарттасылған. Бұл принциптің ұстанымынан ең үнемді өндіріс 
процесінің бірнеше баламалы нұсқаларынан таңдау басымды болып саналады. 
Өндіріс процесінің экономикалық тұрғыдан тиімді нұсқасын таңдау критерийі 
ретінде белгіленген өнім көлемі шартында оның технологиялық өзіндік құнының 
минималдық мөлшері алынады. Технологиялық өзіндік құн дегеніміз өндіріс процесінің 
жеке түрін жүзеге асыру шығындары. Ол айнымалы шығындар (материал шығысы, 
жалақы, арнайы құралдар мен сайманға шығыс) мен шартты түрде тұрақты шығыстардан 
(амортизация, цехтік шығындар) құрылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет