А.Валлон концепциясында эмоция ұғымы «қозғалыс»
ұғымымен тығыз
байланысты. Әлі тілі шықпаған баланың дене қозғалыстары оның психикалық өмірі
туралы мәлімет береді. Оның пікірінше, қозғалыстың түрлі формаларының ішінде біреуі
эмоциялардың көрінуіне, келесілері сыртқы ортаға бағытталған. Оның көмегімен
локоминациялар, ұстау және манипулация жүзеге асырылады.
Психика онтогенездідегі келесі бір ірі кезең - әреккеттен ойлауға ауысу кезеңі.
А.Валлон пікірінше, ол еліктеу арқылы ғана мүмкін болады. Еліктеу арқылы қоғам мен
бала психикасының байланысын көруге болады. Бала рекцияларын ересек ересек түсініп,
толықтырып, түсіндіре алуы қажет. Сондықтан да, А.Валлон адам генетикалық,
биологиялық тұрғыдан әлеуметтік тіршілік иесі деп түсіндіреді.
А.Валлон концепциясында түлға дамуының келесі сатылары көрсетіледі:
1. Ана құрсағындағы өмір сатысы, бала ана организміне толық тәуелді.
2. Моторлық импульсивтілік сатысы (туғаннан 6 айға дейін),
баланың қоректену
мен қозғалыс белсенділігіне деген қажеттілігмен сипатталады, оның негізінде қарапйым
шартты рефлекстер қалыптасады.
3. Эмоционалдық сатысы (6 айдан 1 жасқа дейін), қоршаған адамдармен, ең
алдымен анасымен қатынас қалыптастырумен сипатталады, бұл –
дамудың негізгі
стимулы.
4.
Сенсомоторлық
саты
(1-3
жас),
сыртқы
ортаға
қызығушылықпен
сипатталады.Жүру және сөйлеу арқылы баланың қарым-қатынас аясы кеңейеді.
5. Персонализм сатысы (3-5жас), үш жас дағдарысы орын алады, «Мен» сезімінің
пайда болуы, әрекеттеріндегі дербестік, көпшілік назарында болуға деген ұмтылыс.
6. Айырмалау сатысы (6-11жас), өзара
қатынастар шеңберінің кеңеюі, өзінің
статусын саналау, өзін мойындатуға ұмтылыс, ақыл- ой қабілеттерінің дамуымен
сипатталады.
7. Жыныстық жетілу және жасөспірімдік
сатысы ішкі қайшылықтар, қоршаған
адамдарға деген қарама-қайшы сезімдердің пайда болуы, өзіндік бағалаудың дамуымен
сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: