реактивті ( жауап ретіндегі ) және оперантты болуы мүмкін. Оперантты мінез-құлық
алдымен жүзеге асырылады., содан кейін ғана бекітуге ие болады. Стимулдар физикалық,
химиялық, ағзалық және әлеуметтік болуы мүмкін. Көбінесе жеке тітіркендіргіштер
орнына тұтастай комплекстер ықпал етеді.
Мінез-құлықтың жауаптық және операнттық болып
бөлінуі даму психологиясы
үшін өте мәнді. Оперантты мінез-құлық стимулдарды қалыптастырады, ал олар өз
кезектерінде жауаптық мінез-құлыққа әсер етеді. Әсерлерді үш топқа бөлуге болады: 1)
қоршаған орта 2) индивид(организм) және оның әдеттері 3) әсер етуші қоршаған ортаға
индивидтің өзгерген әсерлері.
Адамның өмір бойғы өзгерістерінің себептерін түсіндіру мақсатында С.Баер мен
Д.Бижу өзара әрекеттестік ұғымын енгізді.
Авторлардың пікірінше, индивидуалды даму келесі кезеңдерден тұрады:
Базалық кезең ( әмбебап немесе инфантильді деп те аталады) – биологиялық
қажеттіліктердің қанағаттандырылуы, жауаптық және зерттеу мінез-құлқының
басымдылығы, сөздік мінез-құлықтың туындауымен аяқталады.
Негізгі кезең – ағзалық шектеулерден біртндеп арыла бастау (ұйқы азаяды,
бұлшықет күші, икемділік көбейеді ), екінші сигналдық жүйе ретіндегі сөйлеудің пада
болуы, қарым-қатынастың биологиялық мәнді тұлғалардан бүкіл
отбасына дейін кеңеюі,
бұл кезең бірнешеге бөлінеді.
А) ерте балалық: отбасылық әлеуметтену, алғашқы өз беттіліктің көрінуі
Б) орта балалық : бастауыш мектептегі әлеуметтену, әлеуметтік, интеллектуалды
және қозғалыс іскерліктерінің дамуы
В) жасөспірімділік: гетеросексуалды әлеуметтену
3) Әлеуметтік кезең – ересек өмір, оның кезеңдері:
А) ересек жасы:
мінез-құлық тұрақтылығы,кәсіби,некелік және қоғамдық
әлеуметтену
Б) қарттық жас: әлеуметтік, интеллектуалды және моторлық мүмкіндіктердің
баяулауы және компенсациялаушы мінез-құлықтың қалыптасуы.
Осылайша, классикалық бихевиоризмде даму мәселесіне ерекше екпін жасалмады,
онда тек бекітудің болуы не болмауы негізіндегі үйрену мәселесі ғана қарастырылады.
Р.Сирс теориясы. Р.Сирс бала мен ата-ана қарым-қатынасын Фрейд идеяларының
ықпалымен зерттеді. Б.Скиннер бойынша, бекіту белгілі бір мінез-құлықтың көріну
ықтималдылығын арттыратын болса , К.Халал бойынша, бекіту ең алдымен
мотивацияның төмендеуіне соқтырады.Сирс Халл теориясына бағдарланды. Р.Сирс
пікірінше бала дамуын тәрбиелеу практикасы анықтайды,
сондықтан, ата-аналарға бұл
жайлы мағлұмат беру маңызды.
Р.Сирс дамуды үш фазаға бөледі:
1. Рудименталдық мінез-құлық фазасы, туа берілетін қажеттіліктер мен ерте
нәрестелік кезеңдегі үйретуге негізделеді, алғашқы мотивтердің дамуы – туғаннан 1,6
жасқа дейін
2.Екін ші реттік (әлеуметтендірілген) мотивациялық жүйелер фазасы, отбасы
шеңберіндегі үйренуге негізделеді – 1,6 –дан 5 жасқа дейін
3.Отбасынан тыс әлеуметтенуге ( екінші реттік әлеуметтену) негізделген екінші
реттік мотивациялық жүйелер фазасы
Әр балада
әрекеттер жиынтығы болады,даму барысында олар алмасып отырады.
Дұрыс даму кезінде рудиментарлы мінез-құлық дидактикалық әлеуметтік мінез-
құлықпен біртіндеп алмастырылады. Р.Сирс бойынша, үйретудің орталық компоненті –
тәуелділік. Диадалық қатынас баланың анасына тәуелділігін қалыптастырып, оны
бекітеді. Бала тәуелділігі, Р.Сирс бойынша, маңызды қажеттілік, оны ескермеуге
болмайды.
З.Фрейд психика үш қабаттан тұрады - саналы, санаға дейінгі және бейсаналық,
онда тұлғаның негізгі құрылымдары орналасады деп есептеді. Сонымен қатар, бейсаналық
мазмұны,
Фрейд бойынша, кез келген жағдайда дерлік санаға қол жетімді емес. Сана
алдындағы қабаттың мазмұнын адам жүзеге асыра алады, бірақ бұл одан айтарлықтай
күш-жігерді қажет етеді.
Ол сондай-ақ тұлға құрылымында үш бөлікті бөліп көрсетті: Id, Ego, Super-Ego.
Достарыңызбен бөлісу: