жеке-дара дамуында бүкіл адамзат тегі жүріп өткен, даму тарихының негізгі кезеңдерін
қысқаша қайталайды. Бұл қағида Э.Геккель ұсынған биогенетикалық заң үлгісі бойыгша
қалыптасқан. Ол заңның негізінде жеке организм даму
тарихы бұған дейінгі барлық
формалар дамуының негізгі сатыларын қысқаша қайталап отыралы деген ой жатыр.
ХХ ғасырдың басында биогенетикалық заң балалар психологиясындағы негізгі
концепциялардың бірі болды. Оны В.Штерн, Э.Клаперд және т.б.бірқатар ғалымдар
түсіндіруші принцип ретінде қолданған болатын.
Рекапитуляция концепциясының шектеулілігі және тайыздығына карамастан,
психологияға қандай да бір түбегейлі заңды нақтау қажеттілігі бағытындағы
ізденістермен мағызды болды. С.Холл түрдің тарихи дамуы мен индивидуалды даму
арасында байланыс бар екенін көрсетуге тырысты. Холл зерттеулерін А.Гезелл мен
Л.Мермен жалғастырды.
А.Гезеллдің жетілу теориясы. 165 балаға жүргізілген бақылауларының нәтижелерін
жалпылай отырып, А.Гезелл бала бастап белгілі бір уақыт аралықтарында балалар бір-
біріне ретімен алмастырып отыратын ерекше мінез-құлық формалары байқалады.
Бірақ әлеуметтік фактор маңызын ескере отырып, А.Гезелл бала дамуының түрлі
кесінділерін (3,6,9,12,18,24,36 айдан т.с.с 18 жасқа дейін)
тке сандық тұрғыдан
салыстырды. Бала дамуының жалпы заңдылықтарын қалыптастыру тырысып, А.Гезелл
жас өскен сайын даму жылдамдығының бәсеңдейтінін байқады.
Нәтижесінде А.Гезелл дамудың биологиялық моделіне бағдарланды, бірақ бұл
бағыт шеңберңнде демудың бәсеңдеуін түсіндіре алмайды. Дегенмен, балалар
психологиясына Гезеллдің қосқан үлесі зор. Ол баланың туғаннан жасөспңрңм жасқа
дейінгі психикалық дамуының диагностикалау жүйесін қалыптастырды. Зерттеу
объективтңлңгңн арттыру үшін жартылай көріндейтін шыныны қолданды (әйгілі «Гезелл
айнасы»). Психологияға лонгитюдті зерттеуді енгізді; жетілу мен үйрену арақыатынасын
талдау үшін алғашқылардың бірі болып егіздер әдісін қолданды.
Л.Терменнің нормативтік бағыты. Термен психологиядағы
ең ұзаққа созылған
лонгитюдтік зерттеудің (50 жыл) бірін жүргізді. 1921 жылы 1500 дарынды баланы іріктеп
алып, олардың дамуын егжей-тегжейлі бақылады. Зерттеу 70-жылдардың ортасына дейін
созылып, Терменнің өлімінен кейін аяқталды. Өкінішке орай, бұл жұмыс күрделі
әтижелерге әкелмеді: Л.Терминнің пікірінше, «гений» басқалармен салыстырғанда
денсаулық, жоғары ақыл-ой дарындылығы, білім алудағы жетістіктермен ерекшеленеді.
А.Гезелл және Л.Терменнің концепциялары тұқым құлаушылық факторының рөліне
негізделгенмен балалар психологясымен нормативтік пән ретінде қалыптасуына бастама
болды.
Бала дамуы зерттеуге нормативтік бағытқа классикалық американдық зерттеуді
жатқызуға болады. Бұл бағытта «рөлді қабылдау», «тұлғалық өсу», баланың жынысы, туу
ретіне байланысты зерттеулер жүргізілді. ХХ ғасырдың 40-50 жылдары балалардың
эмоциялық реакцияларын нормативтік зерттеулер басталды. 70 жылдары әр жыныстағы
балалар салыстыра зерттелді. Ж.Пиаже, Дж.Флейвелл және т.б.зетрреулерін
жартылай
нормативтік деп айқындауға болады.
ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап нормативтік зерттеулер сапалық өзгеріске
ұшырады. Осыған дейін психология балалардың мінез-құлқын сипаттауға мән берсе, енді
мінез-құлық себептерір мен салдарын зерттеуге бағдарланды.
В.Штерн теориясы. Даму – тұқымқуалаушылық па, әлде орта ма деген пікір-талас
екі фактор конвергенуиясы идеясының туындауына әкелді. Оның авторы В.Штерннің
пікірінше, псхикалық даму – туа берілетін факторлардың жетілуі ғана емес, сыртқы
әсерлерді қабылдау да емес, туа берілетін нышандардың сыртқы орта шарттарымен
конвенциясының нәтижесі. В.Штерн орта фактор ерекше мән берді, себебі туа
берілетін
қатар, Штерн баланың тұқым құалаушылығының жүзеге асуында белсенді болған сейын,
қоршаған ортаны белсенді меңшерген сайын оның тұқымқуалаушылық факторының
жүзеге асу мүмкіндігі де молырақ.
Даму үрдісі ортаға бейімделу ретінде сипатталды. Рекапитуляция концепциясының
жақтаушысы бола отырып, Штерн баланың психикалық даму кезеңдерін жануарлар әлемі
мен адамзаттық мәдениеттің даму кезеңдерін ұқсастырып қарастырды. Нәресте сүтқоректі
деігейінде, бірінші жылының екінші жартысында заттарды ұстау және еліктеу қабілетіне
байланысты маймыл деңгейде; тік жүру және сөйлеуді меңгергеннен кейін бала адамнық
қалыптың алғашқы сатыларына жетеді; алғашқы бес жыл ойын және ертегі жасында
алғашқы дәуір халықтарының деңгейінде; мектепке бару жоғары әлеуметтік міндеттерді
меңгерумен байланысты және ол Штерн бойынша мәдениетке енуіне сей келді.
Достарыңызбен бөлісу: