Өр сезім мүмкін оны ырыққа алды,
Құламай қалт-құлт етіп тұрып қалды.
Адамдар қуып жеткен, оқ шығармай,
Мылтықтың дүміменен ұрып қалды.
Пенделер, көздеріңді құйын басқыр,
Тоймасаң, тағы қырғын ұйымдастыр.
Бес бірдей құралайды қанағат қып,
Қап қойған сері екен ғой үйір қасқыр.
Болмадың қасқыр ғұрлы өр тоятты,
Басыңа ойнатар ма еді сол таяқты?!
Бұл сөзді теке бірақ айта алмады,
Серпіді, құлап түсіп, төрт аяқты.
Қырғынға куə болып құм жылады,
Аспанда Ай да жылап, қынжылады.
Қасқыр да ішін тартты бұл сұмдыққа,
Пана етіп ұйықтап жатқан бір жыраны...
Бауыржан Үсенов Бетпақдала қырғынын осылай жазды.
Ажалдың
оғы оған да тиіп, өмірден жарқ етіп, лезде өтіп кетті. Ал
өлеңдерінің өмірі, сірə, ұзақ болар.
Ал аңды, табиғатты қорғау қоғамы ақынның осы өлеңін өз мекемесінің
маңдайшасына жалаулата іліп қойса ғой... Бірақ сол қоғамның өзі алдымен
атып жүрмесін құралайды...
Ана жылдары Сарыағашқа барып жүргенде,
сондағы залдан қабырғаға
ірі жазумен ілулі тұрған «Хош, Сарыағаш, нəрлі су» деген Тұманбай ақын
өлеңін көріп едім. Естен шықпайды.
Ал табиғат, аңдарды қорғау мекемелері Бауыржан Үсенов өлеңдерін
білсе ғой, шіркін.
Бір кем дүние.
Таскекіре
Баяғы-баяғы,
соғыс жылдары, бала күнімде (егер бала күн деуге келер
болса) таскекіремен талай шайқасқанбыз.
Мектеп балаларын сабақты қойғызып, арпа-бидайдың арам шөбін
отауға айдап шығушы еді ғой. Сондағы таскекіре ғой.
Тасмия сияқты бұл
да жау...
Сол таскекіремен мына Мархабат Байғұттың əңгімесінде тағы
кездесейін. Арада алпыс жыл өткеннен кейін.
Мархабаттың таскекіресі – символ. Меңзеу.
Басқалардың əйел сүюі – лəззат. Ал Мархабаттың геройы Қалыпбек
сегізінші класты бітіре салысымен – қойшының көмекшісі. Өмірі қой
бағумен өткен. Жұрт сияқты ойнап-күліп, жастық шақтың қызығын көре
алмай, томаға тұйық күн кешкен жан.
Оған үлгі
көрсетіп, «көзін ашқан» колхоз бастық. Оның əні: «Лəді-
лүккі-Лəйлім». Төрт баласын, əп-əдемі əйелін тастап, қаланың бойдақ
қатынына үйленген «Лəді-лүккі-Лəйлім».
Ал содан көргенін істемек болған қойшы Қалыпбектің «жегені»
таскекіре – ащы, улы, кермек кекіре.
Бір кем дүние.
Достарыңызбен бөлісу: