соңдарынан жалынып жүрер екен?
Дүниеден ескінің соңғы көзі өтті-кетті.
Бір кемдүние.
Кəрі құлжа жалғыз жайылады
Мың да тоғыз жүз отыз екінші жылы туғандар...
Сол жылы тумай жатып қырылғандар...
Обалдарың Голощекин – Қу Шеке деген имансызға. Сталиннің
Қазақстанға жіберген жендеті.
Голощекиннің шын аты-жөні Шая Ицкович. Голощекин – псевдоним,
революционер болғандағы аты. Онысы да оңып тұрған жоқ. Шынында да,
Қу Шеке болды. Ашаршылықты қолдан жасай келді.
Ұраны: «Лучше пересолить, чем недосолить!».
Нəтижесінде халық қынадай қырылды.
1932 жылы туғандар өте аз. Соның бірі – мен. Менен басқа, мен
білетіндерден əйгілі Əзірбайжан Мəмбетов бар. Ақын Кəкімбек
Салықов
бар. Жазушы Нұрғожа Оразов бар. Менімен орта мектепті 1950 жылы бірге
бітірген Əбдуəлі Данаев бар.
Ірі тұлға Камал Смайылов бар еді. Ол қазір жоқ. Құдай о дүниесін
берсін.
Айтпақшы, Шыңғыс хан тұқымынан қалған тұяқ – Шота Уəлиханов
бар. Өмір-жасы ұзақ болғай!
Жиын-тойға, көпшілік бас қосқан жерге барғанда бата қылып, дұға
оқитын кəрісі мен болып қалыппын.
Бірақ көбінесе жалғыз қаласың. Жұрттың бəрі жұмыла жұмыста. Менің
жұмысым – жалғыздың жұмысы. Қаруым – қалам. Өрісім – қағаз.
Енді қанша жарық сəуле бұйырады – бір Жаратушы Құдірет біледі.
Жалғыздың жары – Құдай деген.
Бір кем дүние.
Достарыңызбен бөлісу: