Жеңешемнің жауабы



Pdf көрінісі
бет50/69
Дата26.12.2023
өлшемі0.51 Mb.
#488017
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   69
Бір кем дүние

Тесіктен алақандай...
Жаның жаннатта болғыр Мəди ақын:
Ішінде абақтының біз жатамыз,
Көңілді құмалақпен жұбатамыз.


Алыстан іздеп келген ағайынға
Тесіктен алақандай жұбатамыз,
деген екен. Құдайдың құдіреті, дəл осы хəл бес жасымда менің
басымнан өтті.
Əкем Мұртазаны, ауылдағы тағы бес-алты кісіні 1937 жылдың
желтоқсанында бір түнде тұтқындап, Борандының түрмесіне апарып қамап
тастады.
Қамалғандардың жұбайлары жиналып, Борандының абақтысына
барсын. Анам Айша мені де ілестіріп алған.
Барсақ, түрме есігінің алдында мылтығын шошайта ұстап, шошақ бас
бөрік киген, көзі іріңдеген, ұзын бойлы қарауыл тұр.
Ешкімді есік жаққа жолатпайды.
Айша маған сыбырлап:
– Анау есіктің алақандай тесігін көрдің бе? – деді.
– Көрдім.
– Ана қарауыл теріс айналып кеткенде, сол тесікке жүгіріп бар да,
«Жəке, Жəке» деп айқайла.
Қарауыл түрменің темір торлы терезелеріне кете бергенде, мен есікке
құлдыраңдап жүгіріп жетіп:
– Жəке! Жəке! – деп айқайлайын.
Іш жақтан əлдекімдер:
– Ей, Мұртаза, балаң келді, балаң келді, – деп жатты.
Жəкем тесікке келіп, тесіктен шиыршықталған бір қағазды маған ұсына
берді.
Сол сол екен, бір алып күш шапанымның желке тұсынан бүріп ұстап


алып, шиіріп тұрып лақтырып кеп жіберді.
Басым үйінді қарға кіріп кетіпті. Айша мені қардан суырып алып, үсті-
басымды қаққылады.
Жұдырығым қатты жұмылып қалған екен, алақанымды əрең ашып, əлгі
шиыршықталған қағазды анама бердім.
Былай шығып, қағазды ашып қараса, «Зингер» тігін машинасының төрт
инесі екен.
Бұл не сонда? Ненің белгісі? Содан бері де жетпіс жылдан асып кетті.
Əлі күнге дейін сол жұмбақ шешілмейді. Шығыс Сібірдің Зея деген
өзенінің жағасында қалған Мұртаза не айтпақ болды?
Бір кем дүние.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет