101
6.1-сурет.
Электр машиналарының жіктелуі
Бір əрекет ету принципіндегі
электр машиналар қосу
схемаларымен немесе машиналардың пайдаланушылық қасиеттеріне
əсер ететін басқа белгілермен ерекшеленуі мүмкін. Асинхронды
машиналар роторды орау құрылымына байланысты қысқа
тұйықталған немесе фазалық ротормен болуы мүмкін.
Синхронды
машиналар мен тұрақты тоқ коллекторлық машиналары магнитті
қозу өрісін жасау тəсіліне қарай қозу орамымен жəне тұрақты
магниттері бар машиналарға бөлінеді.
6.1
суретінде
электр
машиналарының
заманауи
электротехникада кең қолданысқа ие болған негізгі түрлері
келтірілген жіктеу ұсынылған.
Электр
машинасының жұмыс жағдайлары, оған қоршаған
ортаның əсер етуі (температура, ылғалдылық жəне т.б.) қоршаған
орта факторларынан қорғау дəрежесімен жəне жұмыс қасиеттерімен
ерекшеленетін, əр түрлі құрылымды
электр машиналарын жасау
қажеттілігін тудырады. Осыған байланысты барлық электр
машиналары жалпы жəне арнайы мақсаттағы машиналарға бөлінеді.