104
7 тарау
ҮШ ФАЗАЛЫ АСИНХРОНДЫ
ҚОЗҒАЛТҚЫШТАР
ҮШ ФАЗАЛЫ АСИНХРОНДЫ
ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Үш фазалы асинхронды қозғалтқыштар түрлі техника салаларында
кеңінен
қолданылады.
Барлық
қолданылатын
электр
қозғалтқыштарының кем дегенде 90 %
асинхронды болып
табылады. Бұндай танымалдыққа бұл қозғалтқыштар құрылыс
қарапайымдылығы мен сенімділігінің арқасында ие болды.
Автоматика құрылғыларында олар негізінен айналым жиілігін
реттеуді талап етпейтін тетіктердің жетегі үшін қолданылады.
Автоматикада негізгі түрде орындалған 4А сериялы қуаты 0,06...
0,75 кВт үш фазалы асинхронды қозғалтқыштар жəне АОЛ сериялы
қуаты 0,05.0,60 кВт қозғалтқыштары кеңінен қолданылады.
7.1. суретте жабық салқындатылатын түрде орындалған 4А сериялы
үш фазалы асинхронды қозғалтқыш құрылғысы келтірілген.
Статор корпустан 7 жəне орамы 8 бар өзекшеден 7 тұрады. Корпус
алюминийден (қуаты аз қозғалтқыштарда) немесе шойыннан (қуаты
орташа қозғалтқыштарда) құйылады.
Корпустың сырт жағында
салқындау бетінің ауданын үлкейтетін қабырғалар 13 бар. Корпуста
дестеленген құрылысы бар статор өзекшесі орналасқан. Жұқа
табақталған электротехникалық болаттан жасалған қалыпталған
беттер əдетте 0,5 мм изоляциялық лакпен жалатылады. Олар
пакетке жиналған жəне пакеттің сыртқы беті бойында арнайы
қапсырмалармен немесе бойлық пісірмелі жікпен бекітілген.
Өзекшенің бұндай құрылысы өзекшені
айналып тұрған магниттік
өрісімен қайта магниттеу барысында туындайтын құйындық
тоқтардың едəуір мөлшерде азаюына септігін тигізеді. Өзекше
фазаларында орамның қарсы бөліктерімен белгілі бір тəртіпте
біріктірілген, өзекшенің сыртында оның бүйірлерінде
болатын
статор орамының 8 саңылаулы бөліктері орналасқан.
105
Статордың ішінде қозғалтқыштың айналмалы бөлігі – ротор
орналасқан, ол қысқа тұйықталған орамды өзекшеден 5 жəне
біліктен 2 тұрады. Ротор өзекшесі де дестеленген құрылысты
болады, бірақ ротор беттері изоляциялық лакпен жалатылмайды,
себебі олардың бетіндегі оксид қабаты
құйынды тоқтарды шектеу
үшін жеткілікті изоляция болады, себебі тоқтар ротор өзекшесінің
қайта магниттелуінің төмен жиілігі үшін елеусіз болады.
Ротордың қысқа тұйықталған орамы (тиін торы) əдетте өзекшеге
балқытылған алюминий қорытпасын құю арқылы орындалады (7.2,
а сурет). Бұл ретте біліктермен қатар қысқа тұйықталған сақиналар
жəне вентиляциялық қалақшалар құйылады (7.2, б сурет).
Ротордың білігі 2 мойынтірек қалқандарында 3 жəне 9
орналасқан мойынтірек теңселісінде 1 жəне 11 айналады (7.1
сурет).
Қозғалтқышты салқындату корпустың сыртқы бетін салқындату
арқылы жүзеге асырылады. Ауа ағынын қаптамамен 12
жабылған
центрден тепкіш вентилятор 10 тудырады. Қаптаманың бүйір
жағында
ауаға
арналған
тесіктер
бар.
Асинхронды
қозғалтқыштардың қазіргі құрылыстарында вентилятор мен
қаптаманы пластинадан жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: