Ә.Ә. Сатыбалдин 1, Д. Р. Қорғасбеков



Pdf көрінісі
бет11/15
Дата26.12.2023
өлшемі0.59 Mb.
#488072
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Satybaldin

Ә.Ә. Сатыбалдин, Д.Р. Қорғасбеков, Т.А. Джунисбекова, 9-26


21
 / Экономика: стратегия и практика, № 3 (14), 2019 г.
шығындалған [39]. 
Біздің 
көзқарасымыз 
бойынша, 
жаһанданудың беретін мүмкіндіктерін ескере 
отырып, экономикалық прагматизм мен 
инклюзивті дамуға негізделетін Қазақстанның 
инновациялық стратегиясында өз ғылыми-
техникалық ресурстарымыз бен сыртқы 
(шетелдік) білім мен технология көздерін 
орынды үйлестіруге бағытталу ойға қонымды. 
Қазақстанға екі үлгіні бейімдеу қажет 
деген пікір бар: 1) ашық инновациялар үлгісі, 
2) «Үштік шиыршық» үлгісі. Шетелден 
технологияларды тарту немесе тасымалдау 
саясатының тәжірибесі де ескерусіз қалмауы 
тиіс. 
Аталған үлгілердің ерекшеліктерін ескере 
отырып, бір-бірінен мемлекеттің инновациялық 
саясатын қолданудағы және компанияның 
инновациялық мінез-құлқында қойылатын 
акценттері бойынша айырмашылығы бар 
Қазақстандағы инновациялық даму тетігінің екі 
контуры қалыптасады. 
Осылайша инновациялық дамудың жалпы 
тетігінде екі үлгіні қолдану, біздің пікірімізше, 
Қазақстан экономикасының инновациялық 
қабілеттілігін күшейтудің бұрыннан бар және 
өрістетуді қажет ететін түрлі формалары мен 
әдістерін әлдеқайда мақсаттырақ пайдалануға 
мүмкіндік береді. 
Үкімет 
Ғылыми қызметті мемлекеттік 
қолдау 
Инновациялық қызметті 
мемлекеттік қолдау 
Тікелей қаржыландыру 
Салықтық 
жеңілдіктерді 
қолданатын венчурлық 
қорларды құру 
Жеке өнерпаздарға 
және ресурс үнемдеуші 
жасалымдарға 
патенттік алымдарды 
төмендету мен шегеру 
Технополистер мен 
технопарктер желісін 
құру 
Тікелей бюджеттік 
қаржыландыру
Ғылыми жасалымдарды 
жүзеге асырудан түскен 
табысқа салықтық жеңілдіктер 
Ғылыми ұйымдарға тиесілі 
меншік пен жерлерді салықтан 
босату 
Ғылыми жасалымдарды 
жүзеге асыруға қажетті 
шетелден әкелінген кедендік 
тарифтерден босату 
Ескертпе - [40] дерек көзі негізінде автор құрастырған.
Сүрет 4 – Ғылыми және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау түрлері
Үлгілерді жетілдіруге белсенді араласудың 
мемлекеттік стратегиясын жүзеге асырудың 
барысында мемлекет ғылыми, ғылыми-
техникалық және инновациялық қызметті 
ұлттық экономиканың өсуінің басты және 
анықтаушы факторлары ретінде мойындайды. 
Бұл стратегияны таңдау мемлекеттің сыртқы 
саясатындағы және заңнамасындағы біраз 
өзгерістерді талап етеді. 
Жапонияда 
осындай 
стратегияның 
негізінде жұмыс жасайтын мемлекеттік 
басқару органдары мен тауар өндірушілер 
арасындағы тығыз байланыс байқалады. 
Мемлекет бағыттаушы функцияны ғана 
емес, сондай-ақ маңызды бағдарламалар 
мен 
жобаларды 
қаржыландыру 
мен 
ұйымдастыруда белсенді рөл атқарады. 
Белсенді араласу арқылы Жапония, Франция, 
Ә.Ә. Сатыбалдин, Д.Р. Қорғасбеков, Т.А. Джунисбекова, 9-26


22
 / Экономика: стратегия и практика, № 3 (14), 2019 г.
Нидерланды және т.б. мемлекеттер өздерінің 
инновациялық қызметтерін белсендендіре 
түсуде. Мысалы, үкімет мемлекеттік секторда 
жасалған ғылыми-техникалық жасалымды 
экономикалық 
салаға 
ұсынады 
және 
инновациялық инфрақұрылымды жасайды; 
барлық инновациялық орта қатысушыла- 
рының инновациялық белсенділігін арттыратын 
жағдай қалыптастырады; жаңа енгізілімнің 
бастапқы сұранысын қалыптастыру үшін 
мемлекеттік ресурсты бөледі. Бұл стратегияны 
жүзеге асыру барысында салықтық жеңіл-
діктер және инновациялық белсенділікті 
ынталандырудың 
басқа 
да 
құралдары 
қолданылуы мүмкін. 
Мемлекеттің инновациялық қызметке 
белсенді араласуы инновациялық қызмет пен 
ғылыми-техникалық 
қызмет 
нәтижелерін 
ұзақ мерзімді болжау қажеттігіне байланысты 
туындап отыр. Жаңа енгізілімдердің тиімділігі 
саланы, инновация түрін және енгізу уақытын 
дұрыс таңдаумен байланысты (сурет - 4). 
Осыған 
байланысты 
ғалымдар 
экономиканың инновациялық даму үрдісінің 
негізін құрайтын бірнеше үрдістерді атап өткен 
[41]:

мемлекет өзін-өзі әртүрлі ресурс-
тармен және әл-ауқатпен қамтамасыз ету 
мәселесін шешетін әдістер жиынтығын 
өзгертумен 
байланысты 
технологиялық 
жаңғырту;

технологиялық жаңғыртудың тала-
бына сәйкес қоғамның білім беру, әлеуметтік 
және кәсіби құрылымын өзгертуді қажет ететін 
әлеуметтік жаңғырту; 

технологиялық және әлеуметтік 
жаңғыртудың 
талаптарынан 
шығатын
қоғамның шаруашылық өмірін реттеудің 
экономикалық және құқықтық тетіктерін 
өзгертумен байланысты институтционалдық 
жаңғырту;

дамудың 
үздіксіз 
сипатының 
жағдайы ретіндегі қоғамдық тұрақтылықты 
қолдау мен институтционалдық жаңғыртуды 
жүзеге асыруға байланысты елде жағымды 
жағдай туғызуға бағытталған саяси жаңғырту; 

басқа 
да 
жаңғыртулардың 
талаптарына сәйкес келетін білім беру мен 
мәдени деңгейін қалыптастыратын және 
қоғамдық сананы тәрбиелеуді қамтамасыз 
ететін мінез-құлықтық және мәдени жаңғырту. 
Айтылған жаңғыртулардың барлығының 
үйлесімді және бір бағытты дамуын қамтамасыз 
еткенде ғана елдің инновациялық және 
экономикалық дамуы тұрақты және бірқалып-
ты болуы мүмкін. Керісінше, болған жағдай 
немесе 
жаңғыртулардың 
кейбіреулерінің 
үйлеспеуі басқаларының жетістіктерін жоққа 
шығаруы мүмкін, ал мемлекеттің дамуы 
тұрақсыз немесе артта қалу сипатына енуі 
мүмкін. Біздің ойымызша, инновациялық 
саясатты қалыптастырудың басты ерекшелігі 
инновацияларды көбейтуді жүзеге асыру 
тетігін қалыптастыру қажет. Оның шеңберінде 
нарықтық бәсеке, кәсіпкерлік белсенділік, 
қызығушылығы 
тұтыну 
мен 
өндіріс 
салаларындағы инновацияны игеруге сәйкес 
келуі керек, ал мемлекет нарықтық тетіктерге 
сүйенбей өз күшімен және құралдары мен 
қажетті жағдайды жасауы тиіс. 
Осылайша жүйелік көзқарас тұрғысынан 
инновациялық дамудың жаңа экономикалық 
тетіктерін және оны қамтамасыз етудің сәйкес 
құралдарын 
қалыптастыру 
тұрғысынан 
маңызды үш факторды бөліп көрсетуге болады:
1. 
Материалдық өндірістер түріндегі 
технологиялардың 
тұрақты 
жиынтығын 
құрайтын қызмет етуші ел тұрғындарының 
негізгі массасының өмір сүруінің өзекті 
қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті 
технологиялық қалыптың үдемелі ауыс-
тырылуы, бұл үрдіске мемлекет өнеркәсіптік 
саясаттың тиімді құралдарын таңдау арқылы 
әсер ете алады.
2. 
Материалдық-техникалық 
база, 
ұзақ мерзімді ғылыми-техникалық саясатты 
жүзеге асыру негізінде жаңа ақпараттарды алу 
мүмкіндіктерінің жиынтығы және қалыптас-
қан білімнің жиынтығы, осы білімдерді
игерген және оны тәжірибелік мақсаттарда 
қолдана білетін адамдардың жиынтығы 
түріндегі ұлттық ғылыми-техникалық әлеует-
тің жоғары деңгейін сақтап қалу. 
3. 
Дамып келе жатқан салааралық 
және ұйымдар арасындағы қайшылықтардың 
алдын 
алу 
мақсатындағы, 
халықтың 
жоғары мәдени-білім беру деңгейіне және 
қоғамдық сананың жоғарғы деңгейіне қол 
жеткізу бойынша мәдени, этикалық мінез-
құлықтық, 
ұйымдастырушылық-құқықтық 
сипаттағы міндеттерді шешуге бағытталған 
инновациялық саясаттың шеңберінде түрлі 
Ә.Ә. Сатыбалдин, Д.Р. Қорғасбеков, Т.А. Джунисбекова, 9-26


23
 / Экономика: стратегия и практика, № 3 (14), 2019 г.
салалардағы инновацияларды құруы және 
дамытуы, әлеуметтік-экономикалық жүйенің 
мүмкіндіктері мен дайындығы ретіндегі 
инновацияларды қабылдау жүйесінің дамуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет