1 Карипова М. Р


Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі



Pdf көрінісі
бет128/159
Дата27.12.2023
өлшемі3.61 Mb.
#488150
түріОқулық
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   159
Экономикалық-теория.-Карипова

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі. Қазақстанда Ұлттық банктің (ҰБ) 
құқықтық статусы, оның құқықтары мен міндеттері «Қазақстан Республикасы Ұлттық 
банкі туралы Заңында» көрсетілген. Осы заңға сәйкес, ҰБ-нің мақсаты – ұлттық валюта – 
теңгенің тұрақтылығын, оның сатып алушылық қабілетін және шетелдің басқа 
валюталарымен салыстырғанда теңге бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету, ұлттық 
банк жүйесін дамыту және нығайту, есептеулер жүйесінің тиімді және үздіксіз жұмыс 
істеуін қамтамасыз ету. Ал ҰБ-ң негізгі міндеттеріне экономиканың қаржы- лық 
тұрақтылығын қамтамасыз ететін ақша-несие саясатын жүргізу, инфляция деңгейін 
бақылау және валюта бағамын тұрақтандыру жатады. 
Қазақстан Республикасының ҰБ ұлттық банк жүйесінің дамуына, нығаюына және 
тұрақтылығына жауап беретін институт болып табылады. Ол банк жүйесінің қызметін 
жалпы реттейді және әрбір жекелеген банктің жағдайын қадағалап отырады, сондай-ақ 
банктік жүйенің қызмет етуінің ережелері мен нормаларын қалыптастырады. Банк 
жүйесінің тұрақтылығы қаржы нарығының қажетті инфрақұрылымын жасау есебінен 
қалыптасады. ҰБ банк жүйесінің тұрақтылығына жауап бере отырып, банктерді ақша 
ресурстарымен қамтамасыз етудің тиімді тетігін жасауы тиіс. 
Коммерциялық банктер. Бастапқыда коммерциялық банктердің қызметі тек 
саудада ғана орын алды. Ал қазір «коммерциялық» тер- мині банктің іскерлік сипатын 
білдіреді және ол пайда табуға ұмтыла отырып, экономиканың барлық салаларына қызмет 
көрсетеді. 
Коммерциялық банктер – уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдырып, оларды 
мерзімділігі, төлемділігі және қайтарымды- лығы жағдайында ұсына алатын, пайда табуға 
бағытталған несиелік институттар. Коммерциялық банктер несие беру, салымдарды 
қабылдау, төлемдер жүргізуде делдалдық таныту, акцияларды сату- сатып алу, сенім 
бойынша мүлікті басқару, мемлекеттік қарыздарды орналастыру, қаржылық-несиелік 
мәселелер бойынша кеңес беру, жал операцияларын жүргізу сияқты қаржылық-несиелік 
операциялардың үлкен көлемін нарықтық негізде жүзеге асыратын жеке (мемлекеттік емес) 
банктер ретінде сипатталады. Батыстың қазіргі заманауи банк- тері операциялардың 250 
жуық түрлерін орындайды. Коммерциялық банктердің мемлекеттік банктерден басты 
айырмашылығы болып оларда ақша басып шығаруға деген құқығының болмауы 
табылады. 
Коммерциялық банктердің екі тұрпаты болады: операциялардың үлкен көлемін іске 
асыратын әмбебап банктер, және бір немесе бірнеше банктік операцияларды орындайтын 
мамандандырылған банктер (мысалы, жинақ банкі). 
Банктердің мамандандырылуының өлшемдері алуан түрлі болып табылады. 
Банктердің функционалдық мамандануы бойынша банктер инновациялық, инвестициялық, 
есептік, жинақтық, ипотекалық, депозиттік және т.б. болып бөлінеді. Салалық мамандануы 
бойынша банктер әлеуметтік дамуға бағытталған, құрылыстық, энергетикалық, сыртқы 
саудалық, ауыл шаруашы-лықтық және т.б. болып бөлінеді. 
«Клиенттік» мамандануы бойынша банктер биржалық, тұтынушы- лық
коммуналдық, сақтандырушылық болып ажыратыла-ды. Сондай-ақ территориялық 
мамандануы бойынша банктер аймақтық, аймақаралық, халықаралық болып бөлінеді. 
Қазақстанда ұйымдық-құқықтық нысаны бойынша коммерциялық банктер 
акционерлік қоғамдар ретінде жұмыс істейді. 


111 
Банктік тәжірибеде банктік операциялардың негізгі түрлері бөліп көрсетіледі: 
активтік және пассивтік операциялар, банктік қызмет көрсетулер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет