Музыка теориясының негіздері


Лад жүйесі және тональдік



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата02.01.2024
өлшемі240.44 Kb.
#488379
1   2   3   4   5   6
Рахметова Акнур

3 Лад жүйесі және тональдік
«Лад» сөзінің түбі славян халықтарынан шыққан, «ладить» келісімін тауып, жатық 
айту, үйлесім табу, жарасу деген мағыналарды білдіреді. Лад жүйесіне енген музыкалық 
дыбыстар лад басқыштары деп аталған. Музыкада көп – алуан лад кездеседі, соның ішінде 
өте кең қолданылатындары мажор және минор ладтары. 
«Мажор» деген сөз – үлкен, қатты деген ұғымды білдіреді. 
Мажорлық ладтың тұрақты дыбыстары үлкен мажорлық үшдыбыстылықты құрады. 
«Минор» деген сөз - кіші, жұмсақ деген ұғымды білдіреді. 
Минорлық ладтың тұрақты дыбыстары кіші минорлық үшдыбыстықтылықты 
құрады.Гамма – жеті дыбыстың тәртіп бойынша тоникадан келесі тоникаға дейін 
қайталануы. Гаммаға кіретін дыбыстар сатылар деп, рим санымен белгіленеді. Лад 
басқыштарына гаммадағы жоғарылық орнына қарай атаулар беріліп, басты басқыштардың 
функциялары (I, III, V) әріптермен белгіленген: 
I басқыш – тоника, өйткені ол тоникалық үшдыбыста прима (негізгі тон) болып табылады 
және тональдіктің өзіндік атауын айқындайды. Мажорда ол бас әріп – Т, ал минорда – кіші 
«t» әріпімен белгіленеді. 
II басқыш – төмен түсетін кіріспе тон. 
III басқыш – медианта (ортаңғы) саты. 
IV басқыш – субмедианта, мажорда «S» – бас әріппен, ал минорда «s» әрпімен белгіленеді. 
V басқыш – доминанта, барлық тұрақты дыбыстардың ішіндегі ең жоғарғысы болып 
табылады. Мажорда – «Д» бас әріпімен, ал минорда – кіші «d» әрпімен белгіленеді. 
VI басқыш – субмедианта (төменгі медианта), өйткені субдоминанта мен тоника 
аралығында орналасқан. 


VII басқыш – жоғары көтерілуші кіріспе саты. 
Тоника дыбысымен айқындалатын ладтың орналасуындағы биіктік дәрежесі тональдік деп 
аталған. 
Тональдіктің толық атауы іштей екі компонентті сақтайды: 
1) тониканың атауы; 
2) ладтың атауы.
4 Интервалдар 
Интервал - музыкада екі дыбыстың аралығы және биіктігі. Дыбыс қатарының негізгі 
басқыштық аралықтары мынадай интервалдар: 
1) таза прима – қысқаша таңбалануы: т. 1 = 0 т. 
2) кіші секунда – қысқаша таңбалануы: к. 2 = 1/2 т. 
3) үлкен секунда – қысқаша таңбалануы: ү. 2 = 1 т. 
4) кіші терция – қысқаша таңбалануы: к. 3 = 1 1/2 т. 
5) үлкен терция – қысқаша таңбалануы: ү.3=2 т. 
6) таза кварта - қысқаша таңбалануы: т. 4 = 21/2 т. 
7) ұлғайтылған кварта - қысқаша таңбалануы: ұл 4=3 т. 
8) азайтылған квинта - қысқаша таңбалануы: аз 5 = 3 т. 
9) таза квинта - қысқаша таңбалануы: т. 5 = 31/2 т. 
10) кіші секста - қысқаша таңбалануы: к. 6 = 4 т. 
11) үлкен сектста - қысқаша таңбалануы: ү. 6 = 41/2 т. 
12) кіші септима - қысқаша таңбалануы: к. 7=5 т. 
13) үлкен септима - қысқаша таңбалануы: ү.7 = 51/2 т. 
14) таза октава - қысқаша таңбалануы: т. 8 = 6 т. 
Құрамды интервалдар көлемі бір октавадан асатын кең интервалдар: 
нона 9, октава + секунда 
децима 10, октава + терция 
ундецима 11, октава + кварта 
дуодецима 12, октава + квинта 
терцдецима 13, октава + секста 
квартдецима 14, октава + септима 
квинтдецима 15, октава + октава (2 октава) 
Интервалдар консонанстық және диссонанстық деп екі топқа бөлінеді. 
Энгармонизмдік немесе тепе – теңдік интервалдар – бірдей үндестікте естіліп 
дыбыстатылатын, бірақ түрліше жазылатын интервалдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет