Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет10/142
Дата24.01.2024
өлшемі2.09 Mb.
#489708
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   142
bahisheva-ped-jobalau

арқылы реттеуге болатыны дәлелденген, бұл инновациялық 
қызмет жобалау болып табылады.
Тӛмендегі суретте (1-сурет) мәдениет түрлері мен (3) 
әлеуметтік-мәдени 
және 
ұйымдасқандық 
қабаттарына 
оларды түгел қамтитын (4) идеалдық (абстрактылық және 
ойлау негізіндегі ғана) құрылым мен (1) менталдық түрлер 
қабаттарын 
қосады. 
Ондағы 
жоғарыға 
бағытталған 
сызықшалар арқылы кӛтерілу үрдісі берілсе, тӛменге қарай 


33 
бағытталған сызықшалар орындалу, жүзеге асырылу үрдісін 
кӛрсетеді.

– 
идеалдық
құрылым қабаты
З– мәдениет түрлері 
қабаты 
2– әлеуметтік–мәдени 
және 
ұйымдасқандық 
қабат 
1– менталдық түрлер 
қабаты 
Сурет 1 − Жобалау арқылы жаңа мәдениет тудыру 
схемасы 
Сурет қоғам ұйымдастырылуының бірнеше қабаттарға
бӛліну принциптерін кӛрсетеді және олар екі үдерістің – 
кӛтерілу және орындалу немесе жүзеге асырылу–жүруі 
мүмкін екенін білдіреді. Бірінші үрдіс әлеуметтік қабаттан 
мәденилікке, одан әрі идеалдыққа ӛтуді білдірсе, екіншісі
идеалдық, яғни, идея ретіндегі болмыстың мәдени және 
әлеуметтік түрлерін ұйымдастыру арқылы менталитетте, 
салт пен дәстүрлерде бекітілуі болып табылады. Н. Г. 
Алексеев атап кӛрсеткен білім берудегі инновациялық 
қозғалыстарды мәденилендіру жолдары осы кӛтерілу 
үдерісіне де, жүзеге асырылу үдерісіне де сәйкес келеді дей 
аламыз. Ӛйткені, жобалау қызметі үздік үлгілерін іріктеп 
алу кӛтерілу үдерісіне, ал жобалауды технологиялық 
құрастыру мен теориялық зерделеу жүзеге асырылу 
үдерісіне тән құбылыстар. 
Жобалаудың жоғарыда аталған үш аспектісінің синтезі 
осы екі үдерісті қамтиды. Мысалы, білім беру ұйымын 
басқарудың мәдени–инновациялық сипатын алатын болсақ, 
оның технологиялық циклі білім берудегі тәжірибені қайта 
жаңғыртуға деген әлеуметтік сұраныс қабылдаудан 
басталып, 
инновациялық 
жобалау 
арқылы 
жүзеге 
асырылады. Тәжірибелік–бағытталған ғылыми контекстегі 
жобалау педагог – практиктердің қалыптасқан жағдайды 


34 
ӛзгертуге қажеттіктерінен пайда болады, яғни, ол да 
әлеуметтік–мәдени және ұйымдасқандық қабатынан шығады. 
Осы екі жағдайда да болашақтағы инновациялық қайта 
құрулардың мәдени түрі ретінде жобалау қызметі алынады. 
Бұл контекстердің негізгі айырмашылығы идеалдық 
құрылым қабатында дей аламыз, ӛйткені, осы жерде ғана 
жобаланып отырған нысан ӛзінің басымдық тұрпатына сай 
идеалдық құрылымына ие болады. Ол ерекшеліктер тӛменде
2-суретте берілген. 
4 – идеалдық құрылым 
қабаты
З– мәдениет түрлері 
қабаты 
2– әлеуметтік–мәдени 
және 
ұйымдасқандық 
қабат 
1– менталдық түрлер 
қабаты 
Сурет 2 − Жобалаудың білім беру мен ғылыми 
әрекеттердің мәдени- инновациялық түрі ретіндегі схемасы 
Атап 
айтқанда, жобалаудың мәдени контексті 
философия 
арқылы 
қамтамасыз 
етіледі, 
басқару 
контекстіндегі жобалау қызметі әдіснамалық қамтамасыз 
етіледі, ал, ғылыми контекстегі жобалау әрекеттері білім 
саласына қызмет ететін педагогика, психология, әлеуметтану 
ғылымдарының идеалдық құрылымдарының сипатын алады.
Мысалы үшін, педагогикалық тәжірибенің даму 
барысында кем дегенде үш мәдени - инновациялық құрылым 
қалыптасты деп айта аламыз. Біріншісі, катехезистік, діни 
педагогика деуге болады, оның базалық мазмұны діни 
ритуалдар 
мен 
символдар 
аясындағы 
тәртіп 
пен 
әрекеттермен байланыстырамыз. XVI ғасырдың аяғында Ян 
Амос 
Коменский 
идеяларының 
ықпалымен 
екінші
эпистемологиялық педагогикалық құрылым қалыптасты. 
Оның негізгі мазмұны объектіге бағытталған оқыту болса,
басты девизі «барлығына да барлық білімді беру» болып 


35 
танылды. Бұл құрылым осы күнге дейін оқытудың негізіне 
алынып келеді, яғни, мәдениет тасымалдау құралы ретінде
теориялар мен модельдерді оқытуды, білім беруді 
ұйымдастырудың әлеуметтік-мәдени түрі ретінде сынып-
сабақ жүйесін негізге алады. Үшінші, педагогикалық 
құрылымды инструменталдық немесе технологиялық атауға 
болады. XVIІІ ғасырдың аяғы - XIX ғасырдың басында пайда 
болған құрылым білім мазмұнына негізінен құралдар мен 
әдіс- тәсілдер ұсынған болатын.
Бүгінгі кезең педагогикада мүлдем жаңа құрылым
қалыптасып келе жатқанын кӛрсетіп отыр, оның негізіне
жоғарыда аталған құрылымдарға қарағанда білім, білік, 
дағдылар мен қажетті сапалар синтезі ретінде қалыптасып 
келе жатқаны белгілі.
Жобалауды 
дайындау 
және 
құрастыру 
кәсіби 
мәдениеттерде пайда болған таңбалар түрлері–теориялар, 
модельдер, 
түсініктер, 
ұғымдар, 
формулалар 
мен 
алгоритмдер негізінде жасалады. Бұлардың барлығын 
ұйымдастырудың ең жаңа және тиімді құрылымы барлық 
бұқаралық 
қарым–қатынас 
саласында, 
басқару 
мен 
экономика саласында, ақпараттық қызмет кӛрсету мен білім 
беру салаларында кеңінен қолданылып келе жатқан – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   142




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет