Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет64/142
Дата24.01.2024
өлшемі2.09 Mb.
#489708
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   142
bahisheva-ped-jobalau

зерттеу жұмысы–қалыптасқан мақсат, міндеттер жүйесіне, 
оны жүзеге асыру құралдарына, білім беру әрекеттерінің 
жағдайына, нәтижелері мен бағалау жүйесіне сипаттама 
беру; 
Жобаны құрастыру – білім беру үдерісіне ендірілетін 
ӛзгерістерді және оның нәтижелерін жобалау; 
Басқарушы және педагогтарды педагогикалық үдеріске 
ендірілетін ӛзгерістерге теориялық, әдістемелік және 
психологиялық даярлау, жобаланған ӛзгерістерді қоғам 
тарапынан қолдау ісін ұйымдастыру немесе жоба туралы 
келісімге келу
Жобаны 
нормативтік, 
ұйымдастырушылық, 
материалдық және қаржылық қамтамасыз ету; 
Білім беру үдерісіне шағын ӛзгерістер ендіру (білім 
жүйесінің белгілі сатыларына ғана, немесе, жеке пәндерді 
оқыту кӛлемінде, т.б.) 
Білім беру үдерісіне жүйелі ӛзгерістер ендіруге кӛшу, 
немесе жобаны жүзеге асыру; 
Белгілі кезеңдерде қол жеткен нәтижелерді талдау, 
басқару және әдістемелік шараларға түзетулер мен 
толықтырулар ендіру, педагогикалық үдерістің сапасын 
ӛзгертудегі перспективалық бағыттарды анықтау немесе
жобаны қорыту. 


181 
Бұл кезеңдер де ӛзгертіле алады, әр кезеңнің ұзақтығы 
да әр түрлі болу мүмкін, сонымен қатар әрекеттер түрлі 
болатыны сӛзсіз. 
Даму 
бағдарламасын 
құрастыруда 
тӛмендегі 
талаптардың орындалуы қамтамасыз етілді: 
біріншіден, педагогтардың, ата-аналардың, 
білім 
алушылардың 
оны 
құрастыруға 
қатысуы 
аталған 
бағдарламаның шын мәнінде білім беру ұйымын дамыту
құралына айналуына мүмкіндік береді; 
екіншіден, бағдарламаның жүйелілігін қамтамасыз ету, 
оның мақсат міндеттері мен жүзеге асырылу құралдарының 
ӛзара байланыста болуы оның тиімділігіне негіз болады; 
үшіншіден, бағдарламаның орындалу барысы туралы 
ұжымды, ата-аналарды және білім алушыларды, сыртқы 
ортаны хабардар етіп отыру міндетті болып табылады. 
Оның формасы ретінде білім беру мекемелерінің кӛпшілікке 
ұсынылатын есеп ретіндегі баяндамасын алуға болады. 
Бағдарламалардың нұсқаларын екі негізгі топқа 
біріктіруге болады. Олар: жаңа талаптар мен іс-
әрекеттерді орындауға бағытталған бағдарламалар
педагогтардың инновациялық әрекеттерін қолдауға 
бағытталған бағдарламалар. Сонымен қатар, тәжірибеде 
осы нұсқалардың араласқан түрін білім беру нәтижелерін 
кӛтеру үдерісін басқаруда кездестіруге болады. 
Бағдарламаның білім беру үдерісін жаңаша құрудағы 
негізгі бағыттары белгіленіп, олар бӛлімдер ретінде 
ұсынылды: 
- Жаңа 
білім 
беру 
стандарттарына 
кӛшуді 
ұйымдастыру: 
- Оқу жоспарының варианттарын таңдау. 
- Пәнаралық 
нәтижелерге 
бағытталған 
жұмыс 
жоспарларын құрастыру. 
- Оқу үдерісін жоспарлау. 
- Оқу тәртібін белгілеу. 
- Сабақ кестесін жасау. 
- Білім беру технологияларына ӛзгерістер енгізу. 
- Оқулықтардың пәндік-әдістемелік түрлерін таңдау. 
- Бейіндік оқытуды ендіру. 
- Желілік қарым–қатынасты орнату. 


182 
- Элективтік таңдау және факультативтік курстарды 
таңдау және мазмұнын құрастыру. 
Білім беру үдерісін жаңаша ұйымдастыру: 
- Білім 
алушылардың қорытынды және аралық 
бақылау жүйелеріне ӛзгерістер енгізу. 
- Ұлттық бірыңғай тестілеуге даярлау. 
- Пәндік және метапәндік нәтижелерді бағалау. 
- Функционалдық 
сауаттылық 
пен 
түйінді 
құзыреттіліктерді бағалау. 
Білім 
беру 
үдерісінің 
мектепішілік 
сапалық 
кӛрсеткіштерін анықтау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   142




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет