Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет98/142
Дата24.01.2024
өлшемі2.09 Mb.
#489708
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   142
bahisheva-ped-jobalau

Сҧрақтар мен тапсырмалар 
 
1. Қазіргі 
заман 
ерекшеліктеріне 
байланысты 
басқарушылар 
құзыреттіліктеріне 
қойылатын 
талаптар. 
2. Білім 
берудің 
құзыреттілік 
нәтижелерінің 
халықаралық деңгейде анықталуы. 
3. Джон Равен бойынша құзыреттілік сипаттамалары. 
4. Бүгінгі 
білім 
беру 
ұйымдарын 
басқару 
ерекшеліктері. 
5. Білім 
беру 
ұйымдарын 
басқарушылардың
құзыреттіліктері. 
6. Басқарушылар 
құзыреттіліктерін 
қалыптастырудағы жобалаудың орны. 
7. Жобаларды басқарушыларды арнайы жобалау 
зертханасында дайындаудың маңызы. 
 
 
 
2. Жобалау зертханасын ҧйымдастыру мазмҧны
Жобалау 
зертханасының 
мазмұндық 
және 
технологиялық құрылымы жобалауды екі тұрғыдан 
қамтиды. Біріншісі, зертхана негізінде жобалауды білім беру 
ұйымдарын дамытудың инновациялық түрі ретінде ендірудің
мазмұнын түсіндіру. Екіншісі, зертхана жұмысының 
әдістемесін толық бере отырып, білім берудің құзыреттілік 
нәтижелерін қалыптастыру технологиясын сипаттау. 
Білім 
беру 
ұйымдарында 
жоба 
жетекшілерін 
дайындауға 
бағытталған 
жобалау 
зертханаларын
ұйымдастыру үшін қызмет етіп тұрған құрылымға 
матрицалық 
негізде 
арнайы 
оқу 
зертханалары, 
шығармашылық топтар, т.б. қызметтер ендіріледі. Оны 
жүргізуге кәсіби маманданған психолог–педагогтар, 
арнайы шақырылған жобалау кеңесшілері, жоғары оқу 
орындары ғалымдары мен зерттеушілер тартылуы мүмкін. 
Жобалау мақсатына орай тьютор–әдіскер, кеңесші, 
менеджерлер, 
оқу 
бағдарламалары 
жетекшілері
тренерлер–семинарлар жетекшілері, т.б. мамандарды 


279 
даярлауға болады. Шағын ұйымдарда арнайы дайындалған 
тьютордың ӛзі менеджер, әдіскер-кеңесші ретінде 
педагогтарды оқытуды жобалау, жоспарлау, жүзеге асыру 
және тиімділігін бағалау қызметтеріне жетекшілік жасай 
алады. 
Жобалау зертханасын ұйымдастырудың қысқаша 
негіздемесі. Жобалауды ұйымдастыра білу инновациялық 
ӛзгерістер жағдайында педагогтар мен басқарушылардың 
кәсіби әрекеттерінің маңызды бӛлігіне айналуда. Білім 
берудегі жобалаудың педагогикалық әрекеттерді сапалы 
және 
түбегейлі 
ӛзгертуге, 
педагогтар 
мен 
білім 
алушылардың тың идеялар мен жаңа іске ынталануына, жаңа 
жобаларды белсенділікпен жүзеге асыруға мүмкіндік 
беретіні оны тәжірибеге енгізу қажеттігін алға қойып отыр.
Педагогтар мен басқарушылардың, білім алушылардың 
жобалар жасауға қатысуы оларды ізденіске, ӛздерінің
зерттеу жобаларын жүзеге асыруға, білім беру мазмұны мен 
әдістемелерін жаңартуға ықпал етеді. 
Инновациялық 
үдерістерді 
ендірудегі 
мәселелер
педагогтар мен басқарушылардың әрекеттік құзыреттілігін 
дамыту қажеттігіне байланысты екені белгілі. Б. Д.
Элькониннің айтуынша, кез келген құзыреттіліктің әрекет 
барысында пайда болатынын, қалыптасатынын және оның 
адамның әрекетке араласуының ӛлшемі екенін ескерсек, 
жобалаудың адамды дамыту әрекеті ретінде бүгінгі білім 
беруде маңыздылығы орасан зор деуге болады. Сондықтан, 
педагогтардың жобалауға тікелей қатысуы педагогикалық 
әрекеттің мазмұны мен түріне жаңалықтар әкеледі. 
Білім беру үдерісінің дәстүрлі түрдегі білім мен 
ақпаратты меңгерту мазмұны мен жаңа талаптарға сай 
субъектілердің белсенді әрекетін ұйымдастыру тәжірибесі 
арқылы білім беру мазмұны арасындағы айырмашылықтар 
айқындала бастады. Соған орай, педагогикалық теориялар 
мен тәжірибеде олардың бірінен екіншісіне ӛту қажеттігі 
мен оны жүзеге асыру жолдары кӛптеп қарастырылуда. 
Жобалау әрекет барысында пайда болатындықтан, оны 
дайын күйінде қолдану мүмкін емес және жобалау 
алгоритмін меңгерген педагогтар оны білім беруде ӛзіндік 


280 
идея мен технология ретінде, анықталған кезеңдерге сай 
орындалады. 
Оқу зертханасын ұйымдастыру мақсаты: жоба 
жетекшілерінің құзыреттілігін дамытудың мазмұны мен 
әдістемесін құрастырып, тәжірибелік сынақтан ӛткізу.
Болжамы: зертхана жұмысында жоба жетекшілерінің 
ӛз ұйымындағы жағдайларды талдай білу, мәселені және 
оны шешу жолдарын анықтау, жоба құрастыра білу және 
оны нақты кезеңдерімен жүзеге асыру, оның тиімділігін 
бағалай білу құзыреттіліктері қалыптасады, ӛйткені 
теориялық білім алу және тәжірибелік жұмыстар 
қатысушылардың 
жобалау 
қызметін 
тікелей 
ӛздері 
ұйымдастыру барысында орындалады. 
Жұмыс кезеңдері және міндеттері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   142




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет