11.7. Термоэлектрлік түрлендіргіштер
Термоэлектрлік түрлендіргіш дегеніміз әртекті материалдардан
жасалған А және В екі өткізгішті, термобу (11.6-сурет, а), олар бірімен-
бірі 1 нүкте (термобудың жұмыс шегі — «ыстық дәнекер») және 2
нүкте (термобудың еркін шегі— «суық дәнеркер»).
Егер осы нүктелердің бірінің температурасын өзгертсе, онда
тізбекте термоЭҚК пайда болады, ол өткізгіштердің қосылу орнының
температуралық функциясының айырмашылығы болып табылады:
E
AB
= f(t
l
) - f(t
2
).
Егер температураны тұрақты қосылудың бір нүктесімен ұстап
тұрса, мысалы нүкте 2, онда
E
AB
= f(t
l
) - C = f
1
(t
1
).
Кейінгі өрнек термобу көмегімен температураны өлшеу негізіне
салынған.
ТермоЭҚК өлшеу милливольтметрмен (11.6-сурет, б) немесе
компенсатормен жүргізіледі. 1 қосылу нүктесі термобудың жұмыс
аяғы, ал 2 қосылу нүктесі термобудың бос аяғы деп аталады.
Осы термобуы бар милливольтметр термоэлектрлік термометрді
құрайды. Осындай термометрді межелеу бос ұштардың 0°С тең
температурада жүргізіледі.
Термометрді тәжірибелік қолдану кезінде еркін шектердің
температурасы нөлден жоғары, сол кезде өлшемнің қателігі пайда
болады: құрал шын температурамен салыстырғанда азды көрсетеді.
Бс шектер температурасына түзету енгізу құрал көрсеткішіне бос
шектер температурасын қосуға әкеледі.
Бос шектердің тұрақты температурасын қамтамасыз ету мен түзету
енгізуді жеңілдету үшін еркін шектерді жоғары температура
аймағынан алыстату қажет.
Термобу әдетте қатты қорғаныш арматурасына орналастырылады
(зерттелетін ортаның химиялық әсерінен және механикалық зақымынан),
сондықтан оны бір жағынан термобу қысқыштарының қорабына, ал екінші
жағынан милливольметрге апаратын өткізгішке қоса отырып, икемді
термоэлектродтармен ұластыру керек.
11.6-сурет. Термоэлектрлік-
түрлендіргіштің әрекет ету қағидасы (термобу): а —
термоЭҚК жасалу сызбасы; б —термоЭҚКөлшеу
сызбасы; 1 —тер-мобудың жұмыс шегі; 2 —
термобудың еркін шегі; А және
В — өткізгіштер
1 1
197
11.1-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |