21
- мазмұнды (заттар мен ойыншықтар, кітаптар, материалдар, құралдардың
балалардың жасына және Үлгілік бағдарлама мазмұнына сәйкес болуы);
- бай болуы (барлық тәрбиеленушілердің ойын, шығармашылық, зерттеу,
танымдық әрекеттері мен қимыл белсенділігін
соның ішінде ірі және ұсақ
моториканы дамытуға, қимылды ойындарды ұйымдастыруға, балаларға
қолжетімді материалдармен соның ішінде құммен, сумен
эксперимент жасауға
жабдықтардың (топта, дәлізде, ойын алаңында да) болуы);
- қолжетімді (барлық балалар соның ішінде ерекше білімді қажет ететін
балалар үшін білім беру әрекеті жүзеге асырылатын барлық топ бөлмесі,
кабинеттер, дәліздердегі ойындар, ойыншықтар, материалдар, құралдардың қол
жетімділігі);
- вариативті (ойын әрекеті, шығармашылық әрекетке, оңаша болуға және
басқаларға аймақтардың болуы, сондай-ақ түрлі
материалдардың, ойындар,
ойыншықтардың және жабдықтардың болуы);
- көп
атқарымды
(балалар
жиһаздарын,
жұмсақ
модулдерді,
театрландырылған қойылымдарға арналған шымылдық және басқаларды
түрліше қолдану мүмкіндігі, топта балалардың түрлі әркеттерінде қолдануға
болатын табиғи материалдардың, ойындарда
қолданатын алмастырушы
заттардың болуы);
- өзгермелі (балалардың қызығушылықтары мен мүмкіндіктеріне және
тәрбиелеу-білім беру процесінің мазмұнына сәйкес ортаны өзгерту мүмкіндігі).
Дамытушы заттық-кеңістіктік орта;
- Үлгілік оқу бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз етуі;
- балалардың жастарына сәйкес болуы;
- тәрбиеленушілер, оның ішінде ерекше білім
беру қажеттіліктері бар
балалар үшін қол жетімді болуы;
- эмоционалды қолайлық пен баланың жеке басын дамытуға жағдай
жасауды (демалыс немесе балалардың оңаша ойнауына арналған орынды және
т. б. жабдықтау) қамтамасыз етуі;
- түрлі материалдарға бай, сондай-ақ ересек
пен баланың бірге әрекет
етуіне және баланың өздігінен әрекет етуіне ыңғайлы болуы тиіс. [24]
Заттық-кеңістіктік дамыту ортасын жақсарту үшін Үлгілік бағдарламаның
нұсқаулығын пайдалану ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: