А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет109/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

Жүректің тамырлары— vasa cordis — оң және сол артерияларымен, үлкен, 
орташа және кішкентай жүрек веналарымен ұсынылған. Оң вена артериясы — 
a. Coronaria cordis dextra — және сол вена артериясы — a. Coronaria cordis 
sinistra — ең алдымен жүректің веналы шеттерінен өтеді, сосын бір-бірімен 
ұштасады. Тек, содан кейін жүрек бұлшық етін қанмен қамтамасыз ету 
мақсатында көлденен шеттерге өтеді де, кішкентай қатарлы бұтақтарға 
бөлінеді.
Оң жүрекшеге түсетін жүректің оң қарыншасының веналы қаны кішкентай 
жүрек веналары арқылы жиналады. Артқы қуыс венаның оң жүрекшесіне 
ашылатын жүректің басқа бөлімдерден веналы қан орташа және үлкен жүрек 
веналары арқылы жылжиды.
Ерекшеліктері: шошқалардың жүрегі жазық. Артқы қуыс венаның 
қасындағы оң жүрекшеге сол жұп емес вена кіреді. Қосымша көлденең шеті 
әлсіз ғана байқалады. Сол жүрекшедегі айдарлы бұлшық еті жақсы көрінген. 
Сопақша тесіктері 20% жағдайда өсіп кетпейді. Үш жақтаулы қақпақ әлсіз 
дамыған төртінші қақпадан тұрады. Қос жақтаулы қақпақта екі кішкентай 
қосымша қақпалар бар. Оң қарыншадағы сіңірлі желілер 5-еу, ал сол 
қарыншада – он бір. Емізікшелі бұлшық еттер ұзын, оның оң қарыншасында 
қабырғалық жақсы дамыған. Аортаның айшық қақпақ жармасында - 96% 
жағдайда және өкпе артериясында 26% жағдайда аранциевті түйіндер кездеседі. 
Оң көлденен бұлшық еті етті және бірнеше жиі тәжден тұрады. Сол 
жүрекшедегі көлденен бұлшық еттер әлсіз дамыған. Аорталы фиброзды 
сақинашада бір жүрек шеміршегі —cartilage cordis орналасқан. Сол және оң 
веналы артериялар жақсы дамыған. Жүректің салмағы жануардың салмағынан 
0,28% құрайды. Жүрек кеуде қуысының сол жақ бөлігіндегі
3
/5 бөлігінде, яғни 
кеуде сүйегінің 3-ші және 6-шы қабырғасына қарай ығысып орналасқан.Оның 
ұшы 7-ші қабырға шеміршегіне дейін жетеді. Жүрек үлпершегі кеудеге қабырға 
шеміршегінің 3-шіден 7-шіге дейін тіркелген.


173 
Жылқылардың жүрегін сиырмен салыстырғанда одан да жазық келген. 3-ші 
және 6-шы қабырғаға дейін орналасқан. 
3
/5 бөлігі ортадан солға қарай 
орналасқан. Жүректің ұшы - диафрагманы 6-8 см-ге дейін және кеудені 1 см-ге 
дейін жетпей, 6-шы сол қабырғаның төменгі ұшына қарсы жатыр. Веналы 
синустың дорсальды қабырғасы немесе алдыңғы қуыс венаға оң жақты жұп 
емес вена кіреді. Ал сол жақты жұп емес венасы мүлдем жоқ. Оң қарыншаның 
қабырғасымен салыстырғанда, сол қарыншаның қабырғасы 2,5 есеге қалың 
келеді. Жұп жақтаулы, үш жақтаулы және айшық қақпақшаларының құрылысы 
сиырдың жүрек құрылысымен ұқсас. Аорталы фиброзды сақинашада 1-3 жүрек 
шеміршегі бар; сақа жануарларда олар сүйектеніп кетті. Венаның 
артерияларының екеуі де жақсы дамыған. Жүректің салмағы ауыр жүк тасушы 
жануардың салмағынан 0,6%тербеледі, ал желісті жылқылардың жүрегі 1,04% 
дейін. 
Иттің жүрегі жұмырланған және оның ұшы сәл ғана жазықтау. Оның оң және 
сол қалын шеттерін, кеуде және диафрагма беттерін ажыратады. Оның үстінен 
оң және сол көлденен шеттері өтеді. Оң жақ жүрекшеге немесе алдыңғы қуыс 
венаға оң жақты жұп емес вена кіреді. Сол жақты жүрекшеге төрт өкпе 
веналары ашылады. Артқы қуыс венаның сағасы кезінде, яғни үлкен жүрек 
вена сағасының шекарасында артқы қуыс венаның қақпағы орналасқан. Жұп 
жақтаулы қақпақта кішкентай емес үшінші жақтау бар, ал үш жақтаулы 
қақпақта – төртінші. Аортаның қақпағының жақтауында аранциевті түйіндер 
барлық жерде кездеседі, ал өкпе артериясында, тек - 30% жағдайда. Аортаның 
фиброзды сақинашада кішкентай үш шеміршек жатыр, сақа иттерде олар 
жойылады. Жүрек кеуде қуысында көлденен орналасқан. Оның ұшы 6-7-8 
қабырға шеміршегіне қарсы, сол жаққа қарай орналасқан. Кеуде қабырғасының 
5-ші қабырғасына қарай және сол жақта 4-6 қабырғалары қасында жүрек 
орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет