174
Қан айналым шеңберлері. Жануарлар организмінде кіші және үлкен қан
айналым шеңберлері ажыратылады.
Кіші немесе
өкпе қан айналым шеңбері жүректің оң қарыншасынан (вена
қаны) өкпе бағаны артериясымен өкпеге барып,
одан өкпе веналары арқылы
(артерия қаны) жүректің сол жүрекшесіне дейінгі қанның жүретін жолы.
Өкпеде газ алмасу процесі жүріп, жүректен келген вена қаны көмірқышқыл
газын ауаға бөліп, ауа
құрамындағы оттегімен қанығып, артерия қанына
айналадыда, өкпе веналары арқылы жүректің сол жүрекшесіне барады.
Өкпе артерия бағаны(truncus pulmonalis) жүректен
шамалы кеңейіп
басталады. Бағанның бұл аймағын
өкпе артерия бағанының қойнауы(sinus
trunci pulmonalis) — деп атайды. Өкпе артерия бағаны жүректен
шыққан соң,
дорсо-каудальды бағытта көтеріліп, өкпе түбірі маңында
оң және сол өкпе
артерияларына(a. pulmonalis dexter et sinister) ажырайды(cурет 52). Сол өкпе
артериясы өз кезегінде екі: алдыңғы және артқы тармақтарға, ал
оң өкпе
артериясы төрт: алдыңғы, ортаңғы, артқы және қосымша тармақтарға бөлінеді.
Аталған артериялар бронхтар тарамы бойымен тармақтала отырып, өкпе
альвеолалары қабырғаларын шырмай орналасқан қан капиллярларына
айналады. Альвеолалар тарамындағы ауа мен қанның
арасындағы газ алмасу
процесінен кейін, өкпеге әкелінген вена қаны оттегімен қаныққан артерия
қанына айналады. Артерия қаны өкпе көпіршіктері тарамындағы капиллярлар
арқылы, осы қан капиллярларының бір-бірімен өзара қосылуынан түзілген өкпе
веналарына (3-4) өтеді. Артерия қаны өкпеден
өкпе веналары(vv. pulmonales)
арқылы аттас артериялар бойымен кері бағытта жүректің сол жүрекшесіне
әкелінеді.
Достарыңызбен бөлісу: