А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет


Үлкен немесе жүйелік қан айналым шеңбері



Pdf көрінісі
бет111/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

Үлкен немесе жүйелік қан айналым шеңбері жүректің сол қарыншасынан 
(артерия қаны) қолқамен барлық артериялар арқылы организмнің барлық 
мүшелер жүйелеріне барып, қан капиллярларына таралып, одан әрі веналар 
арқылы (вена қаны) жүректің оң жүрекшесіне дейінгі қанның жүретін жолы. 
Үлкен қан айналым шеңбері организмнің барлық мүшелер жүйелеріндегі зат 
және газ алмасу процестерін қамтамасыз етеді. Аталған процестер 
микроайналым арнасы қан тамырларының қабырғалары арқылы қан мен 
қоршаған ұлпалар арасында жүреді. 
Қолқа(аорта) — aorta — үй жануарлары организмдеріндегі негізгі 
қоректендіргіш магистральды артерия. Ол омыртқа бағанының төменгі 
(вентральды) бетінің сол жағымен өтеді. Қолқа жүректен шыққан бойда, 
омыртқа бағанына қарай жоғары бағытталады. Жүректің негізі мен омыртқа 
бағаны аралығындағы қолқаның артқа қарай иілген бөлігін қолқа доғасы— 
arcus aortae — деп атайды. Қолқа доғасынан қолқаның көкеттегі 
(диафрагмадағы) қолқа тесігіне дейінгі бөлігін көкірек қолқасы, ал оның 


175 
диафрагмадан кейін орналасқан құрсақ қуысындағы бөлігін — құрсақ қолқасы 
деп атайды. Құрсақ қуысындағы құрсақ қолқасынан 5-інші және 6-ыншы бел 
омыртқалардың тұсында сыртқы және ішкі мықын артериялары таралғаннан 
кейін, құйымшақ аумағында құрсақ қолқасының жалғасы орталық құйымшақ 
артериясы, ал құйрық омыртқалар аумағында орталық құйрық артериясы деп 
аталады. 
Үлкен қанайналым шеңберіндегі артериялық тамырлар жүйесі — қолқаның 
тармақтары. 
Қолқа доғасы(дуга аорты) arcus aortae — бас, мойын, көкірек керегесі 
қабырғасының алдыңғы бөлігі мен алдыңғы аяқтарды артерия қанымен 
қамтамасыз етеді. Қолқажүректің сол қарыншасынан шыққан бойда, оның 
арнасы кеңейіп басталады. Қолқаның кеңейіп басталған бөлігін қолқа баданасы 
— bulbus aortae— деп атайды. Қолқа баданасының қабырғасы мен оның ішкі 
бетіндегі қолқаның үш айшықты қақпақшалары бірігіп, қолқа қойнауын 
(синусын)sinusaortae — жасайды. Қолқа доғасынан дененің бас, мойын мен 
көкірек керегесі қабырғасының төменгі бөлігін мен алдыңғы аяқтарды артерия 
қанымен қамтамасыз ететін, жылқы мен күйіс қайтаратын жануарларда иық-бас 
артерия бағаны, ал шошқа мен итте сол бұғанаасты артериясы мен иық-бас 
артериялары жеке дара бөлінеді. 
Иық-бас бағаны(плечеголовной ствол) —truncus brachiocephalicus 
communis. Иық-бас бағанынан алдымен сол бұғанаасты артериясы (a.subclavia 
sinistra) дененің сол жақ бөлігіне қарай ажырағаннан соң, иық-бас бағаны иық-
бас артериясы (а. bгаchiocephalica) — деп аталады.Ал шошқа мен итте иық-бас 
бағаны болмайды.
Итте оң және сол жалпы ұйқы артериялары иық-бас артериясынан жеке дара 
бөлінеді, ал басқажануарларда олар ұйқы артериясының бағаны (truncus 
bicaroticus)болып, бірге басталады. Ұйқы артериясының бағаны бөлінгеннен 
кейін, иық-бас артериясы дененің оң жағына қарай бұрылып, оңбұғанаасты 
артериясы (a.subclavia dextra) деп аталады. Жылқыда иық-бас артериясынан 
алдымен дорсальды жауырын артериясы, одан кейін терең мойын артериясы 
және омыртқалық артерия жеке дара ажырағаннан кейін, ұйқы артериясының 
бағаны бөлінеді. Содан соң, иық-бас артериясы оңға бұрылып, оң бұғана асты 
артериясына айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет