Әдебиеттер тізімі
1. Абдрахманов, А. Я. Биологиялық дамудың жеке ерекшеліктерін ескере
отырып, жалпы білім беретін және орта арнаулы оқу орындарында оқитын
қыздардың дене тәрбиесі [Мәтін]: реферат. Дис. канд. пед. Ғылым / А. Я.
Әбдірахманов - М., 1999. - 24 б.
2. Абдулханова-Славская, К.А. Өмір стратегиясы / К.А. Абдулханова-
Славская. - М.: Ой, 1991. - 299 Б.
3. Абрахам, Маслоу мотивациясы және тұлға. Перевод с англ. Талыбаева
А.М. [Мәтін] / Маслоу Г. Абрахам - СПб.: Еуразия, 1999.- 478 Б.
4. Агаджанян, Н. А. Ағзаның бейімделуі және резервтері [Мәтін] / Н.А.
Агаджанян.- М.: ФиС, 1983.- 176 б.
5. Агаджанян, Н.А. Адам экологиясы [Мәтін]/ Н.А. Агаджанян // Жаңа
медициналық технологиялар хабаршысы.- 1992.- №2. Б. 9-18.
6. Жасөспірімдердің денсаулығын морфофункционалды бағалау [Мәтін] /
Н.А. Агаджанян, В.А. Батурин, О. А. Бутова, Л. В. Твердякова / Адам
физиологиясы. - 1998. - Көлемі 24. №3.
7. Адам физиологиясы, Адам физиологиясы. Оқулық (дәрістер курсы)
[Мәтін] / Н.А. Агаджанян, Л.З. Телль, В. И. Циркин, С. А. Чеснокова. - СПб.: Сотис,
1998. - 527б.
ӘОЖ 34
ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІ
Данияр Гулзада
Ғылыми жетекші: Дәрібаев С.Д., ф.ғ.к., аға оқытушы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰу, Алматы қ., Қазақстан
Ұлттық рухани құндылықты қалыптастыруда қазақ әдебиетінде жыраулар
поэзиясының алатын орны өзгеше. Жыраулар поэзиясы – ұрпақтан-ұрпаққа жеткен
сөз өнеріміздің асыл қазынасы, дамыған ұлт әдебиетінің керемет көркемдік
белгісі. Ә. Тәжібаев: «Жырау – сөз жоқ, ақын. Ақын болмай, жұрт қадірлейтін
жырау атану мүмкін емес. Ақындығы күшті жыраулардың жалынды жырлары
үнемі жаңғырып, кейінгі ұрпаққа сиқын бұзбай көрікті күйінде жетіп отырады.
Ал, жыраулық-ертеден келе жатқан халық поэзиясының үлкен бір дәстүрлі саласы»,
– деп жыраулық дәстүрді әдебиетте орны бөлек ерекше сала ретінде
қарастырады.
74
ХV-ХVIII ғасырлардағы жыраулар поэзиясы – философиялық дидактикалық
сарындағы мағынасы мол мұра. Ақын-жыраулар жыр-толғауларымен, өнегелi
iстерімен халыққа белсене қызмет етiп, ел көсемі, тәлiм-тәрбие мектебiнiң ұстазы
бола бiлдi. Жыраулар ел болашағын жырлауы тұрғысынан ерекшеленіп келген, сол
заманның ой-сана, әдет-ғұрыптық, тілдік қатынас, тарихи көріністерін
суреттеген. Ол туралы Х. Досмұхамедов былай дейді: «Қазақтың жеке өмірінің
барлық сәттері – туғаннан бастап өмірден озғанға дейін, сондай-ақ тұтас
халықтың немесе жеке рудың қоғамдық өміріндегі барлық оқиғалар халық
әдебиетінде жырланады» – деп ой түйсе, Е.Ысмайлов: «Жыраулар өмірдің ұсақ
мәселесіне аз араласып, көбінесе, заман-дәуір, өткен мен келешек, адамгершілік,
жақсылық пен жамандық жайында ойлар, болжаулар, қағидалы сөздер айтып
отырған». Жыраулар поэзиясының көтерген тақырыбы – туған елі, оған деген
сүйіспеншілігі, елдің ынтымақтастығы, бүтіндігі.
Ақын-жыраулар поэзиясының құндылығы мен мәні жөнінде Х.Сүйіншалиев
былай деген: «Қазақ әдебиетінің ілкі дәуірі туралы сөз болғанда бізге қолжазба
күйінде жеткен әдеби шығармалармен қатар халықтың жадында жазулы хаттай
сақталып келген шешен-жыраулар сөздерініңде маңызы зор болатыны ерекше
ескерілуі тиіс. Қазақ хандығы құрылған дәуірге жататын шешен, ақын-
жыраулардың сөздері де айтылған заманына қарай әдебиет тарихынан тиісті орын
алуы керек». Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетін байланыстырып тұрған көпір деп
қазақ халқының рухани өмірінде орасан зор еңбек пен із қалдырған жыраулар
поэзиясын айтамыз. Осы тұста атап айта кететін бір жайт – әлі күнге дейін әртүрлі
ойталқыға салнып жүрген ақын және жырау ұғымдарының нақтылануы. Белгілі
ғалым Есмағамбет Ысмайылов жырау мен ақындардың ерекшелігін зерттеп, бұл екі
ұғымға нақты да айқын түсінік берген еді. Ғалымның пікірінше, «қазақтың көне
ауыз әдебиеті нұсқаларында жырау қазақта ақындықтың ең көне түрі болғанға
ұқсайды», - дейді. Түсініспеушіліктің алдын алу мақсатында осы еңбегімізде
«жырау», «жыршы», «ақын» ұғымдарының мағынасын ашып, нақтылап алғанымыз
абзал. 1940 жылы жазылған «XV-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті туралы»
мақаласының авторы Қ.Жұмалиев жырау мен жыршының айырмасына тоқталып:
«Жыршы жырау емес, жыршы болу үшін ақын болу шарт емес. Ол өз жанынан еш
нәрсе шығармай-ақ, біреудің шығарғанын жаттап алып та жыршы бола береді.
Жыраулар ең алдымен, ырғағы бар, әуезді ұйқасы бар, белгілі өлшемге жататын
өлең шығара алатын болуы керек. Екіншіден, терең мағыналы, сырты сұлу
шешендік сөздеорге жатататын тақпақ боп келуі керек. Үшіншіден, әлеуметтік
өмірдің алдын-артын бірдей болжаған, өз кезіндегілерге жолбасылық, кейінгілерге
үлгі болғандай үлкен идеал пікір айтуы керек» екендігін, сол кезде ғана ол
жыраудың міндетін атқара алатындығын айтады. «Жырау» сөзінің қазіргі
ұғымдары ақынан әлдеқайда ерте шыққаны даусыз. Әйткенмен, жырау дегеніміз
бағзы замандарда кеңесші ретінде хандардың қызметін атқаратын, жорықтарға
қатысып, соғыстарды, жеңістерді жырлап, қаза тапқан батырларды жоқтайтын
жыршы болған. Осы орайда жыраулар поэзиясын зерттеуші-ғалым М.Мағауин
«жыраулардың аренадан кетуімен байланысты қазақ халқының ескі поэзиялық
мұрасының бірден-бір арқалаушысы - ақындар» болып қалғанын айтқан. Фольклор
зерттеушісі Рахманқұл Бердібайұлы: «Қазақ арасында осы күні «жырау» сөзінің
75
бұрынғы мағынасының көбін жоғалтып, тек жаттап айтатын жыршы сипатында
қолданылады. Кейде жыршы, жырау деген сөздерді тіркестіріп айтушылық та,
орындаушының қаһармандық репертуарды айтатынын белгілеу үшін алынған
секілді» дей отырып, ақындық, жыршылдық, суырыпсалмашылық арасындағы
байланыстың үзілмейтінін айтады. Қ.Сыдиықовтың 1922 жылы жарық көрген
«Көркемдік өрнектер» және 1996 жылы «Сарқылмас қазына» деген еңбектерінде
ақпа жырау мен ауызекі ақынды, жырау мен жыршы жырау ұғымдарын өзара бір
бірінің орнына жұмсап қолдана берген. Бұл ұғымдарды өзара қолданып жұмсай
беру әдебиетте біраз шатастыруларға ұшыратты. Дегенмен, Қ.Сыдиықов
жырауларға қатысты суырыпсалма, ақпа-төкпе өлең сөзді қару еткен, оқиғанын
мәнін, заман шындығын ақыл таразысына салып сынай білген, елінің егемендігін,
азаттығын аңсайтын, дана көреген дала абызы, айтқаны келіп, болжағаны
орындалып, бетке тура сын айтқан, өткір тілді әділ төреші, реті келгенде жауынгер,
қолбасы да бола алған деген тұщымды ойын білідрген. Әдебиеттанушыдың
пікірінше, жырауларда ақпа жыршылар бар, жыршыларда да үздік болып танылған
жыршы-жыраулар бар.
Ақын әрі халық мүддесін ойлаушы, білдіруші жырау шаршы топ алдына өте
сирек, тек аса қажет жағдайларда ғана шығатын. Ә. Марғұлан жыраулардың
әлеуметтік рөлін аша түсу үшін мынадай пікірін білдірген: «халық қадір тұтқан
ақын-жыраулардан жұрт толқыған, ел дағдарған, ортада бүліншілік шыққан немесе
ел шетіне жау кірген кездерде кеңес сұратйын болған. Осындай сәттерде жырау
жұртшылықты аыбржымауға шақырып, оларға дем беріп, істің немен аяқталуы
мүмкін екендігі жайлы болжамдар айтып отырған». Осы пікірге үндес жыраулар
поэзиясының қазақ әдебиетінде алатын орнын ғылыми негізде түсіндіріп берген
М.Мағауин еңбектерінде нықтыланып берілген: «Жыраудың жыраулығының ең
негізгі белгісі – ақындық, яғни өз жағынан өлең шығаратын қабілетінің бар болуы.
Жырау деген ұғымның «жыр» сөзінен шыққаны ешқандай күмән туғызбайды.
Жырау – өз тайпасының рухани тірегі, дана ақсақалы. Олар тынышсыз
көшпенділердің арасында болып тұратын кикңлжің мәселелерге араласпайды».
Осы тұста Мұхтар Әуезовтың мына бір ойға қонымды пікірін айта кеткен жөн:
«Жырау демек, ақын деу емес. Жыраулардың ақындардан бөлек өз жанры болады.
Жыраудың мақсат-міндеті – не болса сол көңіл ашар, әлдене сөздерді айту емес. Ол
заман сыны, мезгіл, дәуір қиыншылығын, тарихи оқиғалардың мазмұнын сөз
қылады. Олар көбіне - әрі жырау, әрі би» [1, 265 б].
Білім беру жүйесіндегі дамыта оқытуға байланысты оқушыны өз бетінше
ізденуге, кітапқа қосымша материал пайдалана отырып, өзіндік ойын білдіріп,
пікірін жеткізуге үйрету үшін ізденіс жұмыс түрлерін де ұсынсақ болады. Мәселен,
баяндама, реферат жазуды тапсырып, жұмыс нәтижесін ауызша қорғау
жұмыстарында, сонымен бірге, басқа оқушылардың баяндаманы тыңдап,
пікірталасқа қатыстыру жұмыстары да жүргізіледі.
Сабақ барысында оқушылардың жыраулардың ерлік тақырыбындағы
толғауларын талдау барысында ертегілердегі батырлармен және қаһармандық
жырлардағы батырлармен салыстырулар жасағаны олардың оқулықтан басқа
қосымша ақпараттарды пайдаланып, ондағы пікірлерді орынды пайдалана білуді
меңгергенін аңғартады.
76
Мектеп тәжірибесінде лирикалық шығармаларды оқытуда әдеби талдауға ден
бермейтініміз мәлім. Сюжетсіз лирикалық туынды мазмұндап айтуға келмейді.
Жыраулар шығармаларын лирикалық жанр ретінде әдеби-теориялық сараптамалар
жасау пән мұғалімінен шеберлікпен қатар, теориялық терең білімді талап етеді.
Мәтінге әдеби талдау жасау барысында әдеби-теориялық ұғымдарды меңгертумен
сабақтастырып отыру керек.
Жыраулар поэзиясын қазіргі ұрпақтың пайдаланатын тәлімдік-тәрбиелік
құралы етіп, патриоттық тәрбие берудің ең басты елі мен халқын сүйіп құрметтеуге
баулып, адамзаттық басты құндылықтарын дарытуға болатын ілім болып саналады.
Ұрпаққа рухани құндылықты бойына дарыта отырып тәрбиелеу тұрғысынан
жыраулар мұрасы өз мәнділігін жоғалтпаған.
Жырауларды халық қадір тұтқан. Елде бүліншілік шыққанда немесе ел шетіне
жау келғен кездерде ақыл - кеңес сұрайтын болған. Мұндай кезде жырау
жұртшылықты ауызбіршілікке шақырып, оларға күш-қуат, дем беріп, істің оң
шешілуіне ықпал еткені мәлім. Ендеше көкірегінде жаны бар әрбір адам ұлы
жыраулар өмірі мен оның қалдырып кеткен жақұт жырларына үңілсін. «Адам
өткенге қарап өседі, бүгінге қарап бой түзейді, болашақты болжап күн кешеді».
Сондықтан тарих мойындаған ұлы жыраулардың өмірі мен шығармашылығын
ұлықтап, оны оқушыға дұрыс жағынан меңгерту - маңызды іс. Отаншылдық рухты
насихаттаушы жыраулар тақырыбын өтудегі қолданып жүрген тәжірибеммен
бөлісе кетсем деймін.
Шәкірттерге сабақ барысында жыраулардың қоғам өміріне белсене
араласқанын, өз шығармаларында қазақ халқы үшін мәні зор әлеуметтік
мәселелерді көтергенін, жырларының өзекті тақырыбы – туған жері, оған деген
сүйіспеншілігі, елдің бірлігі, ынтымақтастығы екендігін тапсырмаларды түрлендіре
қолдану арқылы түсіндіруге болады. Осы жұмыстар төңірегінде «Қазақ әдебиетінен
жұмыс дәптер. Жыраулар поэзиясы» атты арнайы жұмыс дәптерін құрастырсақ
болады.
Жұмыс дәптерінде білім алушылардың өзіндік ізденулеріне, саралай талдай
отырып, сыни ойлауларына бағытталған тапсырмалар берілген. Жыраулық
поэзияның қалыптасуы мен даму кезеңдері, көрнекті өкілдерінің өмірі мен
шығармалары, мәліметтер, ғалымдардың пікірлері электронды түрде жинақталып,
ресурс ретінде берілген. Тапсырмаларды орындауда білім алушылар осы ресурсты
қолдана алады алады.
Берілген тапсырмалар білім алушылардың оқу материалын өздігінен
меңгерулерін, өзін-өзі бағалауын қамтамасыз етеді. Мысалы, жыраулар
поэзиясының құндылығы неде? М.Әуезов: «Бұл дәуірдегі әлеумет тіршілігінің ең
шешуші мәселесін әдебиет жүзіне түсіріп, алғашқы рет қалың ел қамын ойлап,
күңіренген қария – Асан. Бұл заман сыншысы сөйлесе, шешілмеген жұмбақ, түйіні
шатасқан сөздерді сөйлейді, өзі туған заманның белгілерін қарап, келешек заман не
айтарын болжайды; сөзінің бәрі терең ой, терең мағынамен сөйленеді. Айтпақ
жайларын ашып, ұғымды қылып айтып бермейді. Әдейі көмескілеу жұмбақ қып
айтады. Жыраудың сөзі мақсатсыз айтылмайды. Не айтса да көптің мұңы ,көптің
жайы туралы , не көпке арналып ақыл, өсиет түрінде айтылады», - дейді. Ұлы
жазушының пікірін деректермен жалғастыр деген тапсырмалар білім алушының
77
өзіндік ізденісін тудырады. Сондай-ақ, жыраулар толғауларындағы архаизм, тарихи
көнерген, мағынасы түсініксіз сөздердің танымдық табиғатын аш немесе
толғаудағы түсініксіз сөздермен жұмыс жасаңыз.
Үлгі: Жабысы – қазақ жылқысының байырғы қарабайыр тұқымы.
Достарыңызбен бөлісу: |