Клаус Шваб «Төртінші индустриялық революция»


Роботтардың қолданылу аймағы және тағайындалуы



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата09.02.2024
өлшемі1.37 Mb.
#491488
1   2   3   4   5
APP-uchebnik

Роботтардың қолданылу аймағы және тағайындалуы 
Роботтарды тағайындалуы және қолданылу салалары бойынша келесі түрде 
жіктеуге болады: манипуляциялық, ақпараттық, мобильді, роботтар-
экзоскелетондар.
2-сурет - Роботтардың жіктелуі 


Кең тараған класқа манипуляциялық роботтар жатады, оларға: 
 өнеркәсіптік роботтар;
 экстремалды орта үшін арналған роботтар; 
 медициналық; 
 тұрмыстық роботтарды келтіруге болады. 
 
Өндіріс саласында қолданылатын өнеркәсіптік роботтарды:
 тасымалдау,
 суық штамповка,
 механикалы өңдеу,
 пісіру, құрастыру, бояу, дәлді құю,
 гальваника,
 тиеп-түсіру,
 лазерлі өңдеу және сол сияқты технологиялық операцияларда қосымша 
және негізгі функцияларды орындау кезінде қолданады.
Роботтардың қолданылу аймағы және тағайындалуы 


 Экстремалды ортада жұмыс жасайтын роботтарға адам 
денсаулығы және өмірі үшін қауіпті жерлерде жұмыс 
жасайтын роботтарды келтіруге болады. Мысалы, 
радиоактивті немесе жарылу қауіпі бар материалдармен 
жұмыс жасайтын робот – өрт сөндіруші.
 Ғарыштық роботтар ғарыштық аппараттарды түйістіруді, 
жасанды спутниктерді буксирлеу және ұстау, жеке 
блоктарды ауыстыру, үлгілерді және грунтты жинау сияқты 
жұмыстарды орындайды.
 Суасты 
роботтары 
авариялы-құтқару 
жұмыстарын 
орындайды және суасты мұнай скважиналарының 
жабдықтарын жөндеу және қызмет ету үшін, су астында 
орындалатын жұмыстарды және суастындағы пайдалы 
қазбаларды бақылау және алу үшін арналған жұмыстарды 
орындайды.
Роботтардың қолданылу аймағы және тағайындалуы 


 Күтуші роботтар деп аталынатын роботтар кемтар науқастарға 
әртүрлі қарапайым функцияларды: денені бұру, радионы қосу 
және басқа да қозғалыстарды орындауға мүмкіндік береді.
 Тұрмыстық 
роботтарға 
үйшаруасы-роботын, 
әртүрлі 
антропоморфты ойыншықтарды, сонымен қатар жарнамалық 
мақсатта және басқа мақсаттарда қолданылатын роботтарды 
келтіруге болады.
 Роботтардың басқа класы – ақпараттық роботтар, ғарышта, су 
асты, жер астында қолданылатын аппараттардан тұрады. Бұл 
роботтардың негізгі тағайындалуы қоршаған орта жайлы ақпарат 
алу және беру болып табылады. Ақпаратты роботтардың негізгі 
ерекшелігі супервизорлы басқарылуы бар. Бұнда операция 
автоматтандырылған түрде жасалады, тек бір операциядан 
екіншіге өтуді супервизор қызметін атқаратын оператор
роботтың әрекетін бақылап, қимыл стратегиясын жасап 
шығарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет