«География»



Pdf көрінісі
бет10/23
Дата11.02.2024
өлшемі1.1 Mb.
#491618
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
1 ОШ ФО География ЕМН 10 класс каз

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану 
Тапсырма 
 
Мәтінді оқыңыз.
Қала экологиясы мысалында, ғаламдық экологиялық проблемалардың туындау механизмін 
инфографика түрінде сипаттаңыз.
Урбанизация (адамның планета территориясын игеруі және өзіне қажетті обьектілерді 
салуы) табиғатқа елеулі әсер етеді. Халықтың сапалы тіршілігін қамтамасыз ету үшін оның 
жолдарын, құралдарын, әдістері мен шешімдерін экологиялық негізделген жағдаймен 
шешуді урбоэкология (қала салудағы экология) саласы қарастырады. Қалалардағы адам 
мен табиғат үшін қолайлы ортаны сол жерде өмір сүретін тұрғындардың психологиялық, 
әлеуметтік жайлылығы, қаланың үйлесімді, орнықты әлеуметтік және экономикалық 
дамуы қамтамасыз етеді. Қалалық орта сонда тұратын халық үшін жоғары дәрежеде және 
әрқалай әсер ететін табиғи, табиғи-антропогендік және әлеуметтік-экономикалық кешенді 
факторлар болып табылады. Адамның қаладағы өмірі - бұл пәтер ішіндегі ортаның, 
пәтерден тыс ортаның (өндіріс орыны, көше, транспорт және т.б), мәдени ландшафтар 
ортасының (бақтар, саябақтар), табиғи ортаның, сондай-ақ әлеуметтік-психолоғиялық және 
әлеуметтік-экономикалық орталардың жиынтығы. 
Жер бетіндегі адамдардың көпшілігі күнделікті өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға 
қолайлы қалада тұратыны мәлім. Алайда қалалар негізгі экологиялық мәселелердің де 
орталығы болып табылады. 2001 жылы тарихта алғаш рет қалалардағы тұратын халық 
саны планетадағы адамдардың 50%- нан асты. Соңғы ғасыр ішінде қалаларға байланысты 
ауқымды экологиялық қиыншылықтар байқала бастады, олар: 

көптеген қалалардағы ластанудың өсуі, ластағыштардыңқоршаған орта мен адам 
организміне түсуі; 

қала аумақтары мен қала халқы санының өсуі, халықтың тығыз орналасуы
мегаполистердің халық саны ондаған миллионға жететін одан да ірі урбоареалдарға 
айналуы; 

табиғатты ығыстыру, табиғи ландшафтардың жасандыландшафтарға ауысуы; 

адамның табиғатпен тікелей байланысының (көзбен, иіссезу, түйсік, дыбыс арқылы) 
жоғала бастауы, табиғи сезім мүшелерінің жағымсыз жасандыға ауысуы және олардың 
қарқынды түрде өсуі; 

адамның табиғи биологиялық ырғағына әсер (түннің шектентыс жарық болуы
шуыл, ұйықтау орнына түнде жұмыс істеу және т.б.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет