«География»


Бөлімше 3.2 Геоэкологиялық зерттеулер негіздері



Pdf көрінісі
бет8/23
Дата11.02.2024
өлшемі1.1 Mb.
#491618
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
1 ОШ ФО География ЕМН 10 класс каз

Бөлімше 3.2 Геоэкологиялық зерттеулер негіздері 
Тақырып: 
Геоэкологиядағы антропогендік факторлар 
Оқу мақсаты: 
10.3.2.5 Табиғатқа әсер ететін антропогендік факторларды
топтастыру және графикалық түрде ұсыну 
Бағалау критеийі: 
Білім алушы 

Табиғатқа әсер ететін антропогендік факторларды 
жіктейді, графикалық түрде көрсетеді 
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану 
Тапсырма 
 
1. Берілген мәтінді пайдаланып табиғатқа әсер ететін антропогендік факторлардың түрлерін 
анықтаңыз.  
Антропогендік фактор (грек. anthropos – адам, genos – тегі, пайда болуы, лат. factor – іс-
әрекет) – адамның барлық тірі организмдердің мекен ортасы ретіндегі табиғатты өзгертуіне 
әкеп соғатын немесе олардың тіршілігіне тікелей әсер ететін сан алуан әрекеттері. 
Антропогендік факторларды 3 топқа бөлуге болады: кенеттен басталған, қарқынды және 
қысқа мерзімді қызметтің нәтижесінде қоршаған ортаға тікелей ықпал ететін, тайга арқылы 
автокөлік немесе теміржол салу, белгілі бір жерде маусымдық аң аулау, жанама әсер ету. 
Антропогендік факторға қоршаған ортаға адамның тигізген іс-әрекетінің нәтижесінде 
атмосфера, өзен-көл және мұхит құрамының өзгеруі, сондай-ақ технология қалдықтар мен 
радиоактивтік заттардың әсерінен топырақтың ластануы, сөйтіп, жалпы экожүйенің құрамы 
мен құрылысының бұзылуы жатады.
Қазіргі кезде адамның іс-әрекетінің кең көлемде бүкіл биосфераға ерекше әсер етуі жер 
шарының барлық аймақтарында айқын байқалуда. Жыл сайын 16,8 млн. га тропиктік 
ылғалды орман жойылатыны, жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан жыл сайын 6 млн. га 
шөл пайда болатыны, қышқыл жаңбырдан 50 млн. га орманның зақымдалғаны, жыл сайын 
біздің планетамызда жыртылатын жердің 26 млрд. т құнарлы қабаты жойылатыны, 
өсімдіктердің 25 – 30 мың түрі жойылып кету қаупінде тұрғаны атап көрсетілген. 
Қазақстанда Арал өңірінің, Семей жерінің, Балқаш маңының, Каспий алқабының 
экологиялық апатты аймақтарға айналуына антропогендік факторлар негіз болып отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет