9
2 тоқсан
Бөлім 3. Табиғатты пайдалану және геоэкология
Бөлімше 3.2 Геоэкологиялық зерттеулер негіздері
Тақырып
Геоэкологияның зерттеу пәні мен өзектілігі
Оқу мақсаты
10.3.2.1 Геоэкологиялық зерттеулердің мәнін,
мазмұнын,
бағыттарын графикалық түрде ұсыну
Бағалау критерийі
Білім алушы
Геоэкологиялық зерттеулердің мәнін, мазмұнын және
бағыттарын графикалық түрде көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1."Қарлы кесек" әдісі бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
а. Геоэкологияның негізгі екі мақсатын атаңыз.
b. Геоэкологиялық зерттеулердің негізгі принциптері қандай?
c. Геоэкологиялық зерттеу әдістерін қандай топтарға бөлуге болады?
d. Экожүйелік тұжырымдаманың мәні қандай?
2. Геоэкологиялық зерттеулердің мазмұны мен бағыттары туралы ақпараттарды ментальды
картада бейнелеңіз.
Ментальды карталарды құрудың негізгі принциптері:
1) Қағаз парағын алып, ортасында бір сөзбен картаға жазылған басты
тақырыпты
жазыңыз. Оны жабық циклге қосыңыз.
2) Орталық тақырыптан қосымша тақырыпшалар құрыңыз және онымен байланысты
түйінді сөздерді орналастырыңыз.
3) Картаны кеңейтуді жалғастырып, тақырыптар таусылғанға дейін түйінді тармақтар
мен қосалқы бөлімшелерді қосыңыз.
Дескриптор
Білім алушы
- «Қарлы кесек» әдісі
арқылы сұрақтарға жауап береді;
-
геоэкологиялық зерттеулердің мәні,
мазмұны және
бағыттары туралы ақпаратты ментальды картада көрсетеді.