Вариан т Сұрақтар мен есеп 1,2,3 дұрыс жауаптары бар тестер


№9. Инфекция. Анықтамасы. Инфекция пайда болуына қолайлы жағдайлары. «Патогенділік» және «вируленттілік» түсініктеріне анықтама беріңіз. Инфекция



Pdf көрінісі
бет47/106
Дата15.02.2024
өлшемі4.94 Mb.
#491794
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   106
Микро рк 03.12.20

№9. Инфекция. Анықтамасы. Инфекция пайда болуына қолайлы жағдайлары. «Патогенділік» және «вируленттілік» түсініктеріне анықтама беріңіз. Инфекция 
формалары. Жіктелуі. 
Инфекция – қоршаған ортаның тиісті жағдайында қабылдаушы микроорганизммен оған, көбейген патогенді немесе шартты-патогенді микроорганизмнің өзара әсері. 
Инфекцияның пайда болуы, дамуы 3 топ факторлармен анықталады: 1) патогенді микробтың болуы; 2) сезімтал макроорганизмнің болуы; 3) қоршаған ортаның жағдайлары.
Инфекция көздері: ауру адам немесе жануар, бактериятасымалдаушылар. 
Адамдардың, жануарлардың немесе өсімдіктердің макроорганизмі үшін инфекциялық процесс қоздырғыштары патогенділік дәрежесіне қарай 3 топқа: патогенді, сапрофитті 
және шартты-патогенді. Патогенділер – бұл адамдардың, жануарлар мен өсімдіктердің жұқпалы ауруларының қоздырғыштары. Сапрофиттер (патогенсіздер) – бұл 
өсімдіктердің және жануарлардың өлі тіндерімен немесе олардың тіршілік ету кезіндегі өнімдерімен қоректенетін микробтар. Шартты-патогенділер – бұл макроорганизмнің 
резистенттілігі күрт төмендеп, көп мөлшерде макроорганизмнің ішкі ортасына түскенде ауру туғызушылық әсер ететін микробтар.
Инфекция шығу тегі бойынша: экзогенді және эндогенді. Экзогенді инфекция – микроб сырттан келіп жұққанда пайда болады. Эндогенді инфекция – макроорганизмнің 
өзінде болған микробтар және қалыпт ы микрофлораның шартты-патогенді өкілдері қоздыратын инфекция. 
Патогенділік – микроорганизмдердің ауру шақыру қабілеті. Патогенділік бактериялардың биологиялық көрсеткіші ретінде олардың 3 қасиетімен көрсетіледі: инфекциондық, 
инвазивтілік, токсигенділік.Инфекциондық – қоздырғыштардың организмге еніп, ауру шақыру қабілетін, сондай-ақ микробтардың патогенді қасиеттерін сақтап қалу 
қабілеті. Инвазивтілік – қоздырғыштардың организмнің қорғаныш механизмдерін өтіп, көбейіп, жасушаларына еніп, онда көбею қабілеті. Токсигенділік - 
микроорганизмдердің токсиндер түзіп, бөлу қасиеті. 
Вируленттілік – микробтардың патогендік дәрежесін сипаттау үшін қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет