Вариан т Сұрақтар мен есеп 1,2,3 дұрыс жауаптары бар тестер


Фагоцитоз процесі 5 кезеңнен тұрады



Pdf көрінісі
бет49/106
Дата15.02.2024
өлшемі4.94 Mb.
#491794
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   106
Микро рк 03.12.20

Фагоцитоз процесі 5 кезеңнен тұрады: 
1.Фагоциттің жұтатын обьектіге жақындауы (хемотаксис) 
2.Жұтатын заттың фагоцит бетіне адсорбциялануы (адгезия) 
3.Затты жасуша мембранасын инвагинациялап, протоплазмада фагосома түзу арқылы жұтуы. 
4.Фагосоманың жасуша лизосомасымен бірігіп фаголизосома түзуі. 
5.Лизосомальдық ферменттерді белсендіріп, олардың көмегімен фаголизосомадағы заттарды қортуы. 
11. АГ мен АД сипаттамасы. Болжамды агглютинация (АР) және Асколитермопрецепитация реакциялары. Қолданылу мақсаты. Реакция механизмі. Реакция 
компоненттері. Реакцияның қойылу принципі және нәтижесінің интерпретациясы.


Антиген- макроорганизмдерге еңген кезде иммундық жүйе танитын және оны жою үшін иммундық тітіркену тудыратын, организм үшін генетикалық бөгде органикалық 
биополимерлер.
Антидене дегеніміз – антигендерге жауап ретінде түзілетін, антигендермен спецификалық байланысқа түсетін мүмкіншілігі бар, көп түрлі иммунологиялық жауап қайтаруға 
қатынасатын гаммаглобулиндер. 
Агглютинация реакциясы (АР) Иммунобиологиялық реакцияны қою негізінде ауру және ауырып тұрған жануарлардың қанының сарысуында осы инфекцияға тән 
арнаулы антиденелердің табылуы арқылы организмде қоздырғыштың болуын анықтайды немесе аурудан белгісіз қоздырғыштың культурасы бөлінсе, оны сипаттап 
жазып, анықтау керек. 
Ауру организм сарысуында инфекция немесе тірі күйіндегі бактериялық антигенді қолдан енгізсе, микробтар торшасын бір жерге шоғырландырып жіберіп, сөйтіп, 
қозғалу қабілетін жоятын заттар табылатынын Губер мен Видаль дәлелдеген болатын. Бұл антиденелерді авторлар агглютининдер деп атаған. Агглютиналаушы 
сарысуларды бактерия эмульсиясына қосқанда бірнеше сағат өткеннен соң эмульсияның мөлдірленіп, микробтар денесінен (желімделген) тұратын пробирка түбінде 
үлпілдек шөгінділер пайда болады. 
Бұл реакциялар толық микроб торшаларымен антидененің әсерлесуіне негізделген. Ол екі фазада өтеді: 1) антиген мен антидененің байланысы; 2) электролиттердің 
қатысуымен шөгінділердің түсуі, мысалы Na хлорид. Осы реакцияны қалыпты әр түрлі варианттарын қолданады: кең түрде (пробиркаға қояды), шамамен (шыны 
айнекшеге). Агглютинацияның жылдамдығы мен сипаты антиген мен антидененің түріне байланысты. О- және Н-антигендердің ерекше антиденелердің әсерлесу 
негізі болып табылады: О-диагностикум реакциясымен (қыздырумен өлтірілген бактериялар) агглютинацияның ұсақ дәнді түрінде болатын; Н-диагностикум 
реакциясымен (формалинмен өлтірілген бактериялар) ірі мақталы және тез өтеді. 
АР анықтау және оның нәтижесін жазып қою. 
Анықтау алдынан бақылауды тексереді. Реакцияны қараңғы фонда немесе сәулені қайта шағылыстыру үшін пробирка түбін айнаға таяп қояды.
Пробирка түбінде түйме 
сияқты антиген тұнбасы түзілсе, онда сарысу теріс болғаны. Сілкігенде бірқалыпты эмульсия түзіледі. Егер пробирка түбінде тұңба қолшатырына ұқсас боліп шөгілсе, 
реакция нәтижесі оң болып саналады. Сілкігенде түйіршіктер байқалады, сұйық мөлдір болып қалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет