Я. К. Аршамов пайдалы қазба кенорындарын



Pdf көрінісі
бет6/66
Дата15.02.2024
өлшемі4.23 Mb.
#491827
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
1. Пайдалы казба кенорындарын геохимиялык издеу адистери. Я.К. Аршамов. 2015

Я. К. Аршамов 
 
10 
Пайдалы қазба кенорындарын геохимиялық іздеу əдістері 
төмендегідей түрлерге бөлінеді: 
1) пайдалы азба кенорындарын іздеуді. литогеохимиялы
əдістері – түбірлік таужыныстарда химиялық элементтердің 
таралуын зерттеуге негізделген əдіс. 
2) пайдалы азбалар кенорындарын іздеуді. гидрогеохимиялы
əдістері – бұл əдіс табиғи жерүсті жəне жерасты суларының 
химиялық құрамын зерттеуге негізделген.
3) пайдалы азбалар кенорындарын іздеуді. биогеохимиялы
əдістері – бұл əдіс тірі заттардың, яғни өсімдіктердің химиялық 
құрамын зерттеуге негізделген. Қазіргі биогеохимиялық 
іздеулер заттың химиялық талдауымен байланысты. 
4) 
пайдалы 
азбалар 
кенорындарын 
іздеуді. 
атмогеохимиялы
іздеу 
əдістері 
– 
пайдалы қазбалар 
кенорындарын іздеудің атмогеохимиялық іздеу əдістері жерасты 
атмосфераның құрамын зерттеуге негізделген, яғни жер бетіне 
жақын орналасқан таужыныстарды қанықтыратын газдардың 
химиялық құрамын зерттеуге негізделген. 
&олданбалы геохимиядағы кейбір негізгі терминдер мен 
т1сініктер.
Геохимиялық аномалия – фондық мөлшерден біршама 
ерекшеленетін химиялық элементтердің жоғары мөлшерлерімен 
сипатталатын геологиялық кеңістіктің бөлікшесі. 
Геохимиялық өріс – химиялық элементтердің сандық 
мөлшерлерімен сипатталатын геологиялық кеңістіктің бөлігі. 
Ауытқымалы геохимиялық өріс – сынамаланатын 
геологиялық 
орталарда 
макро- 
жəне 
микроэлементтер 
таралуының кеңістікті жəне статистикалық ерекшеліктері 
дамитын, фондық бөлікшелерге тəн емес химиялық элементтер 
ассоциациялары жəне оларды анықтау формалары дамитын 
облысты кіріктіретін геохимиялық өрістің бір бөлігі. 
Геологиялық кешен – кеңістікте жəне уақыт аралығында 
бір-біріне жақын, ұқсас геодинамикалық жағдайларда жəне 
нақты құрылымдық-формациялық белдемдермен белдемшелерде 
құрылған, геологиялық бөлімдердің əртүрлі иерархиялық 
деңгейлеріндегі таужыныстардың ассоциациясы. 


Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері 
11 
Геохимиялық ассоциация – бірге жинақталуын жəне нақты 
табиғи жүйелерде бірге өзгеруін көрсететін, өздерінің бірге 
жаралуымен сипатталатын химиялық элементтердің табиғи 
жиынтығы.
Геохимиялық тосқауыл – біршама аралықта химиялық 
элементтер миграциясының қарқындылығы күрт азайып, соның 
салдарынан олардың жинақталуы жүзеге асатын жер 
қыртысының бір бөлікшесі. 
Геохимиялық карта – табиғи геологиялық орталарда: 
таужыныстарда, суларда, топырақтарда химиялық элементтер 
таралуын жəне олардың миграциясы жолдарын көрсететін 
карта. Геохимиялық карталар жеке элементтердің таралуы 
туралы ақпараттардан тұруы мүмкін, ондай карталар 
моноэлементті карталар деп аталады. Ал егер көптеген 
элементтер туралы ақпарттардан тұратын болса, онда оны 
полиэлементті карталар деп атайды. 
Геохимиялық карталау – геохимиялық карталарды салу 
(құру). 
Геохимиялық 
ореол 
– 
кен 
денесі 
маңайындағы 
(айналасындағы, үстіндегі) химиялық элементтердің немесе 
химиялық элементтер топтарының геохимиялық таралу немесе 
жинақталу облысы. 
Геохимиялық провинция – жер қыртысының ірі 
геоқұрылымдық элементтері (n х 100 000 км
2
), олардың заттары
геологиялық процестердің барлық кешендерінің көрінуі 
нəтижесінде 
таужыныстарындағы 
немесе 
олардың 
бірлестіктеріндегі петрогенді жəне сирек элементтердің 
мөлшерлері түрінде қалған, өздеріне тəн құрамымен жəне 
геохимиялық дифференциацияның дəрежесімен сипатталады.
Геохимиялық мамандандыру – əртүрлі дəрежедегі 
геологиялық нысандардағы химиялық элементтердің немесе 
химиялық элементтер топтарының кларкпен салыстырғанда 
жоғары немесе төмен мөлшерлері жəне ауытқымалы бөлінуі. 
Геохимиялық фон – химиялық элементтердің шашыраңқы 
бөлінуі басым болып келетін əртүрлі дəрежедегі геологиялық 
нысандардағы химиялық элементтердің орташа мөлшері. 
Жергілікті геохимиялық фон – біршама жергілікті бөлікше 
ауқымындағы химиялық элементтердің орташа мөлшері. 


Я. К. Аршамов 
 
12 
Аймақтық геохимиялық фон – құрылымдық–формациялық 
белдем дəрежесіндегі ірі аймақтар ауқымындағы химиялық 
элементтердің орташа мөлшері. 
Химиялық элементтерді шығару белдемі – аймақтық 
немесе жергілікті метасоматоз белдеміне немесе инфильтрация 
белдеміне тураланған теріс геохимиялық аномалия. Химиялық 
элементтердің шашырау процесінің басым болуымен сипатталады. 
Химиялық элементтерді ендіру белдемі – аймақтық немесе 
жергілікті метасоматоз белдеміне немесе инфильтрация 
белдеміне тураланған оң геохимиялық аномалия. Химиялық 
элементтердің 
жинақталу 
процесінің 
басым 
болуымен 
сипатталады. 
Концентрация кларкі – кенорындағы немесе кез келген 
минералды денедегі элементтің орташа мөлшерінің жер 
қыртысындағы сол элементтің кларкіне қатынасын көрсетеді.
Геохимиялық корреляция – химиялық элементтер тобының 
бір мезгілде жиналуы, миграциясы жəне шашырауы (осы 
заңдылықтың себептерінен байланыссыз). 
Қайта түзілген геохимиялық ореол – қатты морылу 
өнімдерінің арасындағы кенді құрайтын компоненттердің 
ауытқымалы мөлшерлерінің облыстарымен сипатталады. Қайта 
түзілген ореолдар жəне шашырау ағындары көптеген 
факторлардың 
əсерінен 
кендердің 
жəне 
қоршаған 
таужыныстардың физика-химиялық жəне биогеохимиялық 
өзгеру процестері кезінде қайта жаралады. 
Алғашқы геохимиялық ореол – өнеркəсіптік кенденуді 
қоршаған немесе оның жанында орналасқан кен сыйыстырушы 
таужыныстардағы геохимиялық аномалия. Кен денесімен бірге 
бірдей 
процестермен 
жаралған 
кенді 
жəне 
серіктес 
элементтердің жоғары мөлшерлерімен сипатталады.
 


Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері 
13 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет