сен оны біліп ал), бұйрық рай, келер шақ мəнін береді.
Былайша айтқанда, бұл грамматикалық мағыналар етістік
түбіріне тəн қасиеттер деп саналады» деп етістіктің түбірі мен
бұйрықтық мағынаны бірдей, тең дəрежеде қарастырады. Ал
Н. Сауранбаев етістіктің бастапқы түрін бұйрық райдың 2-жақ
жекеше түрі деп санағанымен, «бұйрықтық мағына етістіктің
лексикалық мағынасы емес» деген тұжырым жасайды. Сонымен
қатар С. Исаев та «біріншіден, бұл екеуі бір ғана грамматикалық
құбылыс болса, оны бір-ақ түрінде ғана атау керек. Екіншіден,
бұйрықтық, жақтық мағына болса, онда ол тұлға етістіктің белгілі
бір грамматикалық категориясының (рай) бір грамматикалық түрі
(бұйрық рай) бола алмас еді. Етістіктің түбірі білдіретін мағына –
етістіктің барлық басқа тұлғаларында сақталып тұратын қимылды
білдіру мағынасы да, ал 2-жақ бұйрықтық мағына етістіктің белгілі
сөздермен сөйлемде белгілі қарым-қатынасқа түсудің нəтижесінде
пайда болатын мағына» деп, бұйрықтық мағына мен етістік
түбірінің арақатынасындағы межені анық көрсетеді. Осындай
78
ғылыми пікірлердің негізінде, етістік пен бұйрықтық мағынаны бір
грамматикалық құбылыс ретінде қарастыруға болмайды.
Тіліміздегі етістіктердің қолданылуында жетекші (негізгі) етістік
пен көмекші етістіктің тіркесі ерекше қызмет атқарады.
Жетекші етістіктер толық лексикалық мағынаны, яғни қимыл ата-
уын білдірсе, көмекші етістіктердің өзіне тəн лексикалық мағынасы
болмайды. Сол себептен де олар жеке-дара жұмсалмай, тек жетекші
етістіктердің екінші сыңары ретінде ғана қолданылады.
«Қазақ грамматикасында» жетекші етістіктердің мына-
дай белгілері көрсетіледі: 1) лексикалық мағынасының болуы;
2) көмекші етістікпен тіркесінде үнемі бірінші тұруы; 3) көмекші
сөздермен де, көмекші сөздерсіз де қосымшаларды қабылдауы;
4) морфемдік құрамының əртүрлі болып келуі. Осы белгілері
негізінде жетекші етістіктер көмекші етістіктерден ажыратылады.
Грамматикалық даму нəтижесінде бастапқы лексикалық ма-
ғынасынан ажырап, грамматикалық қызметке көшкен көмекші
етістіктер тілдің грамматикалық құрылысынан кең орын алады.
Көмекші етістіктер күрделі етістіктің құрамында есімше, көсемше
тұлғаларында қолданылып, қимылдық ұғымды білдіретін жетекші
етістіктерге түрлі грамматикалық мағына үстеуде жəне қимылдың
жүзеге асуын нақты сипаттап, дəл беруде ерекше қызмет атқарады.
Етістік грамматикалық сипаты мен түрлену тұлғасы жа-
ғынан да аса күрделі. Бұл орайда етістіктің грамматикалық ка-
тегорияларының орны ерекше. Жалпы басқа сөз таптарымен
салыстырғанда, етістік – грамматикалық категорияларға бай сөз
табы. Солай бола тұра, етістіктің грамматикалық категорияларының
іштей бір-бірінен өзіндік ерекшеліктері бар. Ол ерекшеліктер
етістіктің грамматикалық формаларының етістік түбіріне үстейтін
мағыналарының табиғатынан, түрлену жүйесінен көрінеді. Осы
тəріздес ерекшеліктеріне қарай, ғылыми еңбектерде етістіктің
лексика-грамматикалық қызметі мен грамматикалық категорияла-
рына қатысты маңызды тұжырымдар жасалады.
Қазақ тіліндегі етістіктерді Ы. Маманов алдымен лексика-
грамматикалық қызметіне қарай негізгі етістік жəне функциялық
етістік деп екі үлкен топқа бөліп, одан əрі негізгі етістіктерді
түбір жəне модификациялы етістіктерге жіктейді, ал функциялық
етістіктерге есімше, көсемше, тұйық етістік, шартты рай,
-ғы
тұлғалы жəне ортақ етіс тұлғалы қимыл есімдерін жатқызады.
Ғалым түбір етістіктің лексикалық мағынасына грамматикалық
79
мағына үстейтін етістік формаларын модификациялы етістіктер деп
түсіндіріп, етіс, күшейтпелі етістік, сыпат категориясы мен бейімдік
күрделі етістік формасын осы топта қарастырады.
Ғ. Əбуханов етістік категорияларын лексика-семантикалық жəне
грамматикалық категория деп екіге бөліп, лексика-семантикалық
категорияларға болымды етістік, болымсыз етістік, көсемше,
есімше, салт етістік, сабақты етістік, етіс түрлерін, ал грамматикалық
категорияларға етістіктің шақ жəне рай түрлерін жатқызса, А. Ыс-
қақов етістіктің грамматикалық категорияларын етістіктің форма-
лар жүйесі ретінде анықтап, төмендегідей бірнеше грамматикалық
категорияларға бөледі: 1) етістік негізі; 2) қимыл атауы категориясы;
3) салттылық жəне сабақтылық категориясы; 4) етіс категориясы;
5) болымдылық жəне болымсыздық категориясы; 6) амалдың өту
сипаты категориясы; 7) есімшелер категориясы; 8) көсемшелер ка-
тегориясы; 9) рай категориясы; 10) шақ категориясы. Бұл топтасты-
руда етістіктің ерекше түрлері болып табылатын есімше, көсемше
жəне қимыл атауы етістіктің грамматикалық категорияларының
қатарында қарастырылады.
Етістіктің грамматикалық категориялары мəселесінде ғалым
Н. Оралбай грамматикалық қосымшалармен бірге аналитикалық
форманттарды да етістіктің грамматикалық мағынасын біл-
діретін көрсеткіштерге жатқызып, етістіктің грамматикалық
категорияларының мынадай түрлерін бөліп көрсетеді: 1) қимылдың
өту сипаты категориясы; 2) етістіктің болымдылық-болымсыздық
категориясы; 3) етістіктің рай категориясы; 4) етістіктің шақ ка-
тегориясы; 5) етістіктің жақ категориясы. Ал салт жəне сабақты
етістіктерді лексикалық мағыналы етістіктер ретінде, етісті салт
жəне сабақты етістік жасайтын етістіктің түрі ретінде анықтап,
оларды грамматикалық категориялар қатарында қарастырмайды.
«Қазақ грамматикасында» (2002) етістіктің грамматикалық кате-
горияларын лексика-грамматикалық жəне таза грамматикалық кате-
гориялар деп екіге бөліп, бірінші топқа, яғни лексика-грамматикалық
категорияларға салт-сабақты етістік, етіс, күшейтпелі етістік немесе
көрініс, болымсыз етістікті, ал таза грамматикалық категорияларға
шақ, жақ, рай категорияларын жатқызады. Сонымен, етістіктің
грамматикалық категорияларына қатысты ғылыми тұжырымдарда,
біріншіден, грамматикалық категориялардың жалпы сипатына, яғни
грамматикалық категориялардың бірде лексика-семантикалық, бірде
лексика-грамматикалық категория түрінде анықталуына, екіншіден,
80
қазақ тілінде етістіктердің грамматикалық категориясы ретінде
қалыптасқан, орныққан салт-сабақтылық пен етістің грамматикалық
категориялар ретінде қарастырылмауына байланысты қарама-
қайшылықтар бар. Бұл тұжырымдардың ішінен етістіктердің
грамматикалық категорияларын лексика-грамматикалық жəне
грамматикалық тұрғыдан анықтап, сондай-ақ салт-сабақтылық
пен етіс категориясын грамматикалық категориялар ретінде
қарастыратын пікірлерді негізді деп тануға болады.
Қазақ тілі етістіктерінің грамматикалық семантикасымен байла-
нысты қалыптасқан категориялардың бірі – салт-сабақтылық кате-
гориясы. Ғалым Ы. Маманов етістіктердің салт жəне сабақты болып
бөлінуі түркі тілдерінде екі түрде белгіленетіндігін атап көрсетеді.
Біріншісі, олар ешқандай грамматикалық көрсеткішсіз-ақ түбір
күйінде өзінің ішкі лексикалық мағынасына байланысты салт жəне
сабақты болып бөлінеді. Жалпы тіл білімінде белгілі категориялардың
арнайы морфемасыз, өзінің ішкі мағынасына қарай бөлінуін
грамматикалық топ деп атайды. Сабақты жəне салт етістіктердің
осындай грамматикалық топтары қазақ тілінде бұлардың тура түрі
болып табылады, яғни сабақты жəне салт етістіктің тура түрі деп ата-
лады. Екіншісі, етістіктер өзара арнайы грамматикалық көрсеткіш
арқылы салт жəне сабақты болып бөлінеді.
Грамматикалық категорияның арнайы морфема арқылы
белгіленуі категориялық форма деп аталады. Салт жəне сабақтылық
категориясының өзіне тəн арнаулы қосымшасы болмаса да,
субъекті мен нысанның грамматикалық қатынасы олардың ішкі
семантикалық мазмұны арқылы өзгеріп отырады. Ондай мазмұн
етістік негізінің түпкілікті семантика-синтаксистік қасиеті арқылы,
яғни табыс септікті қалау не қаламау қабілетіне байланысты
анықталады. «Қазақ грамматикасында» етістіктің салт-сабақтылық
мəнін, біріншіден, оның семантикалық сипаты, екіншіден, «тумысы-
на тəн» ерекшелігі ретінде көрсетеді. Салт жəне сабақты етістіктің
категория ретінде танылуы олардың тұлғалық ерекшеліктеріне
емес, керісінше, жалпы грамматикалық мағыналарына байланыс-
ты болып келеді. Сондықтан бұл категория етістіктің семантика-
синтаксис саласындағы өзгешеліктері қатарында етістіктің лексика-
грамматикалық категориясының бір түрі ретінде сипатталады.
Етістіктің лексика-грамматикалық категорияларының ішінде етіс
категориясы қимылдың, іс-əрекеттің нысан мен субъекті арасындағы
қатынасын түрліше білдіруімен ерекшеленеді. Етіс жұрнақтары етіс-
81
тік түбіріне жалғанғанда, етістік түбірінің салт-сабақтылық мəнін
өзгертіп, сөйлемде субъекті мен нысанның арасындағы қатынас ауы-
сады. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |