83
салуын дəлме-дəл көрсететін ерекше грамматикалық категория.
Н. Оралбай бұл категорияны мағынасы жағынан қимылдың жасалу
тəсілі жəне қимылдың жасалу (даму) сатысы деп екі топқа бөліп,
олардың бірнеше тəсілдері мен даму сатысының жасалу жолдарын
көрсетеді. Амалдың өту сипаты
-ла/-ле, -да/-де, -та/-те; -қыла/-
кіле,-ғыла/-гіле,-ыңқыра/-іңкіре,-мала/-меле,-ымсыра/-імсіре,
-сы/-сі,-сын/-сін жұрнақтары мен бірқатар аналитикалық формант-
тар арқылы беріледі. Мысалы: соққыла, соққышта, айтыңқыра,
сөйлеңкіре, төпеле, қорғала, т.б.
Етістіктің грамматикалық категорияларының
ішіндегі тұлғасы
мен мəн-мазмұны жағынан бай категориялардың бірі – рай ка-
тегориясы. Н. Сауранбаев етістіктегі істің болмысқа, шындыққа
қатынасы туралы сөйлеушінің түсінігін рай категориясының негізі
ретінде түсіндірсе, Ы. Маманов сөйлеушінің сөзі арқылы қимылдың
болмысқа, шындыққа қатысын білдіретін етістік формаларын рай
деп атайды. А. Ысқақов рай категориясын модальдік категорияның
етістік формалары арқылы берілетін амал-тəсілдері
ретінде сипат-
тайды. Рай категориясы етістіктің модальдік мəнінің бірден-бір
грамматикалық көрсеткіші бола тұра, жалпы модальділік ұғымын
толық қамти алмайды. Сонымен, қимылдың шындыққа, болмысқа
қатынасын сөйлеушінің сөзі, түсінігі арқылы білдіретін етістіктің
грамматикалық категориясы рай категориясы деп аталады.
Қазақ тіліндегі рай түрлері сан жағынан түрліше топтастырыла-
ды. Мəселен, А. Байтұрсынов
етістік райларының тұйық рай, билік
рай, ашық рай, шартты рай, ереуіл рай, реніш рай, қалау рай, сенімді
рай,
сенімсіз рай, мұң рай, көніс рай, қайрау рай, азалы рай, теріс
рай тəрізді 14 түрін көрсетсе, Н. Сауранбаев бұйрық рай, ашық рай,
шартты рай,
тұйық рай, қалау рай тəрізді 5 түрін, Ы. Маманов ашық
рай, қалау рай, бұйрық рай, шартты рай, шарттылық рай жəне өкініш
рай тəрізді 6 түрін, А. Ысқақов, Н. Оралбай ашық рай, бұйрық рай,
қалау рай, шартты рай тəрізді 4 түрін бөліп көрсетеді.
Қазіргі тіл
жүйесінде етістіктің райлары сан жағынан ықшамдалып, төрт түрге
бөлініп қарастырылады. Олар: ашық рай, бұйрық рай, қалау рай жəне
шартты рай. Олардың əрқайсысының жасалу жолы, грамматикалық
тұлғасы, өзіндік ерекшеліктері ғылыми негізде анықталған.
Ашық рай – арнайы грамматикалық формалары болмаса да,
жіктік жалғаулары арқылы белгілі бір жаққа,
шаққа қатысты қимыл-
əрекетті білдіретін етістіктің ең өнімді, ауқымды категориясы. Мы-
салы:
Достарыңызбен бөлісу: