Оқулық. Г. О. Сыздықова Алматы, 2012. 160 бет



Pdf көрінісі
бет59/76
Дата15.02.2024
өлшемі457.37 Kb.
#491869
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   76
Syzdykova-Kazirgi-kazak-tili

6. Сан есім
1. Сан есімдердің мағыналық топтарын анықтап, морфемалық 
құрамына талдау жасаңыздар.
Киіз есік ашылып, екі бала жігіт кіріп келді. Сол кештен он 
шақты күн өткен шамада Құнанбайдың үлкен аулы Ақбайтал асуы-
нан асып барып, Шыңғыстың сыртындағы Жігітек, Бөкенші жай-
лауы болған Қопаның аузына қонды. Қасында бір-ақ бөтен ат бар. 
Бұл атыраптағы отыз-қырық ауыл тегіс, ендігі бір өзгеше жиынның 
ордасы сияқты боп алды. Өртеңнің бауырына қонып отырған Ұлжан 


129
аулына Құнанбай екі-үш күндей қонақтады. – Ербол екеуің та-
лай құқайды көресің. Жастарды күттірген той Абайлар келген соң 
үшінші күнде болды (М. Əуезов). Ұзыны 59-71 миллиметр, салмағы 
95-100 грамм тартады. Ұя көлемі бір жарым, екі метр болады. 
Томаға кигізген соң да екі-үш күн ұйықтамай қарсылық көрсететін 
қиқарлығы болады. Ғылыми деректерде бүркіт 100-150 жыл жасай-
ды дейді. Ал қазақ құсбегілері көбінесе 15-20 жыл салған құсты сөз 
етеді (А. Сейдімбек).
2. Сан есімдердің мағыналық топтарын сөйлемдегі қызметіне 
қарай талдап, ерекшеліктерін, басқа сөз таптарымен байланысын 
анықтаңыздар.
Құдасының аулына Ұлжан отыз шақты кісімен келген. Абайдың 
қасындағы жас жігіттер саны он екі. Бірер сандық осы қымбаттарға 
толы болса, өзге теңдері құда-құдағилар сыбағасы. Абай мен Ер-
бол жол көрген біреу керек деп, мұны ылғи басшы боп отыруға 
лайықтап, өз қастарында ұстайтын боп еді. Осыны есіткелі Абай 
жол бойында бір сейіле алмады. Осы кезде келіншектерге еріп кел-
ген балалар күйеу жігіттердің аттарына екіден, үштен мінгесіп ап, 
шаба-шаба жөнелісті. Ең болмаса, Бөжейдің жетісіне шейін немесе 
тіпті қырқына шейін «жыласатын ағайынды», «бата оқырды» осы 
кең қоныс – Шалқарда тоспақ болды (М. Əуезов). Нағашылы-жиенді 
болып екеуі сол жолы ұзақ ақылдасыпты. Торғын болса, төрт жасар 
ұлымен ошақ күзетіп қала берді. Осы əдетпен Қабантау бауырындағы 
Тасбұлаққа Нұркей деген қойшының көшіп-қонғанына төрт-бес 
күн болған. Бұл бағанағы құрық шошайтып ауылдан шыққан үш 
жылқышының бірі болатын. Бұл кезде айқай-сүреңді салып, ауыл 
жақтан жеті-сегіз аттылы құйындатып келіп қалды. Екіншісінің 
мінгені – лоқылдақ желісті ала аяқ торы (А. Сейдімбек).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет