Оқулық. Г. О. Сыздықова Алматы, 2012. 160 бет



Pdf көрінісі
бет67/76
Дата15.02.2024
өлшемі457.37 Kb.
#491869
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   76
Syzdykova-Kazirgi-kazak-tili

15. Модаль сөздер
1. Сөйлемдердегі сөздерге морфологиялық талдау жасап, модаль 
сөздерді тауып, мағынасы мен қызметін анықтаңыздар. 
Айтыс қысқарған сияқты. Шындап ойласа, Тəкежандардың 
шектен асып жатқан істері бар. Үлкен алдында жас қарызы, ата 
алдында бала қарызы – əдеп пен сый екені рас. Бір шақта өрге ба-
сып, енді, міне, қияға қарай да өрлеп келе жатқан тəрізді. Əкесінің 
ат жақты келген, ұзын сопақ басының құлақтан жоғарғы жері қаз 
жұмыртқасындай көрінеді. Қайратты, шапшаң, ер адамның бай-
лауы сияқты (М. Əуезов). Көрік үйінен Сағын ақсақалдың алып 
шыққаны үлкенді-кішілі он шақты қақпан көрінеді. Байқаймын
ұяда қара қанат болып, есі кіріп қалған жалқы балапан бар сияқты. 
Сырт көзге, дəлірек айтсақ, адамның көзімен қарағанда ұшқан құс, 
жүгірген аңның бірі азулы, екіншісі айлакер, үшіншісі көрінгеннен 
зəбір көретін қорғансыз болып көрінуі мүмкін. Тəрізі, бай ауылының 
қонақты қарсы алуға қойған адамы болса керек (А. Сейдімбек).
2. Берілген сөздермен сөйлем құрастырып, модаль сөздердің 
басқа сөз таптарынан ерекшелігін түсіндіріңіз.
Қысқасы, рас, білем, деседі, мүмкін, бəлкім, қажет, көрінеді, тиіс, 
керек.


139
Ү ш і н ш і б ө л і м
Студенттердің өздік жұмысының (СӨЖ) 
тақырыптары
1. Адамзат жəне ғаламзат есімдері
Əдебиеттер:
1. Байтұрсынұлы А. Тіл – құрал. - Алматы, 2009.
2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. 
- Алматы, 2007.
3. Төлеуов Ə. Сөз таптары. - Алматы, 1982.
4. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. - Алматы, 1991.
5. Қазақ грамматикасы. - Астана, 2002.
2. Жалқы есімдердің түрлері, емлесі
Əдебиеттер:
1. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. - Алматы, 1992.
2. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы. - Астана, 2000.
3. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. 
- Алматы, 2007.
4. Төлеуов Ə. Қазақ тіліндегі зат есім мен сын есім категориясы. 
- Алматы, 1975.
5. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. - Алматы, 1991.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет