16
Егер расында Жер бетінде тек 100 адам өмір кешсе, оның 57-і Азиядан, 21-і Еуропадан,
14 кісі
Американың екі континентінен, 8 адам Африкадан болушы еді. 52 әйел мен 48 ер
кісінің 30-ы христиан, 23-і мұсылман болмақ. 100 адамның тек алтауы әлем байлығының
59%-ын иеленсе, 80 кісі нағыз кедей атана алар еді. 100 адамның 70-і жазу танымай, 50-і күнделікті
аштықты көріп өмір сүрмек. 100 адамның тек біреуі жоғары
оқу орнында оқыған болса, басқа
1 адам компьютерден сауатты болушы еді.
Таңертең аман-есен, сау болып ояндыңыз ба? Ендеше сіз апта сайын көз жұматын миллион
адаммен салыстырғанда бақыттысыз.
Егер сіздің күнделікті тұратын баспанаңыз,
киетін киіміңіз, ішетін тамағыңыз болса, сіз
әлемдегі тұрғындардың 75%-ына қарағанда бақытты жансыз.
Осы ақпаратты өз бетіңізбен оқи алсаңыз, сіз жазу танымаған 2 миллиард замандасыңызға
қарағанда, әлдеқайда бақыттысыз.
Достарыңызбен бөлісу: