4 тілдік дағдыда indd



Pdf көрінісі
бет49/58
Дата15.02.2024
өлшемі2.59 Mb.
#491884
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   58
7.2 Түсініктеме хат
Тілдік деңгейі 
**
Тілдік мақсат
Апта күндері, сырқат түрлері
Дағды 
Жазылым
Ойлау әрекеті
Түсіндіру
Оқыту әдісі
Шығармашылықты ынталандыру – қателерді қабылдау
Қарым
-қатынас түрі
Үлкен сыныптарға сай жеке жұмыс
Дайындық
34 кестедегі хатты көрсету үшін сынып постерін жасаңыз.
Жүргізілу барысы 
1. Оқушылармен ауырып қалып, мектепке келе алмай қалған кездері туралы 
сөйлесіңіз. 
2. Оқушылар сабаққа келе алмау себебін көрсетіп, түсініктеме хат жазатын болады.
3. Оқушылардың назарын постердегі хат үлгісіне аударыңыз. Қабілеті төмен 
оқушылар бос орындарға бір сөзден тұратын жауаптар жазады, ал қабілеті жоғары 
оқушылар өздерінің сабаққа келмеу себептерін толық жазулары тиіс.
4. Оқушылар түсініктеме хаттарын аяқтаған соң, жұптық бағалау ұйымдастырыңыз. 
Бір-бірінің жұмыстарын тексеру кезінде грамматикаға, пунктуацияға, сөздердің 
орынды қолданылуына және түсініктеме хат үлгісінің сақталуына мән берулері 
қажет. 


45
34
-кесте. Түсініктеме хат үлгісі
Мерзімі: ............ 
Құрметті ............ 
Мен (Қашан? Қай күні?) ......... мектепте 
болмағаным үшін кешірім сұраймын. 
Менің ................ (Тісің ауырды ма? Ішің 
ауырды ма?) 
Сіздің оқушыңыз 
.......................... (Сенің атың) 
Қосымша 
• Хат үлгілерін үйреткен кезде, хат үлгісін көрсете отырып, оның ерекшелігіне, 
құрылымына оқушылардың назарын аударту қажет. Сонымен қатар белгілі бір хат 
түрлерінде кездесетін сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлем үлгілерін оқушыларға көрсету 
керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет