Білім беру бағдарламасы 6В01200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет14/57
Дата15.02.2024
өлшемі1.22 Mb.
#491985
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   57
ҚАЗАҚ ТІЛІ ӘДІСТЕМЕСІ

 
 
Дәріс мазмұны: 
№9 дәрістің тақырыбы: Қазақ тілі пәнін оқытуда сӛйлеу әрекетінің түрлерін дамыту 
(тыңдалым, айтылым) 
Дәріс мазмұны: 
Тыңдалым – «аудирование» деген терминнің білдіретін мағынасы – есту арқылы 
түсіну. Бұл термин айтылған не техникалық аппараттарға жазылған аудиомәтіндегі 
сӛздерді, сӛйлемдерді тыңдай білудің нәтижесінде қабылдау және түсіну деген ұғымды 
білдіреді. Тыңдалымды жете меңгеру оған қатысты мынадай белгілерді үйретумен 
байланысты: 
1. Басқа дыбыстардан тілдік дыбыс толқынын, олардың ерекшеліктерін ажырата 
білу. 
2. Аудиолық тілдік тұлғалардың мағынасы мен мәнін дұрыс қабылдай білу. 
3. Мәтіннен қажетті деректі тауып, пайдалана білу. 
4. Тыңдалымға қатысты негізгі кӛрсеткіштерді жан-жақты меңгеру. 
Тілді үйретуде тыңдалымның маңызы мен ерекшелігін белгілейтін ең басты 
кӛрсеткіш – тыңдалымға арналған мәтін, яғни аудиомәтін. Тілді үйрету барысында 
тыңдалымның сапалы болуы екі факторға байланысты: а) объективтік фактор, ә) 
субъективтік фактор. Тыңдалымға арналған мәтін әртүрлі ерекшелігіне сай таңдалады: 

үйренетін тілдің айрықша белгілері мен тілдік ерекшелігіне қарай; 

тақырыбына қарай; 

мазмұнына қарай; 

қатысымдық тұлғалардың құрылымына қарай. 
Мәтінмен жұмыс хабарды түсіну дәрежесіне қарай әр түрлі мақсатты кӛздейді: 

мазмұнды толық түсіну; 

ең басты ойды түсіну; 



бӛлшектеп түсіну; 

ақпаратты ӛз қажетіне қарай нақтылап түсу. 
Тыңдалымды жете меңгеру үшін қойылатын талаптар: 
1. Тыңдауға ұсынылатын мәтінде, әңгімеде, пікірде айтылатын басты ой түсінуге 
жеңіл болуы керек. 
2. Үннің ырғағы мен әуені дұрыс естілуі қажет. 
3. Тілді жақсы үйрену үшін, тыңдалым бірінші сабақтан бастап үздіксіз жүргізілуі 
тиіс. 
4. Оқушының тілге қатысты білімі мен дайындығы ескерілген жӛн. 
5. Тыңдалымға қатысты жұмыстардың бәрі бақылауға алынған дұрыс. 
Тыңдалымды меңгерудің әдістемелік екі жолы бар: а) нақты кӛрініс арқылы; ә) кӛрнекілік 
арқылы. Үйренуші мен үйретушінің кӛзбе-кӛз не бірін-бірі кӛрмей қарым-қатынаста болу 
ыңғайына қарай тыңдалым екі түрге бӛлінеді: біріншісі – тіке тыңдалым, екіншісі – 
аралық тыңдалым. Барлық оқыту үдерісінің маңызды тірегі – тілдесім – сӛйлесім 
әрекетінің барлық түрлерін қамтиды. Тілдесім арқылы оқу, жазу, тыңдау, сӛйлеуге үйрету 
жүзеге асады, оларға қатысты жұмыстар атқарылады Мұғалім мен басқа оқушылардың 
сӛйлеуін тыңдауы, естігенінің мәнісін түсінуі, сұраққа дұрыс және нақты жауап беруі, сӛз 
мағынасын түсінуі, сӛзді жұмсалу орнына және мағынасына қарай қолдана білуі
сыныптастарымен тілдесуде сӛйлеу мәдениетін сақтай отырып, ӛзі туралы айта алуы. 
Тілдік емес амалдарды (интонация, мимика, қол қимылдары, дене қимылдары) ауызша 
сӛйлесуде қолдануы. Сюжетті суреттер бойынша әңгімелер құрастыру, ертегілер айту. 
Ӛлеңдер жаттау, санамақтар, мақалдар мен мәтелдер, жұмбақтар жаттау. Жаңылтпаштар 
айту арқылы артикуляциялық аппараттарын дамыту. Сӛздің дыбыстық құрылымы. 
Дауысты дыбыстар, олардың жуан, жіңіщке болып бӛлінуі. Дауыссыз дыбыстар, олардың 
қатаң, ұяң, үнді болып жіктелуі. Буын – ең кіші айтылым бірлігі ретінде. Сӛздердің 
буындарға бӛлінуі. Дауысты дыбыстардың буынқұраушылық рӛлі. Сӛздің мағынасы. 
Сӛйлем құрау. Сӛйлемдерден қысқаша мәтіндер құрастыру. Мәтінді тыңдау барысында 
түсіну. Мұғалімнің ауызша сұрақтарына жауап беру. Сюжетті сурет бойынша немесе 
кӛргені, бастан кешкені, естігені туралы әңгімелесу; қысқаша тақпақтар жаттау, мазмұнын 
айтып беру. Түрлі жанрдағы шығармаларды салыстыру. Шығармадағы негізгі 
кейіпкерлерге мінездеме беру, сипаттама жазу дағдыларын қалыптастыру. Сӛздің 
дыбыстық және әріптік құрамының сәйкестігін немесе сәйкес еместігін нақтылау. 
Сӛздерді қазақ әдеби тілінің орфоэпиялық заңдарына сәйкес айта білу. Коммуникативтік 
мақсаттарға сай (топта сӛйлесу, сұхбатқа қатысу, сахналау, рӛлдік ойындар) сӛйлеу 
мәдениеті этикеттерін пайдалану, лексикалық тақырыптар негізінде сӛздік қорды кеңейту.  
Айтылым – адамдар арасындағы тілдік қатынасты жүзеге асыратын сӛйлесім 
әрекетінің бір түрі. Ол – тілдік қарым-қатынас барысында адамның ӛз ойын жарыққа 
шығару үдерісі, ӛз сӛзін екінші біреуге ұғынықты етіп жеткізу. Оқушыны қазақ тілінде 
ойын ауызша жеткізе білуге үйрету деген – ең алдымен, ӛмірде оны екінші адаммен 
түсінісе білуге үйрету, ойын ауызша жеткізіп қана қоймай, оған жауап ала білуге, ӛзара 
ұғынысуға, тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйрету деген сӛз. Айтылым әрекетіне 
қатысты ең маңызды мәселе – сӛзді дұрыс айта білудің заңдылықтарын және қалыптасқан 
нормаларын меңгеру. Бұл туралы тілші ғалым Р. Сыздықованың түйген ойларының қай-
қайсысы болсын тіл үйренушіге де оқытушыға да тиімді екені айтылады. Айтылым 
үдерісін меңгеру үшін мынадай жағдайларды ескеру қажет: 
1. Үйренетін тілде сӛйлеуге деген қажеттілік. 
2. Қоршаған орта жағдайының әсері.
3. Жеке бастың қабілетін ескеру. 
4. Сӛйлеудің түпкі мақсатын айқындау. Сонымен, айтылым – санамен 
қабылданатын сыртқы дүниенің әсерін ауызша сӛйлеу арқылы жарыққа шығаратын, 
қатысымдық тұлғаларды қамтитын күрделі сӛйлесім әрекеті.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет