Білім беру бағдарламасы 6В01200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет34/57
Дата15.02.2024
өлшемі1.22 Mb.
#491985
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   57
ҚАЗАҚ ТІЛІ ӘДІСТЕМЕСІ

 Дәріс мазмұны: 
№29 дәрістің тақырыбы: Оқу жетістігін бағалау түрлері 
Дәріс мазмұны: 
Оқу жетістігін бағалау түрлері. «Қазақ тілі» пәнін меңгеру нәтижелері критериалды 
бағалауды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Критериалды бағалау оқыту, оқу және 
бағалаудың ӛзара тығыз байланысында негізделген. Критериалды бағалау нәтижелері 
білім беру процессін тиімді жоспарлау және ұйымдастыру мақсатында пайдаланылады.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқушылардың оқу жетістігін 
критериалды бағалау жүйесі арқылы іске асырамыз. Критериалдық бағалау жүйесінің 
дәстүрлі бағалау жүйесінен ерекшелігі неде? деген сұрақ туындауы сӛзсіз. Дәстүрлі 
бағалау үрдісінде мұғалім оқушыға жауап бергені үшін немесе сабақ оқымағаны үшін 
баға қояды. Оқушыны тым кӛтермелеп немесе тӛмендетіп алады. Сонда оқушы 
қаншалықты әділ баға алғанын білмей күмәнмен қарайды, сабаққа деген қызығушылығы 
тӛмендейді. Мұның ӛзі оқушылардың білімге деген қызығушылығын жоғарылатуға 
мүмкіндік жасайтын бағалаудың нақты критерийлері және мұғалім мен оқушы 
арасындағы кері байланыстың болмау себебінен туындайды. Зерттеушілер егер әр білім 
алушыға, оның ата-аналарына түсінікті анық, ӛлшемді бағалау критерийлері берілсе, 
объективті бағалауға қол жеткізуге әбден болады деп есептейді. 
Критерий деген – ұсынылған талаптарға сәйкес бір нәрсені бағалау бойынша 
шешім қабылдау ережесі. Әр критерийдің дискрипторы болады, онда оқу 
тапсырмасының орындалу нәтижесінің дұрыстығы туралы нақты түсінік беріледі. 
Дискрипторға сәйкес бағалау оқушының қойған мақсатына жетуін анықтайды. Ал 
критериалдық бағалау – оқушылардың оқу-танымдық құзыретін қалыптастыруға жағдай 
жасайтын, білім беру мақсаты мен мазмұнына сәйкес білім беру процесіне 
қатысушылардың (оқушылар, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) 
барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан ӛткен, нақты анықталған ӛлшемдер 
арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс. Егер балаға 
оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не 
істеу керек екендігін түсіндірмейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында 
мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау ӛлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда 
бұл балаға ӛзінің нәтижесін жақсарту үшін ары қарай не істеу керек екендігін түсінуге 
мүмкіндік береді. 
Критериалды бағалау ӛзінің анық, айқындылығымен; жеке тұлға емес жұмысының 
бағалануымен; бағаның әділдігімен; ӛзін бағалауға мүмкіндік берілуімен; кері 
байланыстың жүзеге асуымен; алдын ала ұсынылған бағалау шкаласымен ерекшеленеді. 
Критериалды бағалау жүйесінің мақсаты – бағалау критерийлерінің негізінде білім 
алушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу үдерісін жетілдіре 
түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну. Жалпы оқыту үдерісінде критериалды 
бағалауды тиімді ұйымдастырудың жолдары А.Х. Әлімов, С.Т. Камалова, Е.Н. Кохаева, 
Г.М. Кусаинов, И. Логвина, Л. Рождественская, Р.Х. Шакиров, А.А. Буркитова, О.И. 
Дудкина, Г.А. Абдраманова, Г.Б. Тӛреханова, Г.Я. Қазығұлова, А.Т. Айтпукешев, К.М. 
Сагинов т.б. еңбектерінде қарастырылған. Бастауыш сынып оқушыларының білімін 
критериалды бағалауда негізінен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ О.И. 
Можаева, А.С. Шилибекова, Д.Б. Зиеденованың редакциясымен ұсынылған оқу-
әдістемелік құралын пайдаланамыз. Бұл нұсқаулықта критериалды бағалау жүйесінің 
терминдері мен анықтамалары, қағидалары берілген. Білім алушылардың оқу 


жетістіктерін, қалыптастырушы, жиынтық бағалаудың үдерістерін жоспарлау, 
ұйымдастыру кезінде мұғалімге кӛмек болатындай, тәжірибелік ұсыныстар мен 
тоқсандық, жылдық баға қою механизмдері кӛрсетілген. Бұл мұғалімдерге арналған 
нұсқаулық Б.С. Блум, Д. Кратволь, П. Блэк, Д. Уильям, Д. Вуд, Дж Брунер, Л.С. 
Выготски, И.А. Зимняя, М. Томсон, И.С. Фишман, Т.И. Шамова және Кембридж 
университетінің білім беру факультетімен бірлескен, Педагогикалық шеберлік орталығы 
құрастырған, Қазақстан Республикасындағы педагог қызметкерлердің біліктілігін 
арттыру курсының деңгейлік бағдарламасының глоссарийі: оқу-әдістемелік құрал 
негізінде, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы 
т.б. ғалымдардың зерттеу еңбектері негізінде құрастырылған. 
Критериалды бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалаудан тұрады.
Қалыптастырушы бағалау үздіксіз ӛткізіледі, оқушы мен оқытушы арасындағы кері 
байланысты қамтамасыз етеді және оқу процессін дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалау белгілі оқу мерзімінде оқу блогын оқып бітіргенде ӛткізіледі, 
оқушыларға кері байланысты қамтамасыз ету үшін, пән бойынша тоқсандық және 
жылдық бағаларды қою үшін колданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет