Нормативті әсер (өндірістік-шаруашылық) – зиянды
заттардың шекті рұқсатты тастандылары (ШРТ); зиянды заттар-
дың шекті рұқсатты лақтырындысы (ШРЛ).
Нормативтік сапа (санитарлық-гигиеналық) – зиянды
заттардың шекті рұқсатты концентраңиясы (ШРК): зиянды
физикалық әсер ететін (радиация, шу, діріл, электрмагнитті
алаңдар, т.б.) шекті рұқсатты деңгей (ШРД).
Нормативтік кешендер – қоршаған ортадағы шекті рұқ-
сатты экологиялық (антропогенді) жүктеме.
Оқшауланған топырақ мониторингі – жеке жер иелену-
шілер мен жер қолданушылардың аумақтарының шекараларын-
да оқшауланған антропогендіr әсерге ұшыраған топырақтың
жағдайын бақылау жүйесі.
Өңірлік топырақ мониторингі – өңір көлеміндегі аудан-
ды алып жатқан топырақтың жағдайын бақылау жүйесі.
Өңірлік жер мониторингі (Rigionalmonitoringоfland) –
жерқорының жағдайын бақылау жүйесі, бөлінген жер аудан
шегіндегі көлемді алып жатқан әкімшілік шекаралармен
шектелген аудан аймағы.
Пестицидтер – ауылшаруашылық зиянкестерін (арамшөп-
тер, жануарлар, микроағзалар, балдырлар) жоюға арналған хи-
миялық заттар.
Топырақтың антропогенді бұзылысы – физикалық,
химиялық немесе биотикалық антропогенді әсер етуден топы-
рақтың табиғи тұрақтылығы жоғарылайды және топырақтың
экологиялық қызметтерінің орындалуына мүмкіндік бермейді,
топырақ құрамын қайта қалпына келмейтіндей өзгеріске ұшы-
ратады.
Топырақ мониторингісі енгізу кезіндегі базалық бақы-
лаулар – мониторинг енгізілген сәттен бастап бақылау нысан-
дарының жағдайын тіркейтін бастапқы бақылаулар.
Топырақ бонтировкасы – өнімділік қабілетіне байла-
нысты топырақтың салыстырмалы сапасын бағалау, құнарлы-
лығы балмен берілген топырақтың мамандандырылған генети-
калық-өнімділік классификациясы.
|