Қазақстан республикасы білім және ғылым


 Топырақтың техногендік ластану зертханасы



Pdf көрінісі
бет15/107
Дата15.02.2024
өлшемі2.94 Mb.
#491998
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   107
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

14. Топырақтың техногендік ластану зертханасы соңғы 
жылдары мелиоративтік бағыттағы зертханадан бөлініп, ұйым-
дастырылған. Ұжымда әзірше 7-8 қызметкер бар. Оның 3-і ғы-
лыми қызметкер. Зертхананы, география ғылымының докторы, 
профессор М.Ш.Ишанқұлов басқарады. 
Зертхана соңғы жылдары ұйымдастырылғанымен, біршама 
игілікті зерттеулерді бастап жіберді. Жалпыға аян, ғылыми-тех-
никалық үдеу кезіндегі «құдіреті» күшті орталықтың әмірімен 
Жамбыл—Шымкент аймағындағы Қаратау шикізатын игерумен 
байланысты ірі-ірі фосфор зауыттары салынды. Осы шикізатты 
қазып алу, тасымалдау, байыту кездерінде қоршаған орта 
көптеген лас заттармен бүлінді. Зауыттың биік мұржаларынан 
шыққан зиянды заттар да түбінде топыраққа сіңеді. Олардың 
көбісі бейтарап заттар емес, көбінде улы заттар. Олар топы-
раққа, өсімдіктерге , өсімдік арқылы малға, адамға жұғып, көп 
зиянын тигізетіні анық. Мәселен, Жамбыл фосфор зауытының 
айналасындағы шаруашылық мал шығынына көптеп ұшырау 
оқиғалары біраз жылдардан белгілі. Мұның себебі: аймақта 
фосформен бірге фтордың көп таралып, топыраққа сіңуінен 
екені анықталды. Тек фтор емес, сонымен қатар көптеген ауыр 
металдардың, ал Шымкент қаласы маңында қорғасынның өте 
мол таралу ареалдары байқалады. Топырақтың, ауаның бұл 
зиянды заттармен ластануы көптеген ауруларға, әсіресе жас 
балаларға өте қатерлі. Сондықтан бұл құбылыстар дәрігерлік 
саладағы ғылыми-зерттеу институттарымен бірлесіп жүргізі-
луде. 


15. Экологиялық дағдарыс аймақтарының топырақ 
зертханасы 1990 жылы топырақты мелиорациялау зертханасы-
нан бөлініп ұйымдастырылған. Бұл жағдай заңды, себебі біз 
жоғарыда айтқандай, республикамыздың көп жерлері экология-
лық дағдарысқа ұшыраған. Дегенмен бұл мәселелер соңғы жыл-
дарға дейін жариялы болмағаны белгілі. Егеменді ел болғаннан 
кейін, жеріміздің жақсысы да, жаманы да, яғни экологиялық 
дағдарысқа ұшырағаны анықталды. Олардың орнын толтыру 
мүмкіндігі жоқ. 
Зертханада 9-10 қызметкер бар, оның біреуі жетекші 
ғылыми қызметкер, ғылым докторы, 2-і аға ғылыми қызметкер, 
ғылым кандидаттары, 3-і кіші ғылыми қызметкер, қалғандары
ғылыми-техникалық қызметтер атқарады. Ұжымды ауыл шаруа-
шылық ғылымының кандидаты И.Қ.Асанбаев басқарады. 
Бағыты – экологиялық дағдарысқа ұшыраған аймақтардағы то-
пырақ жағдайын жан-жақты зерттеп, жақсарту жолдарын із-
дестіру. Алғашқы обьектісі – суы күннен күнге таралып бара 
жатқан Арал теңізі аймағының топырақ экологиясын зерттеуді 
жалғастыру. Сонымен қатар экологиясы бұзылған мұнайлы 
Каспий аймағын зерттеу жұмыстары қолға алынды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   107




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет