Қазақстан республикасы білім және ғылым


Топырақ эрозиясы-дефляциясы зертханасы



Pdf көрінісі
бет13/107
Дата15.02.2024
өлшемі2.94 Mb.
#491998
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   107
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

12. Топырақ эрозиясы-дефляциясы зертханасы 1959 
жылы құрылған топырақ эрозиясы бөлімі негізінде 1990 жылы 
қайта ұйымдастырылды. Зертхананы көп жылдар бойы биология 
ғылымдарының докторы профессор М.Е.Жанпейісов басқарған 
болатын. Соңғы жылдары зертхананы география ғылымдары-
ның докторы , М.Е.Белгібаев басқаруда. Зертханада12 қызмет-
кер бар, оның 2-і аға ғылыми қызметкер, ғылым кандидаттары, 
3-і кіші ғылыми қызметкер, қалғандары ғылыми техникалық 
қызметкерлер. 
Бағыты республика топырағындағы жел мен су эрозия-
сының құбылыстарын зерттеп, топырақты бұл апаттан қорғау. 
Топырақтың жел эрозиясы проблемасы терістік облыстарымыз-
да тың және тыңайған жерлерді игеруден басталады. Себебі 
тыңды жыртуға жер таңдап алған кезде кейбір қателіктер салда-
рынан құмдақ топырақтар да жыртылып, бұл аймақтарда топы-
рақтың жел эрозиясы жаппай өріс алды. Табиғаттың осы апаты-
мен күресу үшін алдымен бұл апаттың пайда болу себептерін
таралу заңдылықтарын, онымен күресу жолдарын тәжірибе 
жүзінде сынау керек болды. Осы зерттеулермен шұғылдану мақ-
сатында, институт құрамында кезінде арнайы зертхана ашылды. 
Ұжым ғалымдары ең алдымен топырақтың жел эрозиясымен 
күресу жолдарын қарастырды. Ол үшін республикамыздың тың 
игерген барлық облыстары топырақ эрозиялық зерттеулермен 
қамтылды. Топырақ эрозиялық карталар жасалып, онда эрозияға 
шалдыққан жер көлемі көрсетіліп, эрозиялық аудандарға бөлін-
ді. Павлодар, Қостанай облыстарында жел эрозиясына қатты 
ұшыраған төрт-бес шаруашылық жер топырақ эрозиялық зерт-
теулермен қамтылып, олардың егжей-тегжейлі толық карталары 


жасалып, эрозияға қарсы күресу шараларының жобасы бекітілді. 
Мәселен, эрозиямен күресу шаралары Қостанай облысының 
«Белинский» кеңшары мен Павлодар облысының «Преснов» 
кеңшарында жүзеге асып, олардың тиімділігі осы шаруашы-
лыққа сыналды. Тәжірибе қорытындысы жақсы болғандықтан, 
бұл шаралар топырағы эрозияға шалдыққан көптеген шаруашы-
лыққа енгізіліп, тиімді нәтиже беруде. 
Алпысыншы жылдардан бастап зертхана ғалымдары 
оңтүстіктегі таулы аймақтарда кең тараған топырақтың су эро-
зиясы құбылыстарын терең зерттеу мәселелерімен шұғылдану-
да. Ол үшін Кіші Алматы бассейніндегі Шыбынсай бұлағының 
оң жақ орта таулы аймағында тұрақты тәжірибе орны ашылды.
Мұнда су эрозиясына қатысы бар әртүрлі табиғат құбылыстары 
көп жылдар үзбей зерттелді. Топырақтың су эрозиясымен кү-
ресудің ғалымдар ұсынған жолдары Оңтүстік Қазақстан облы-
сының Төле би ауданындағы таулы алқапта орналасқан Ленин 
атындағы кеңшарда сыналды. Бұл тиімді тәжірибе кейінгі жыл-
дары су эрозиясы тараған басқа да шаруашылықтарда енгізіліп, 
жақсы нәтижелер беруде. 
Топырақ құрылымы неғұрлым жақсы болса, ол соғұрлым 
эрозияға шыдамды келеді. Сондықтан зертхана ғалымдарының 
біраз жұмысы топырақтың құрылымын қолдан жақсартумен 
байланысты. Бұл үшін құрылымы нашар, тозаңы шығып жатқан 
топыраққа қолдан жасалған әртүрлі полимерлік қосындылардың 
(ПАА, К-Ч) ерітінділері себіледі. Сонда шаңы шығып жатқан 
топырақ ерітінді әрекетімен желімделіп, жақсы құрылым 
жасайды. Ал ондай топырақ эрозияға оңайлықпен берілмейді.
Ғалымдардың бұл жұмыстарын Қазақстан Ұлттық ғылым ака-
демиясының Химия институты ғалымдары бірлесіп кешенді 
түрде жүргізуде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   107




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет