нің әсерінен бірте-бірте қирап, қопсыған жыныстарға айнала-
ды. Бұл құбылысты геологияда үгілу (выветривание) деп атай-
ды. Сөйтіп ол топырақтың түзілуіне өзгеше жағдай жасайды.
Бұл құбылысқа табиғат күштерінің,
әсіресе температураның,
судың, желдің, күн сәулесінің, көшпелі мұздарының әсері
ерекше.
Ғылыми тұрғыдан қарайтын болсақ тау жыныстарының
үгілуі
физикалық, химиялық, биологиялық болып бөлінеді
.
Физикалық жолмен үгілу – тау жыныстарының химиялық
құрамы
өзгермей, тек әртүрлі механикалық бөлшектерге
бөлінуін айтады. Физикалық үгілулерге қатысатын негізгі
күштер – температура, жел күші, тасқын сулар, көшпелі мұздар.
Мысалы – тау аймақтарында жиі жауған жаңбырдың немесе
қар қабаттарының көктемде еруінен сел тасқындары болады.
Оның күшімен ірі-ірі тастар домалап, бір-біріне соғылып,
майда жыныстарға айналады.
Химиялық үгілу – тау жыныстары құрамындағы әртүрлі
тұздардың немесе басқа қосылыстардың суда,
қышқыл мен
сілтіде еруінен және ауадағы оттегімен тотығуынан пайда
болатын құбылыс. Мұның нәтижесінде химиялық құрамы
жағынан жаңадан минералдық заттар пайда болады. Алайда
химиялық үгілудің бір түрі екіншісіне қарағанда басым болады.
Мысалы, ылғалы мол, әрі күні жылы тропиктерде химиялық
үгілу құбылысы белсендірек өтеді. Ал ауа райы аса суық тундра
немесе күні аса ыстық, ылғалы өте аз шөлді аймақтарда физи-
калық үгілу құбылыстары басымырақ жүреді.
Физикалық және химиялық үгілулердің
нәтижесінде тау-
лар бұзылып, шыңдар мүжіледі. Құм мен балшық суға жуылып-
шайылып, су күшінің кемуіне және жер бедерінің ыңғайына
қарай шөгеді. Физикалық үгілу болсын, химиялық үгілу болсын
өзінше топырақ түзіле алмайды. Топырақ түзілу құбылысы –
физикалық та емес, химиялық та емес, биологиялық құбылыс.
Биологиялық үгілу нәтижесінде қатты тау жыныстарынан
қопсыған ылғал сіңіргіштік, су өткізгіштік қасиеті бар ұнтақ-
талған жыныстар пайда болады. Физикалық және химиялық
үгілу кезінде босаған, суда ерігіш өсімдіктерге қоректік минерал
заттар ауқымды геологиялық заттар айналымына түседі де,
әртүрлі су ағыстарымен, өзендерге, теңіздерге, тіпті мұхиттарға
қосылып, шөгінді жыныстарға айналады. Осы қопсыған, ұнтақ-
талған жыныстарға тірі организмдер
қоныстана бастаған уа-
қыттан бастап, олардың денесіне керекті заттар өсімдіктер мен
микроорганизмдердің өздеріне қажетті қоректік заттарды сіңіру-
лерінің нәтижесінде көлемді геологиялық айналымынан келіп
түседі, яғни ауқымды геологиялық зат айналымынан кіші био-
логиялық зат айналымына көшеді. Қоректік заттары жоқ тау
жыныстары тірі организмдер мекендегеннен кейін қоректік био-
фильді минералды және органикалық азотты заттардың қорына
айналады, яғни құнарлы топырақ пайда болады.
Үгітілген тау жыныстарында өсімдіктердің өсе бастауы –
топырақ түзілу құбылысының бастамасы.
Ғалымдардың тұжырымдамасы бойынша Жер бетінде
алғашқы пайда болған тірі ағзалар өсімдік те, жәндік те емес –
Достарыңызбен бөлісу: