Қазақстан республикасы білім және ғылым



Pdf көрінісі
бет33/107
Дата15.02.2024
өлшемі2.94 Mb.
#491998
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   107
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

2.Өсімдіктердің топыраққұралу үдерісіне тигізетін әсері 
үлкен, жан-жақты, тікелей және жанамалы болады. 
А. Өсімдіктер топырақтың жоғарғы қабатында шірінді зат-
тардың жиналуына қатысып, оның құнарлылығын арттырады. 
Ә. Өсімдік қалдықтары топырақтағы микроағзаларға қорек 
болып, тіршілігіне жағдай туғызады. 
Б. Өсімдік тамырларынан әртүрлі қышқыл қосындыларды 
бөліп шығарып, топырақтағы өте нашар еритін минералдық 
заттардың бұзылуын үдетіп, топырақ қабатында жылжымалы 
қосындылардың жаралуына себеп болады. Бұлар – өсімдіктердің 
топыраққа тигізетін тікелей әсері. 
Осымен қатар өсімдік топыраққұралу үдерісіне жанамалы 
да әсер етеді. Мысалы, өсімдіктер тегінің әр тобы ауа райы 
өзгешеліктерінің (жауын-шашын, температура, жылу, т.б.) ба-
ғытын анықтайды. Өсімдіктердің осы екі жақты әсері мен мик-
роағзалардың бірлескен әсерінің арқасында топырақ құралады. 
Осы жасыл және хлорофилсіз өсімдік топтарының табиғи 
бірлескен әсерлерін топырақтануда өсімдік формациялары 
дейді. Академик В. Вильямс органикалық заттар түзетін жоғар-
ғы сатылы жасыл өсімдіктерді, оларға сәйкес, түзілген орга-
никалық заттарды бұзатын микроағзаларды төрт формацияға 
(топтарға) бөлген. 
Бұл өсімдіктер формациялары топыраққұралу үдерісінің 
(процесінің) дамуын әр жақты анықтайды. Қылқан жапырақты
ағашты ормандарда, ылғалы мол жағдайда, саңырауқұлақтар 
әрекетімен, күлгін (шымды-күлгін) топырақтар құралады. Шөп 
тектес өсімдіктер формациясының астында топырақтың шымды 
және далалық типтері пайда болады. Солтүстік шабындықтар 
астында – анаэробты бактериялардың қатысуымен шым- ша-
бынды, ал далаларда аэробтардың қатысуымен – қара, қара 
қоңыр топырақтар түзіледі. 
Өсімдіктер мен жануарлар әлемінің ішінде топырақ түзілу-
дің маңызды және басты факторлардың бірі өсімдіктер болып 
табылады. Барлық жасыл өсімдіктерді екі топқа бөлуге болады: 
ағаш тектес және шөптесін өсімдіктер. Ағаш тектес өсімдік-


тердің тіршілігі ұзақ, терең, көп жылдық тамыр жүйелерімен 
сипатталады. Шөптесін өсімдіктер салыстырмалы түрде аз 
уақыт өмір сүреді, олардың көбісінің жер бетіндегі бөлігі жыл 
сайын толығымен қурайды. Олар тіршілік ету мерзімдері 
бойынша үш топқа бөлінеді: эфемерлер, бір жылдықтар, екі 
немесе көп жылдықтар. Эфемерлердің тіршілік циклі жаздың 
басында бітеді, бір жылдықтарда – вегетациялық кезеңнің 
аяғында, ал екі немесе көп жылдықтарда – екі жыл ішінде 
жүреді. Көпжылдық өсімдіктерге екі жылдан көп тіршілік 
ететін, терең тамырлы және тұқым шашатын астық тұқымдастар 
жатады. Жасыл өсімдіктер күн сәулесінің энергиясын, көмір-
қышқыл газын, суды және минералды тұздарды пайдалана 
отырып, биологиялық айналымға көп мөлшерде қоректену эле-
менттерін тарта отырып, органикалық заттар түзуге қабілетті. 
Жыл сайын өсімдіктердің тіршілік үдерістері арқасында жер 
жүзінде 20 млрд тоннаға жуық органикалық заттар түзіледі. Бұл 
кезде олар атмосферадан 34 млрд т. көмір қышқылы, 26 млрд т. 
су, 0,4 млрд т. азот және 1,2 млрд т. басқа да қоректік эле-
менттер пайдаланады. 
Өсімдік түрлері өздерінің химиялық құрамдары мен қа-
сиеттеріне қарай әртүрлі органикалық заттар түзеді. Өсім-
діктердің тамыр жүйелері, өздерінен бөлінетін заттар арқылы, 
аналық тау жыныстарының қасиеттерін өзгертеді, оларды қоп-
сытады, су және ауа өткізгіштігін арттырады, оны әсіресе 
топырақтың ең жоғарғы қабаттарында арттырады. Топырақтың 
жоғарғы қабаттарын тесіп шығатын өсімдіктердің өркендері 
құрылымдық өзгерістер болуына, ал тамырдан бөлінетін заттар 
– минералдардың ыдырауына және микроағзалардың дамуына 
септігін тигізеді. 
Органикалық заттардың ыдырауы кезінде жаңа органика-
лық қосылыстар, қышқылдар және тұздар пайда болады да, олар 
тау жыныстарымен арақатынасқа түседі. Қоршаған ортаға 
өсімдік жамылғысы жан-жақты пайдасын тигізеді: топырақ пен 
ауа температурасын, ылғалдылығын өзгерту арқылы атмосфе-
ралық жауын-шашынның сіңбей ағып кетуінің, топырақты 
судың ағызып кетуінің алдын алады. 


Топырақтың түзілуінде, өсімдіктер сияқты, микро-
ағзалардың да рөлі зор. Микроағзалар органикалық заттарды 
қарапайым тұздарға дейін ыдыратады, оларсыз қоректік 
элементтердің биологиялық айналымының жүруі мүмкін емес. 
Егерде органикалық заттар мен микроағзалар топырақта жоқ 
болса, өсімдіктердің өлі қалдықтары көбейіп кетіп, қоректік 
элементтердің органикалық заттарда қалып қалуына байла-
нысты, өсімдіктердің тіршілігі де тоқтаған болар еді. Микро-
ағзалар топырақтарда көптеген реакциялардың жүруіне себеп 
болатын алуан түрлі ферменттерді бөліп шығарады. Микро-
ағзалар органикалық заттар мен минералды ыдырата отырып, 
органикалық минералдық коллоидты қосылыстардың пайда 
болуына әсер етеді. 
Органикалық заттарды ыдырататын микроағзалар үлкен 
үш топқа бөлінеді: аэробты бактериялар, анаэробты бактериялар 
және саңырауқұлақтар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   107




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет