Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


- 6 а п. Қылмыстық заңның уақыт бойынша қолданылуы



Pdf көрінісі
бет16/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

5-
6 а п. Қылмыстық заңның уақыт бойынша қолданылуы 


55 
әрекеттің объективтік жағын орындау уақытынан бастап аяқталған деп саналады. Қылмыстық 
кодекстің 6-бабы қылмыстық заңның кері күшін колдануға, яғни жаңадан қабылданған қылмыстық 
заңның күшінің, оның занды күшіне енгенге дейінгі істелген іс-әрекетіне қолданылуына мүмкіндік 
береді. 
6- 
6 а п. Қылмыстық заңның кері күші 
1. 
Іс-әрекеттің қылмыстылыгын немесе жазаланушылыгын жоятын, қылмыстық қуқық 
бузушылық жасаган адамның жауаптылыгын немесе жазасын жеңілдететін не- месе жагдайын 
өзге де түрде жақсартатын заңның кері күші болады, ягни осындай заң қолданысқа 
енгізілгенге дейін тиісті іс-әрекетті жасаган адамдарга, оның ішінде жазасын өтеп жүрген 
немесе жазасын өтеген, бірақ сотталгандыгы бар адамдарга қолданылады. 
2. 
Егер жаңа қылмыстық заң адамның жазасын өтеп жүрген іс-әрекеті үшін 
жазаланушылықты жеңілдетсе, онда тагайындалган жаза жаңадан шыгарылган қылмыстық 
заң санкциясының шегінде қысқартылуга жатады. 
3. 
Іс-әрекеттің қылмыстылыгын немесе жазаланушылыгын белгілейтін, осы іс- әрекетті 
жасаган адамның жауаптылыгын немесе жазасын күшейтетін немесе жагдайын өзге де түрде 
нашарлататын заңның кері күші болмайды. 
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңы ізгілік принципін басшылыққа ала отырып, іс-
эрекеттің қылмыстылығын және жазаланушылығын жоятын, жауаптылықты және жазаны 
жеңілдететін немесе кінәлінің жағдайын басқа түрде жақсартатын заңның кері күші бар, яғни мұндай 
заң күшіне енгенге дейін тиісті қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді істеген адамдарга, оның ішінде жазаны 
өтеп жүрген немесе өтеп шыққан сотталғандық атағы бар адамдарға күші жүреді деп белгілейді. 
Егер жаңа қабылданган қылмыстык занда жазаның мөлшерін кыскартса немесе балама жазалардың 
ауыр түрін қылмыстық баптың санкциясынан алып тастаса, кылмыс санкциясына жазаның ауыр 
түрінің орнына жеңілірек жаза түрін ендірсе немесе санкцияда көрсетілген қосымша жаңа түрін 
жонса немесе оны жеңілірек түрдегі косымша жаза түрімен алмастырса, кылмыстық заңның кері 
күші қолданылады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін күшіне енгізу 
туралы жоғарыда көрсетілген заңына сәйкес 2015 жылгы I қацтарға дейін шығарылган сот үкімдері 
мен қылмыстық-құқыктык сипаттағы баска шараларды қолдану туралы өзге де сот актілері, егер заң 
әрекеттің қылмыстылыгын жоятын, қылмыстык қүқық бүзушылық жасаған адамның жазасын 
жеңілдететін немесе жагдайын өзге де түрде жақсартатын жагдайда, оларды Қазақстан 
Республикасы Қылмыстық кодексінің қылмыстық заңының кері күші белгіленетін 6-бабына сэйкес 
келтіру мақсатымен кайта қаралады. Бүрынгы шыгарылған сот үкімдері және басқа да сот актілерін 
кайта қарауды үкімді шыгарған соттың немесе сотталған адам жазасын өтеп жатқан жерде 
орналасқан соттың судьясы жүргізеді. Сондай-ақ, осы заңның 6-бабына сэйкес бүрынгы 1997 жылғы 
Кодекс бойынша жаза болып есептелінген жаза түрлеріне сотталган адамдар бұл жазалар жаңа 
Қылмыстық кодексте жоқ болса, жазасын өтеуден босатылып, соттылыгы алынып тасталады. 
Қолданылып жүрген қылмыстық жэне баска да заңдарға тиісінше өзгертулер мен толықтырулар 
енгізілген жағдайда да Қылмыстық кодекстің 6-бабының нормасы тікелей басшылыққа алынады. 
Бүл туралы Қазақстан Республикасы Жогарғы Сотының 2005 жылгы 25 қазанда қабылданган 
«Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық-атқару 
кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «2002 жылғы 21 -желтоксандағы Қазақстан 
Республикасы Заңын соттардың қолдануының кей- бір мәселелері туралы № 7 нормативтік 
қаулысында: «Соттар Занды қолдану кезінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 5-
бабының эрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятын, жауаптылықты немесе 
жазаны жеңілдететін немесе қылмыс жасаған адамның жагдайын өзге де жолмен жеңілдететін 
заңына кері күші бо- латынына, ягни осындай заң күшіне енгенге дейін тиісті әрекет жасаған 
адамдарға оның ішінде жазасын өтеп жүрген немесе жазасын өтеген, бірак соттылыгы бар адамдарга 
колданылатындыгы туралы талаптарын қатаң сақтаулары тиіс», - деп атап көрсетті. Іс- әрекеттің 


56 
қылмыстылыгын немесе жазалаушылыгын белгілейтін, жазаны күшейтетін немесе кінәлінің 
жагдайын баска түрде нашарлататын қылмыстық заңның кері күші бол- майды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет