Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  6 а п. Қорганшы немесе қамқоршы қуқықтарын теріс пайдалану



Pdf көрінісі
бет207/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

142- 
6 а п. Қорганшы немесе қамқоршы қуқықтарын теріс пайдалану 
Қорганшылыгындагы (қамқорлыгындагы) баланың қуқықтары мен заңды мүдделеріне 
елеулі түрде қысым жасауга әкеп соққан, қорганшылықты немесе қамқоршылықты 
пайдакүнемдік немесе қорганшылыгындагы (қамқорлыгындагы) балага зиян келтіріп өзге де 
уждансыз пигылмен пайдалану немесе қорганшылыгындагы (қамқорлыгындагы) баланы 
қадагалаусыз немесе қажетті көмексіз қасақана қалдыру
 -


313 
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол мөлшерде 
түзеу жумыстарына не екі жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мер- 
зімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Қылмыстык кұқык бұзушылыктың объектісі - камкоршы немесе корғаншы тагайындалған 
баланың денсаулығы, дұрыс тәрбиесі, сондай-ак олардың материалдык мүдделері. Объективтік 
жағынан кылмыстык кұкық бұзушылық камкоршылыкты не- месе қорғаншылықты пайдакүнемдік 
немесе қамқоршылыктағы (қорғаншылықтағы) балаға зиян келтіру үшін өзге арам мақсаттарға 
пайдалану немесе қорганшылықтағы (қамқоршылықтағы) баланы касақана қадагалаусыз немесе 
кажетті көмексіз калдыру қамқоршылықтағы (қорғаншылықтағы) баланың кұқықтары мен занды 
мүдделеріне еле- улі нұқсан келтіруге әкеп соғу әрекеттерін істеу аркылы жүзеге асырылады. 
Мысалы, қамқоршылыкты немесе корғаншылықты пайда табу мақсатымен - ягни балаға тиісті 
меншікті талан-таражға салу үшін пайдалану немесе балаларға тиімсіз келісімдер жа- сау; балаларды 
көмексіз, қадағалаусыз қалдырып қаңғытып жіберу, оларды ұрып-сабау, қорлық көрсету, аш ұстау, 
оқытпау сиякты занды кұкықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіру. 
Қылмыстық құқық бұзушылық материалдық құрамға жатады. Заңда көрсетілген баланың 
құкықтары мен занды мүдделеріне елеулі нұксан келтіру мәселесі накты жағдайларға байланысты 
сот органдары аркылы анықталады. 
Қылмыстык құқық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей касақаналықпен істе- леді. 
Қылмыстық құкык бұзушылықтың мақсаты - пайдакүнемдік немесе өзге де арам пиғылдар. 
Қылмыстық кұкық бұзушылыктың субъектісі - заң бойынша белгіленген камкоршы немесе 
қорғаншы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет