424
танылады. Байланыс құралдарын, арнаулы техникалык кұралдарды пай- далану арқылы да банктік
немесе коммерциялық құпиялары бар кұжаттардың мазмұны, көшірмесі алынуы мүмкін.
Компьютерлік жүйені немесе желіні заңсыз пайдалану арқылы құжаттарды пайдаланып, ондағы
мәліметтерді қолға түсіруі де мүмкін.
Құрылысы жагынан 223-баптың 1 -тармағындағы қылмыстық
құкық бұзушылық құрамы
формальдык кұрамға жатады. Қылмыстық кұқық бұзушылык осы құрамның обь- ективтік жағының
белгілерінің біреуін істеген уақыттан бастап аякталған деп табылады.
Субъективтік жағынан талданып отырған қылмыстык кұқық бұзушылық құрамы тіке- лей
қасақаналықпен жэне арнаулы мақсатпен (коммерциялық немесе банктік құпияны жинау) жүзеге
асырылады.
Қылмыстық құқық бұзушылык субъектісі - 16-ға толған, есі дұрыс, кез келген коммерциялық
жэне банктік кұпияға иелік етуге кұкығы жоқ адам. Қылмыстык кодекстің
223-
бабының 2-тармағында көрсетілген кылмыстык кұкық бұзушылық құрамының объективтік
жагының белгілері: коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді олардың иесінің
келісімінсіз, бұл құпия қызметіне немесе жұмысына бай- ланысты сеніп
тапсырылған адамның ірі
зиян келтіре отырып пайдакүнемдік немесе өзге де жеке басының мүддесіне жария етуі немесе
пайдалануы деп көрсетілген. Мұндағы жария ету дегеніміз - коммерциялық немесе банктік кұпияны
құрайтын мэліметтсрді олардың иесінің келісімінсіз, осы құпия кызметіне немесе жұмысына
байланысты сеніп тапсырылған адамның хат жазысу, жария түрде баяндама жасау, құжаттарды
көрсету арқылы, тағы басқадай әрекеттері арқылы бөтен адамға жариялауы болып табылады. Бөтен
адам деп қызметі немесе жұмысы бойынша коммерциялық немесе банктік құпияға ешбір қатысы
жоқтарды айтамыз.
Пайдалану деп заңсыз жария етілген осы құпияларды бәсеке жақтың өз мүддесіне іске асырып,
оның иесіне елеулі зиян келтіруін айтамыз.
Қылмыстық құкык бұзушылық құрамы материалдық. Осы жоғарыда көрсетілген эрекеттер ірі
зиян келтіргенде қылмыс аяқталған деп табылады.
Қылмыстык құкык бұзушылық құрамы (223-баптың 2-тармағы) субъективтік жағынан
қасақаналықпен (тікелей және жанама) істеледі. Қылмыстық құқық бұзушылықтық ниет
пайдакүнемдік жэне өзге де жеке мүдделік.
Қылмыстық құқық бұзушылыктың субъектісі - арнаулы субъект. Қызметіне немесе жұмысына
байланысты өзіне коммерциялык немесе банктік құпия мәлім болған адам.
Осы бап бойынша қылмыстың аса ауырлататын түріне - Мемлекеттік органдардың лауазымды
адамдарының ақшамен жэне (немесе) өзге мүлікпен жасалған
операциялар туралы қаржы
мониторингі субъектілерінен алынған мәліметтер мен акпаратты заңсыз жария етуі немесе өзге де
заңсыз пайдалануы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құкықтары мен занды мүдделерін не
қоғамның немесе мемлекеттің заңмен корғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соққан іс-
әрекеттері жатады.
Қылмыстык құкық бұзушылык субъектісі мемлекеттік органдардыц лауазымды адамдары.
Олардың түсінігі ҚК-тің 3-бабының 26-тармагында көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: