Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015



Pdf көрінісі
бет49/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

Айдап салушы. Басқа адамды азгыру, параға сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге де 
жолмен қылмыстық құкык бұзушылық жасауға көндірген адам айдап салушы деп танылады (28-бап, 
4-бөлігі). 
Айдап салушы болашақ қылмыстық кұқык бұзушылықты орындаушыны эр түрлі әдіспен 
қылмыс істеуге азғырып, көндіріп, оның батылдыгына жігер береді. Айдап са- лушы (азғырушы) 
қылмыстык кұқык бұзушылықты істеушінің сана-сезіміне, еркіне тікелей әсер етіп, оны қылмыстық 
құқық бұзушылық жасауға тікелей жігерлендіреді. Айдап салушының өзі қылмыстық құқық 
бұзушылық істеуге көндірген адаммен қатынас жасауы ауызша, жазбаша, қимыл көрсету және тагы 
баска сан түрлі болуы мүмкін. 
Қылмыстық кұкық бұзушылық істеуге біреуді көндірудің тәсілі, құралы да сан түрлі болуы 
мүмкін. Мұнда қорқыту, өтіну, сатып алу, сый-сияпат жасау, өз өкілдігі мен бе- делін пайдалану 
сияқты сан алуан әдістер пайдаланылуы мүмкін. Кейбір жағдайларда айдап салушы біреу емес, 
бірнешеу болуы да ыктимал. Айдап салудың барлық тәсілдері мен әдістері азғыруға көнушінің еркін 
басуға немесе оны шатасуга әкеліп соқтырмауы керек, қайта оның белгілі бір қылмыстық құкык 
бұзушылықты жасауға деген жігерін қоздырып, соны істеуге деген бел байлағандыққа итермелеуі 
керек. Айдап салушы барлық уақытта да белсенді эрекет күйінде жүзеге асырылады. Айдап 
салушыны интеллектуалдық көмек берудің түрінен ажырата білу керек. Интеллектуалдық көмек бе- 
руде адам қылмыстық құкық бұзушылыкты орындаушының ниетін кұптайды, ал айдап салушылықта 
қылмыстык кұкык бұзушылық істеуге біреуді белсенді түрде көндіреді. Яғни, бұл екі ұғымның 
айырмашылыгы осында. Айдап салушылық өзінің істеген іс- әрекетінің мәнін сезуге қабілеті нақты 
бір шешім жасайтын адам жөнінде ғана орын алады. Сондықтан да есі дұрыс емес адамды
қылмыстык құқық бұзушылық үшін кәмелепік жаска толмаган жасөспірімді айдап салушылықта 
қылмысқа қатысу тәртібі колданылмайды, бұл жерде айдап салушының әрекеті біреу арқылы зиян 
келтіру ретінде багаланады. Сол сияқты біреуді әдейілеп қасақана теріс багытқа салып, соның 
қатесін иайдаланып, сол арқылы қылмыстық құқық бұзушылықты жүзеге асыру да кылмыстық 
күқық бүзушылыққа сыбайластыкпен қатысудагы айдап салушылық болмайды. Мүндай реперде 
ондай әрекеттерді істеген адамның өздері қылмыстык қүқық бүзушылықтың тікелей 
орындаушысына айналып кетеді. 
Субъективтік жагынан алғанда, айдап салушылык әрекеті тікелей касаканалық арқылы 
сипатталады. Өйткені айдап салушының арам ниеті біріншіден, орын алатын накты кылмыстық 
құқық бұзушылық құрамының объективтік жагынан туындайтын барлык мән-жайларды, екіншіден, 
озінің әрекетімен қылмыстык қүқық бүзушылық нәтижесінің себепті байланысынын жалпы дамуын 
болжайды. Демек, айдап салушы қылмыстык қүқық бұзушылық істеуге басқа біреуді көндіріп, оны 


122 
накты бір қылмыстық қүқық бүзушылықты орындауга көндіреді. Егер адам қылмыстық құқық 
бұзушылық жасауга азгырмайтын өзінің теріс көзқарасымен көңіл-күйін білдірсе, онда ондай 
адамның әрекетінде айдап салушылық болмайды. 
Кей кезде мүндай іс-әрекет нақты бір жагдайларға байланысты жеке қылмыстық қүқық 
бұзушылық қүрамын түзуі мүмкін (179, 180-баптар). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет