123
кұқык бұзушылыққа көмектесуші субъ- ективтік жағынан орындаушының істейтін қылмыстық
құқық бұзушылығының мэні жөнінде толық хабардар болса, одан туындайтын зардапты күні бұрын
болжаумен бірге қылмыстық кұқық бұзушылыкты орындаушының істейтін
іс-эрекетіне өзінің
себепті байланысының болғандыгын толық сезеді жэне соны тілейді. Заң бойынша күні бұрын
қылмыс істегенге дейін немесе кылмысты істеу барысында уэде беріп, қылмыстык кұқық
бұзушылықты жасыру қылмыстық кұқық бұзушылыққа көмектесудің бір түрі болып табылады.
Қылмыстық кұқық бұзушылық аяқталғаннан кейін оған көрсетілген көмек қылмыстық құқық
бұзушылыққа
көмектесу емес, бұл іс-эрекет қылмыстық занда көрсетілген жағдайда, кылмыстық
кұқык бұзушылықты жасыру ретінде сараланады.
Қылмыстық құқық бұзушылық істеуден бас тартудың ережелері қылмысқа бірге қатысушыларға
да қолданылады. Орындаушының қылмыс істеуден өз еркімен бас тартуы дегеніміз оның алдын ала
келісілген кылмыстық құқық бұзушылык әрекеттерді мүлдем істемеуі немесе оны орындаудан
дайындық сатысында бас тартуы. Орындаушының дайындық сатысында істеген іс-эрекетінде басқа
бір қылмыстық құқық бұзушылық құрамы бар болса, сол үшін ғана жауапты болады. Мысалы, кісі
өлтіруге дайындық не- месе оқталғандық үшін жауаптылық, ұрлыққа оқталғандық, т. б. әрекеттер.
Үйымдастырушы, айдап салушы жэне көмектесуші бірлесіп
қылмыстық құқық бұзушылық
істеуге, әдетте, қылмыстық құкык бұзушылық істелгенге дейін катысады жэне бұлардың әрекеті
орындаушының қылмыстық кұқык бұзушылықты ойдағыдай аяқтауына барлық қажетті жағдайларды
туғызуга арналады. Сондықтан да қылмыстық құқық бұзушылыққа осы қатысушылардың -
ұйымдастырушы, айдагі салушы жэне көмектесушінің қылмыстық кұқык бұзушылық істеуден өз
еркімен бас тартуы орындаушының алдын ала келісілген қылмыстық құқык бұзушылықты істеуіне
дейін орын алуы шарт. Мұндай ретте олар белсенді әрекеттер жасап,
орындаушыны қылмыстық
құқык бұзушылықты істеуден бас тартқызуға, қылмыстык құқык бұзушылықтың істе- луіне жасалган
барлық жағдайларды жоюға, келісілген қылмыстық құқық бұзушылық жөнінде дер кезінде өкімет
орнына, жэбірленушіге, басқа адамдарга хабарлауга және баска әрекеттермен
тойтаруга өздерінің
қолынан келетін барлық шараларды дер кезінде қолдануы қажет. Мұндай жағдайларда қылмыстық
кұқык бұзушылықты ұйымдастырушының, айдап салушының немесе кылмыска көмектесушінің
қылмыстық кұқык бұзушылықты істеуден өз еркімен бас тартулары - оларды қылмыстық кұқық
бұзушылық үшін жауаптылықтан босатады. Олардың бұл әрекеттерінен нәтиже шықпай, кылмыстық
кұқық бұзушылык токтатылмай қалган жағдайда - орындаушы, айдап са- лушы, көмектесуші болған,
орындалған нақты іс-әрекет үшін ғана жауаптылыкқа тар- тылады,
бірақ та олардың қылмыстық
құкык бұзушылықты сақтандыруға жасаған эрекеттері, сөз жоқ, жаза тағайындалғанда есепке
алынады.
Достарыңызбен бөлісу: