Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015



Pdf көрінісі
бет60/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

Бірінші шарт:
нақты қауіп кылмыстық заң корғайтын мүддеге тікелей төнеді. Бұл кылмыстық 
заңның өзінде тап осы адамның немесе басқа адамдардың өміріне, денсаулығына, құкығына және 
заңмен корғалатын мүдделеріне, қоғамның, мемлекеттің мүдделеріне тікелей төнген қауіпті жою 
үшін істелетін әрекет деп көрсетіліп отыр. Ол кауіп табиғи апаттардан, машиналар мен 
механизмдердің 
ақауынан, 
хайуанаттардың 
шабуылынан, 
адам 
организмінде 
болатын 
физиологиялық өзгерістерден, басқа да бір адамның тарапынан орын алған тікелей төнген қауіптен 
болуы мүмкін. 
Табигат апаттары (су тасқыны, жер сілкіну, көшкін жүру, өрт шығуы), машиналар мен 
механизмдердің акауы (әуе ұшағы қозғалткышының істен шығуы, жүріп келе жатқан автокөлік 
тежегішінің істемей қалуы), хайуанаттар шабуылы (сүзеген бұқадан қашып, адамның басқа үйдің 
шарбағын бұзып, ішке кіруі немесе сүзеген бұқаны мерт ету) адам организмінде болатын 
физиологиялық өзгерістер (ауруға, аштыққа ұшырауы, жарала- нуы) кауіп төндірудің көздері болып 
саналады. Мысалы, тұңғиык орман ішінде адасқан адамның аңшылар үйінде калған азық-түлікті өз 
пайдасына тұтынуы. Ауру адамды ауруханаға жеткізу үшін тіл алмаған адамның машинасын иесінен 
тартып алып, ауыр наукасты ауруханаға жеткізу. 


147 
Аса кажеттілік актісін қолдануға адамның қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасауы да негіз болады. 
Егер адам заң қорғайтын белгілі бір мүддені қорғауда қиянат жасаушыға зиян келтіру жолымен 
жүзеге асырса, бұл, сөз жоқ, кажетті корғану болады. Мұндай жағдайда аса кажеттілік жоқ. Себебі 
бұл жерде зиян тікелей киянат жасаушыға келтіріліп отыр. Егер тікелей төнген қауіпті тойтару үшін 
зиян үшінші бір жақка келтірілсе, онда ол аса (мэжбүрлі) қажеттілікке жатады. Мысалы, 
«Просвещенец» демалыс үйінің жүргізушісі Д. тынығушыларды демалыс үйінен Медеу мұз 
айдынына автобуспен апара жатып, шұғыл бұрылыстан өзіне карама-қарсы жолмен жол жүру 
ережесін орескел бұзып келе жатқан автокөлікті көріп, карсы келе жатқан машинамен соғысып 
калмау үшін, өзі жүргізіп келе жаткан автобусты жалма-жан сол жакка бұрып үлгереді. Нәтижесінде 
автобус аудары- лып, 3 жолаушы орта дәрежелі жаракат алған. Д. аса кажеттілік халінде әрекет 
жасау аркылы үлкен зиянның алдын алған, өйткені екі машина бетпе-бет келіп соғысса, орасан зор 
зиян орын алуы, адам шығыны болуы сөзсіз еді. Бұл жерде аз зиян келтіру арқылы, ірі зиянга жол 
берілмеді. Осы мысалда қауіп тудырудың көзі болып қарсы келе жатқан автокөлік жүргізушінің 
қоғамға қауіпті іс-әрекеті болып отыр. Заң бойынша тікелей төнген қауіпті жою осы мерзімде басқа 
бір заң қорғайтын мүддеге зиян келтіру арқылы жүзеге асырылады. Болашақта болжанатын қауіпті 
нәрселерге аса қажеттілікті қолдануга болмайды. Сол сиякты өтіп кеткен қауіпке де аса қажеттілікті 
қолдануға болмайды. 
Аса қажеттілікті қолданудың екінші шарты: заң қорғайтын мүддеге зиян келтіру арқылы гана 
жүзеге асырылады. Мүндай жағдайда ондай зиян, залал келтірмей оны гой- тару ешбір мүмкін емес. 
Заң қорғайтын басқа мүддеге зиян келтірмей-ақ қауіпті тойтаруға болатын жагдайлар аса 
қажеттілікке жатпайды. Мүндай жагдайларда мүддеге зиян кел- тіру кінэлі жагдайда зиян келтіру 
деп саналып, ол үшін қылмыстық қүкық бүзушылық үшін жауаптылық белгіленеді. 
Үшінші шарт:
Аса қажеттілік болу үшін келтірілген зиянның мөлшері тойтарылған зиянның 
мөлшерінен кем болуға тиіс. Келтірілген зиян тойтарылған зиянмен бірдей болса да, іс-әрекет аса 
қажеттілік жағдайында істеледі деуге болмайды. Ол туралы заңның өзінде «Қүқық қоргау 
мүдделеріне болдырмай тасталған зиянга тең немесе оған қараганда негүрлым елеулі зиян 
келтірілген жагдайда аса қажеттілік шегінен шығу деп танылады. Мүндай шектен шығушылык тек 
қасақана зиян келтірілген жағдайларда ғана жауаптылыққа экеп соғады», - делінген (34-бап). 
Сондықтан да өз өмірін сақтап қалу үшін баска біреудің өмірін қиып жіберу аса қажеттілікке 
жатпайды, оның шегінен шыгу болып табылады. Аса қажеттілікті қолданып, көп адамның өмірін 
сактап калушылық қылмыстык, күкық бүзушылық болып табылмайды. Мысалы, қатты жүріп келе 
жатқан поездың ен даладагы күзетілмейтін, өтуге рүксат етілмеген жолында көлденең тұрган ма- 
шинаны шұгыл тежеп, тоқтатпастан, ақырын тежеп келіп, согып, машинаны жэне оның жүргізушісін 
таптап өтуі, соның нәтижесінде поездағы азаматтардың өміріне зақым кел- меуі аса қажеттілік 
жагдайында жасалған деп саналады. Сол себепті поезд жүргізушінің іс-әрекетінде қылмыстық қүқық 
бүзушылық құрамы болмайды. 
Келтірілген зиянның сақтап қалынған зияннан азырақ екендігі нақгы жағдайларга байланысты 
шешіледі. Бүл жерде тікелей төнген қауіп қандай мүддеге багытталады, ол мүдденің маңыздылығы, 
қауіп төнген жағдай, тойтарылған зиянның мөлшері т.б. мәселелер еске алынады. Кейбір 
жағдайларда зиянды тойтарған адам, өзінің келтірген зи- янын сақтап қалынган зияннан азырақ деп 
ойлайды, ал іс жүзінде оның іс-әрекеті қоғамға қауіпті болады да, мұндай жағдайда аса қажеттілік 
актісі бүл жерде қолданылмайды. Бірак та мүндай жағдайда аса кажеттілік шегінен шығып кеткен 
адам шын қателесіп, өзінің тойтарылған зиян мен келтірілген зиянның ара катынасы жөніндегі 
қателіктерге ауыр жан күйзелісі үстінде немесе басқадай негізді себептермен кінэсіз түрде жол бер- 
се, онда ол қылмыстық қүқық бүзушылық үшін жауапкершілікке тартылмайды. Аса кажеттілікті 
қолдануда әр түрлі тәсілдер арқылы келтірілген зиян сақтап қалынған зиян- нан азырақ болуы негізгі 
шарт болып табылады. 
Абайсыздық пен аса қажеттілік шегінен шығушылық қылмыстық құқық бүзушылык болып 


148 
табылмайды. 
Аса қажеттілік те қажетті қоргану сияқты заңды жэне когамга пайдалы іс-әрекет бо- лып 
табылады. Бірақта бұл екі институттың өзара өзгешеліктері бар. Қажетті қоргануда қауіпті 
қиянаттың көзі болып әр уақытта да адамның когамға кауіпті іс-әрекеті бола- ды. Аса қажеттілік 
жагдайын колдану адамдардын гана іс-әрекетінен емес, сондай-ак табигат апаттарынан, міндеттер 
кайшылықтарынан да туындайды. Тіпті, қиянат жаса- ушыдан кашып қүтылуга, басқадай көмек 
сүрау мүмкіндігі бола түра қажетті қоргануды 


149 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет